Тасқала ауданының елді мекендерінің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық ставкаларын 50 пайызға жоғарылату туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 18 мамырдағы № 4-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 1 маусымдағы № 7-11-165 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 ақпандағы № 21-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 12.02.2018 № 12-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, жерлерді өңірлерге бөлу жобасы (схемасы) негізінде аудандық маслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 381 бабымен белгіленген Тасқала ауданының елді мекендерінің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын.

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Сарсенбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы С. Рахимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады