"Техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 312 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 17 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 25 ақпанда № 8341 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 143 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 23.12.2019 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 312 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5963 тіркелген, 2010 жылғы 19 наурыздағы № 12 (482) "Ресми газетте", 2010 жылғы Қазақстан Республикасы орталық орындаушы және басқа мемлекеттік органдары актілерінің № 8 жинағында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеу ережелерінде:

      6-тармақтың үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеу бойынша берілген құжаттарды қарастыру жұмыстары осы Ережелердің 5-тармағына сәйкес құжаттар жиыны және келісімшарт бойынша төлем түскен мерзімнен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі. Жұмыстар құны "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес анықталады.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрілігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А. Сәтбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпараттық құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрінің орынбасары -


Қазақстан Республикасы


Индустрия және жаңа


технологиялар министрі

Ә. Исекешев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады