Жәнібек ауданы бойынша 2012 жылға жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 58 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 сәуірде № 7-6-136 тіркелді. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 283 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 28.12.2012 № 283 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын басшылыққа алып, жұмыспен қамту шараларын жүзеге асыру мақсатында Жәнібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жастар практикасы техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектерi арасынан тiркелген жұмыссыздарға ұйымдастырылсын.
      2. алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2012.05.18 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Жастар практикасын өткiзудi қаржыландыру шаралары бюджет қаржысы есебiнен жүзеге асырсын.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. С. Қарашинге жүктелсін.

      Аудан әкімі                      Б. Есенғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады