2012 жылға арналған Үржар ауданы тұрғындарының нысаналы топтарын анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қазандағы N 409 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 31 қазанда N 2711 тіркелді. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы N 36 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2013.01.31 N 36 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13)14) тармақшаларын, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабын, 7 бабының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, еңбек нарығындағы жағдайға сәйкес жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және жұмыспен қамтудың қосымша мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылға арналған Үржар ауданы тұрғындарының келесі нысаналы топтары анықталсын:
      табысы аз адамдар;
      жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      мүгедектер;
      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      оралмандар;
      жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      жұмыс беруші заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
      интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері;
      мектептерді, кәсіби оқу орындарын бітірген түлектер;
      «Үржар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;
      басымды мамандықтар (кәсіптер) бойынша кәсіптік оқуды аяқтаған жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушылары;
      отбасында бірде-бір жұмыс істеушісі жоқ адамдар;
      ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін тұлғалар;
      50 жастан асқан әйелдер;
      жазғы демалыста жүрген студенттер;
      адамдардың иммун тапшылығы вирусын жұқтырғандар, есірткіге тәуелді тұлғалар.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Б. Сейтқановқа жүктелсін.
      3. Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Үржар ауданының әкімі                   Б. Жанақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады