Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 27.12.2013 № 16-3 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа алып, Ақжайық аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақжайық аудандық мәслихатының "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2010 жылғы 26 ақпандағы № 19-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-2-87 тіркелген, 2010 жылғы 25 наурыздағы аудандық "Жайық таңы" газетінде № 13 жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы М. Мұхтар
Мәслихат хатшысы Д. Жақсыбаев