Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар, интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар, сондай-ақ қылмыстық-атқару нспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қазандағы N 410 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 31 қазанда N 2710 тіркелді. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 01 сәуірдегі N 153 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 01.04.2013 N 153 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін, сондай-ақ қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Б. Сейтқановқа жүктелсін.
      3. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

Үржар ауданының әкімі

Б. Жанақов

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады