Зеленов ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 3-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 16 мамырда № 7-7-143 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 20-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 26.12.2013 № 20-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарының негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Зеленов ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) Жеңіс Күніне:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, біржолғы - 50 000 теңге;
      "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға, біржолғы - 10 000 теңге;
      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, біржолғы - 10 000 теңге;
      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлеріне, біржолғы - 10 000 теңге;
      қайтыс болған соғыс мүгедектеріңің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың қайта некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне), біржолғы - 5 000 теңге;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталған адамдарға, біржолғы - 5 000 теңге;
      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталмаған адамдарға, біржолғы - 3 000 теңге;
      бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына, біржолғы - 10 000 теңге;
      Ауғанстанда ұрыс қимылдарға қатысқан әскери қызметшілерге, біржолғы - 10 000 теңге;
      бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге, біржолғы - 10 000 теңге;
      Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың, ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына, біржолғы - 10 000 теңге;
      1986-1987 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, біржолғы - 10 000 теңге;
      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға, біржолғы - 10 000 теңге;
      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына, біржолғы - 10 000 теңге;
      1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың, қоныс аудару күнiнде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшiру аймағынан қоныс аударылғандардың (өз еркiмен кеткендердiң) және Қазақстан Республикасына қоныстанғандардың қатарындағы адамдар, біржолғы - 3 000 теңге.
      2) Аз қамтылған азаматтарға, зейнетақысы төменгі мөлшердегі жалғызбасты мүгедектер мен зейнеткерлерге емделуге аудан шегінен тыс шыққан жағдайда дәрігердің жолдамасы бойынша, біржолғы 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      3) Амбулаторлық емделудегі гемодиализ аппаратына мұқтаж 1 топтағы мүгедектерге, туберкулез және онкология сырқаттарына, біржолғы 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      4) Өрттен, су тасқынынан, басқа да табиғи немесе техногендік сипаттағы апаттық жағдайлардан зардап шеккен азаматтарға, біржолғы 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      2. Қосымшаға сәйкес аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  Б. Асанов
      Аудандық мәслихат хатшысы        Р. Исмағұлов

Зеленов аудандық мәслихатының
2012 жылғы 19 сәуірдегі
№ 3-3 шешіміне қосымша

Зеленов аудандық мәслихатының
күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі

      1. Зеленов аудандық мәслихатының 2008 жылғы 3 қыркүйектегі № 8-4 "Зеленов ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7-7-72, 2008 жылғы 18 қазандағы "Ауыл тынысы" газетінің № 42 жарияланған).
      2. Зеленов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 5 наурыздағы № 11-6 "Зеленов аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 3 қыркүйектегі № 8-4 "Зеленов ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7-7-87, 2009 жылғы 24 сәуірдегі "Ауыл тынысы" газетінің  №18 жарияланған).
      3. Зеленов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы № 21-3 "Зеленов аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 3 қыркүйектегі № 8-4 "Зеленов ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7-7-105, 2010 жылғы 10 сәуірдегі "Ауыл тынысы" газетінің № 15 жарияланған).
      4. Зеленов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 қыркүйектегі  №26-5 "Зеленов аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 3 қыркүйектегі № 8-4 "Зеленов ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7-7-117, 2010 жылғы 30 қазандағы "Ауыл тынысы" газетінің № 44 жарияланған).
      5. Зеленов аудандық мәслихатының 2011 жылғы 18 шілдедегі № 35-2 "Зеленов аудандық мәслихатының 2008 жылғы 3 қыркүйектегі № 8-4 "Зеленов ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7-7-129, 2011 жылғы 24 қыркүйектегі "Ауыл тынысы" газетінің № 38 жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады