Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімінің 27.01.2014 N 02 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторының 2012 жылдың 04 мамырдағы № 424 ұсынысы негізінде Қаратал ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Қаратал ауылдық округінің Бұғыбай, Қаратал ауылдарының мүйізді ұсақ малдарының арасында бруцеллез індетінің шығуына байланысты, қолданыстағы Қазақстан Республикасының саласындағы ветеринария заңнамаға сәйкес ветеринариялық режимінің іс-шараларын енгізе отырып шектеу қойылсын.
2. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы К. Жүніспековке көрсетілген іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Қаратал ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық мал дәрігері Б. Кәрібжанов сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаратал ауылдық округінің әкімі Б. Қасенов
Келісілді:
Қазақстан Республикасы ауыл
шаруашылық Министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Үржар
аудандық аумақтық инспекциясының
мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық
инспекторы К. Жүніспеков
28 мамыр 2012 жыл