Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шемонаиха аудандық мәслихатының 2013.01.14 N 14 хаты).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 18–бабы 8-тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына сәйкес, Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шемонаиха ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына мынадай әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:
жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Н. Серохвостова
Шемонаиха аудандық
мәслихатының хатшысы Ә. Баяндинов