Жәнібек ауданы бойынша жекелеген санаттағы азаматтар үшiн жүмыс орнының квотасын белгiлеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 78 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 24 мамырда № 7-6-142 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі № 118 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 05.07.2013 № 118 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту  туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс берушілерге қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бiр пайыз мөлшерiнде квота белгiленсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Р. С. Қарашинге жүктелсiн.

      Аудан әкімі                      Б. Есенғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады