Техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі 2009 жылғы 12 қарашадағы N 312 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5963 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 143 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 23.12.2019 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 5-бабы 2-тармағы 16) тармақшасын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеудің ережелері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті:

      1) белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

      2) мемлекеттік тіркеуден кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Төрағасы Ғ.М. Мұхамбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр

Ә. Исекешев


  Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда
министрінің
2009 жылғы 12 қарашадағы
N 312 бұйрығымен
бекітілген

Техникалық құралдардың өлшем құралдарына
тиістілігін белгілеу ережелері

      Осы Техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеу ережелері "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленген және техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеу тәртібін (бұдан әрі - Ережелер) анықтайды және техникалық құралдардың өндірушілері, жеткізушілері және пайдаланушылары болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

1. Техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін
белгілеудің жалпы тәртібі

      1. Техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеуді техникалық құралдарды өндірістен шығару кезінде, әкелу және өткізу кезінде және пайдалану алдында техникалық құралдарды әкелу, сатып алу, қолдану бойынша шешімдерді қабылдайтын өндірушілер, жеткізушілер, пайдаланушылар болып табылатын жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      2. Техникалық құралдардың өлшем құралдарына жатқызу белгілері:

      өлшемдердің нормаланған дәлдікпен орындалуы;

      метрологиялық және техникалық сипаттамаларының болуы болып табылады.

      Қайта әкелінетін немесе бұрын өндірілетін техникалық құралдары үшін өлшем құралдарына жатқызу белгілері олардың мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізілімінде (бұдан әрі - МӨЖ тізілімі) немесе салыстырып тексеруге жататын өлшем құралдарының тізбесін және салыстырып тексеру мерзімділігін белгілейтін номенклатуралық тізбесінде болуы болып табылады.

      3. Техникалық құралдарды өлшем құралдарына жатқызу бойынша шешімді қабылдауға арналған дерек көздер:

      техникалық құралдарды өндірушіден түсетін ақпарат;

      нормативтік құжаттама;

      техникалық (пайдалану) құжаттамасы;

      пайдаланудың мақсаты;

      МӨЖ тізілімінің деректері болып табылады.

      4. Техникалық құралдардың күрделілігіне байланысты техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеуде қиындық туындағанда, осы процедураны пайдаланушының өтінімі бойынша 2-тарауда белгіленген тәртіпке сәйкес Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (бұдан әрі - МҒМО) жүзеге асырады.

2. МҒМО қатысуымен техникалық құралдардың өлшем құралдарына
тиістілігін белгілеудің тәртібі

      5. Техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеуге мүдделі жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу және метрология бойынша уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) мекен-жайына сұраныс-хат және техникалық құралды сүйемелдейтін және мынадай ақпараттарды қамтитын құжаттар жиынын жолдайды:

      техникалық құрылғының мақсаты;

      техникалық құрылғының іс-әрекетінің қағидаты;

      техникалық құрылғының құрамы;

      техникалық құрылғының толық техникалық және метрологиялық сипаттамалары.

      Шет елдік өндірушінің барлық құжаттары мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріне аудармасымен беріледі.

      6. Уәкілетті орган сұраныс-хат және құжаттар жиынын МҒМО қарауына 5 (бес) жұмыс күні ішінде береді.

      МҒМО ұсынылған құжаттаманы техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеу мақсатында қарайды.

      "Техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеу бойынша берілген құжаттарды қарастыру жұмыстары осы Ережелердің 5-тармағына сәйкес құжаттар жиыны және келісімшарт бойынша төлем түскен мерзімнен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі. Жұмыстар құны "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес анықталады.

      МҒМО келісімшартты уәкілетті органнан сұраныс-хат және құжаттар жиыны түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жасайды.

      Техникалық құралдарды өлшем құралдарына жатқызу белгілері осы Ережелердің 2-тармағында белгіленген белгілер болып табылады.

      Ұсынылған материалдарды қарау нәтижелері бойынша келесі ақпаратты қамтитын қорытынды ресімделеді:

      сұраныс берген өтінім беруші ұйымның (филиалдың) атауы;

      техникалық құралдың атауы;

      қарау үшін материалдарды алған күні (МҒМО тіркелу күні бойынша);

      ұсынылған құжаттардың тізімі;

      шешім;

      материалдарды қараудың соңғы күні;

      сараптаманы жүргізген тұлғаның қолы, бөлімше басшысының қолы.

      Қорытынды МҒМО техникалық кеңесінде қаралады, оның шешімі ұсынылған құжаттамалармен бірге түпкі шешімді қабылдау үшін техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның Метрология жөніндегі ғылыми-техникалық комиссиясының (бұдан әрі - ҒТК) қарауына ұсынылады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 28.01.2013 № 17 бұйрығымен (бірінші ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. МҒМО, ҒТК шешімінің негізінде, өтінім берушіге тиісті шешіммен хат жібереді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады