Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Шақыру жасындағы азаматтарды 2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 56 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 218 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 11 желтоқсанда № 3113 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 321 қаулысымен

      Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 09.12.2014 № 321 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып және кейбір кадрлық өзгерістерге байланысты облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Шақыру жасындағы азаматтарды 2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 56 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3079 тіркелген, 2012 жылғы 15 мамырдағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде № 56, № 52-53 жарияланған) 1-қосымшасына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
      1) облыстық әскерге шақыру комиссиясының құрамына, комиссия мүшелеріне мыналар енгізілсін:
      Сәрсенғалиев Мұратбек Жұмагелдіұлы – Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары - келісім шарт бойынша әскери қызметшілерді жинау және шақыру басқармасының бастығы (келісім бойынша);
      Құрмашев Амангелді Мақсотұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті бастығының кадрлар жөніндегі орынбасары (келісім бойынша);
      көрсетілген комиссия құрамынан, комиссия мүшелерінен Қангелдиев Қалеш Сайынұлы, Мыңбаева Айгүл Әділгерейқызы шығарылсын;
      2) облыстық әскерге шақыру комиссиясының резервтік құрамына, комиссия мүшелеріне мыналар енгізілсін:
      Қангелдиев Қалеш Сайынұлы – Батыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті келісім шарт бойынша әскери қызметшілерді жинау және шақыру басқармасының шақыру бөлімінің бастығы (келісім бойынша);
      Санқаев Сағадат Қайратұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті кадрлар бөлімінің инспекторы (келісім бойынша);
      көрсетілген комиссия құрамынан, комиссия мүшелерінен Сәрсенғалиев Мұратбек Жұмагелдіұлы, Иманбаев Ержан Мақсотұлы шығарылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С. К. Сүлейменге жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Облыс әкiмi                            Н. Ноғаев

      КЕЛIСIЛДІ:

      Батыс Қазақстан облысы
      қорғаныс iстерi жөнiндегi
      департаментiнiң бастығы
      _____________А. Жакьяев
      20.11.2012 ж.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік
      комитетінің Батыс
      Қазақстан облысы бойынша
      департаментінің бастығы
      _____________Н. Жігітеков
      20.11.2012 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады