Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 28.12.2012 № 283 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жәнібек ауданы бойынша 2012 жылға халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылсын.
2. алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2012.05.18 № 109 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. С. Қарашинге жүктелсін.
Аудан әкімі Б. Есенғалиев