Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 22.04.2013 № 93 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келесі жекелеген санаттағы азаматтар үшін мемлекеттік мекемелерде және мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін бір процент мөлшерінде;
интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін бір процент мөлшерінде.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Сабировқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Утегулов