Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 12 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 20 шілдеде № 7-10-118 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округі әкімінің 2012.11.16 № 13 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 6 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округінің аумағында ұсақ мүйізді малдарының арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгіленсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан бас маман-малдәрігері А. Жексембаевқа жүктелсін.

      Ауыл әкімі                       С. Нурпейсов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы Министрлігі
      ветеринариялық бақылау
      және қадағалау комитеті
      Сырым аудандық аумақтық
      инспекциясының бастығы
      _____________Б. Бисенғали
      16.06.2012 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады