Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 2012.04.19 N 3-3 Шешімімен
Қазақстан Республикасы "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20 бабын, Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексінің 53 бабы 1 тармағының 4 тармақшасын, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15 тармақшасын басшылыққа алып және Зеленов ауданы әкімінің 2008 жылғы 22 тамыздағы N 681 хаты негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Зеленов ауданы мұқтаж азаматтарының келесі санаттарына ай сайын берілетін әлеуметтік көмек мөлшері белгіленсін:
1) азық-түлік тауарларының қымбаттауына байланысты 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде күн көріс деңгейінен төмен тұратын және атаулы әлеуметтік көмек алушысы болып табылатын азаматтарға;
2) жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлерге 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өткізу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) Чернобыль АЭС-сындағы апаттық, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға, сондай-ақ ата-анасының бiрiнің радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) қоршау кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмілетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің отбасыларына 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
8) бейбiт уақытта әскери қызметiн өткізу кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердің отбасыларына 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
9) әскер қатарына соңғы шақырылған тұлғаларға 2,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
2. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін біржолғы әлеуметтік көмек Зеленов ауданы әкімдігінің азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі комиссияның (одан әрі - комиссия) шешімі негізінде төмендегі түрде беріледі:
1) шұғыл әлеуметтік қолдау төлемдері (емделу, тұрмыстық қажеттіліктер, отбасы мүшелерінің қайтыс болуы тағы басқа ауыр жағдайларда) комиссия белгілеген мөлшерде жылына бір реттен артық емес;
1-1) біржолғы төлем өрттен, су тасқынынан немесе басқа да табиғи және техногендік сипаттағы табиғи зілзаладан зардап шеккен азаматтарға тиісті аудандық комиссиясы белгілеген мөлшерінде;
2) жеке меншік тұрғын үйлерде тұратын, жан басына шаққанда орташа табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға), жұмыссыз, сондай-ақ айлық табысы жиырма айлық есептік көрсеткіштен артық емес жалғыз тұратын және ерлі зайыпты зейнеткерлер, мүгедектер үшін, 2 және одан артық мүгедек тұратын отбасыларына қатты отын сатып алуға және тұрғын үйді газдандыру үшін жылына бір рет комиссия белгілеген мөлшеріндегі төлемдер;
3) азаматтардың жекелеген санаттарына мереке күндеріне берілетін (9 мамыр, 1 маусым) комиссия белгілеген мөлшеріндегі төлемдер:
Тоғызыншы мамыр – Жеңіс күніне біржолғы төлемдер – Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың жесірлеріне, қоршаудағы Ленинград тұрғындарына, әскер қатарына соңғы шақырылған тұлғаларға, тыл еңбекерлеріне, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерінің жалпы ауру түрлерінен мүгедек болып танылған жұбайларына, әскери парызын, сондай-ақ Ауғанстанда әскери қызметті өтеу барысында бірінші, екінші топ мүгедектері болған әскери қызметшілерге, Чернобыль атом электр станциясы апаты салдарынан бірінші және екінші топтағы мүгедек болған жандарға беріледі;
балаларды Қорғау күніне – екі және одан артық мүгедек балалары бар отбасыларына.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихаттың 2011.07.18 N 35-2 Шешімімен.3. Жекелеген азаматтар санаттарына ай сайын берілетін әлеуметтік көмекті және осы шешімнің 2 тармағы 1-1) тармақшасын қоспағанда, барлық әлеуметтік көмек түрлерінің ең жоғары көлемі жылына 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспауы тиіс.
Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихаттың 2011.07.18 N 35-2 Шешімімен.4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Дравица |
Аудандық мәслихат хатшысы | В. Шохина |