Зеленов аудандық мәслихатының 2008 жылғы 3 қыркүйектегі N 8-4 "Зеленов ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 18 шілдедегі N 35-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 25 шілдеде N 7-7-129 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 сәуірдегі N 3-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 2012.04.19 N 3-3 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Зеленов ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" Зеленов аудандық мәслихатының 2008 жылғы 3 қыркүйектегі N 8-4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-7-72 болып тіркелген, 2008 жылғы 18 қазандағы "Ауыл тынысы" газетінің N 42 жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      2 тармақ:
      келесі мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) біржолғы төлем өрттен, су тасқынынан немесе басқа да табиғи және техногендік сипаттағы табиғи зілзаладан зардап шеккен азаматтарға тиісті аудандық комиссиясы белгілеген мөлшерінде;";
      3 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
      "3. Жекелеген азаматтар санаттарына ай сайын берілетін әлеуметтік көмекті және осы шешімнің 2 тармағы 1-1) тармақшасын қоспағанда, барлық әлеуметтік көмек түрлерінің ең жоғары көлемі жылына 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспауы тиіс.".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  Б. Асанов
      Аудандық мәслихат хатшысы        В. Шохина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады