Үржар ауылындағы көшелердің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы N 5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 21 ақпанда N 5-18-142 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабы 2 тармағына сәйкес және ауыл тұрғындардың пікірін ескере отырып, Үржар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Үржар ауылының Алексеев көшесі – Рауия Әбутәуіпұлы Белеухановтың батыр атындағы көше, Үржар ауылының Энгельс көшесі - Ағайынды Омарбековтар көшесі деп атаулары өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы О. Смагуловаға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Үржар ауылдық округі әкімі                 С. Шарықбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады