Тасқала аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 наурыздағы № 32-2 "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 15 наурыздағы № 2-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 сәуірде № 7-11-159 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 14 қарашадағы № 16-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 14.11.2013 № 16-6 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2011 жылғы 30 наурыздағы № 32-2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-11-140 болып тіркелген, 2011 жылғы 6 мамырдағы "Екпін" газетінің № 18-19 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1 тармақта:
      2) тармақшадағы:
      "15 000" деген сан "10 000" деген санмен ауыстырылсын;
      4) тармақшадағы:
      "15 000" деген сан "10 000" деген санмен ауыстырылсын;
      5) тармақшадағы:
      "3 000" деген сан "5 000" деген санмен ауыстырылсын;
      8) тармақшадағы:
      "Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған тұлғаларға," деген сөздерден кейін "1988-1989 жылдарда Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушыларға" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) тармақшадағы:
      "15 000" деген сан "5 000" деген санмен ауыстырылсын;
      мына мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "9-1) бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған), әскери қызметшілердің отбасыларына, Жеңіс күніне орай, бір жолғы – 10 000 теңге;".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  С. Рахимов
      Аудандық мәслихат хатшысы        С. Рахимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады