Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 30.01.2015 N 25/2-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1626 қаулысына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережесін бекіту туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 28/5-IV шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-19-119 тіркелген, "ЛЗ Сегодня" газетінде 2010 жылғы 28 мамырдағы № 23 санында жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережесінде:
7–тармағындағы төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;";
"Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың (отбасылардың) жиынтық табысын есептеу" 5–бөлімі алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы |
Н. Серохвостова |
Шемонаиха аудандық |
|
мәслихатының хатшысы |
Ә. Баяндинов |