Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 08.01.2013 № 4 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңына сәйкес, Тасқала ауданындағы ведомствоаралық комиссия жиналысының 2012 жылғы 21 наурыздағы № 1 хаттамасы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiндегi аудан аумағында 2012 жылғы егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Тасқала ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Серғалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Мусин
Ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 27 сәуірдегі
№ 69 каулысына қосымша
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi
сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы
өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық
аймақтар бөлiгiндегi аудан аумағында 2012 жылғы
егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының
оңтайлы мерзiмдерi
№ |
Өсімдік шаруашылығы |
Оңтайлы мерзімдері |
|
басталуы |
аяқталуы |
||
құрғақ дала аймағы |
|||
1 |
Жаздық бидай |
1 мамыр |
10 маусым |
2 |
Арпа |
1 мамыр |
10 маусым |
3 |
Тары |
10 мамыр |
10 маусым |
4 |
Күнбағыс |
10 мамыр |
10 маусым |
5 |
Күздік бидай |
10 тамыз |
10 қыркүйек |