"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2013 жылғы 13 ақпандағы № 76 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 наурызда № 8367 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2017 № 666 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 88-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7306 тіркелген, "Заң газеті" 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 190 (2180) жарияланған) өзгерістер енгізілсін:

      Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және бейімделген емдік өнімдердің тізбесінде:

      1-бөлімде:

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

21

Қант диабеті

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Инсулинге тәуелсіз қант диабеті ауырлығының барлық сатысы мен дәрежесі

Глибенкламид, таблетка, оның ішінде микронизирленген;

Гликлазид, таблетка, түрі өзгерген оның ішінде модификациялық босаумен;

Глимепирид, таблетка;

Метформин, таблетка, оның ішінде ұзақ әсерлі;

Репаглинид, таблетка;

Пиоглитазон, таблетка;

Акарбоза, таблетка;

Метформин/глибенкламид, таблетка;

Глюкагон, ерітінділер дайындауға арналған дәрі жіберу үшін лиофелизат;

микроальбуминурияны анықтау үшін тест-жолақтар, туба;

Инсулинге тәуелді қант диабеті ауырлығының барлық сатысы мен дәрежесі

Таңбаларымен бір реттік инсулиндік шприцтер


      ";

      2-бөлімде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Қант диабеті

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Инсулинге тәуелді қант диабеті ауырлығының барлық сатысы мен дәрежесі

Инсулин аспарт, картридждердегі ерітінді;

Екі фазалы инсулин аспарт, орта әсерлі құрамдас (қысқа және орта ұзақтықтағы әсерлі инсулин аналогтарының қоспасы), картридждердегі суспензия;

Инсулин гларгин, картридждердегі ерітінді;

Инсулин глулизин, картридждердегі ерітінді;

Гендік-инженерлік екі фазалы адам инсулині, сауыттардағы суспензия;

Гендік-инженерлік екі фазалы адам инсулині, картридждердегі суспензия;

Инсулин детемир, картридждердегі ерітінді;

Тәуліктік (орташа) әсері бар гендік-инженерлік адам инсулин изофан, сауыттардағы суспензия;

Тәуліктік (орташа) әсері бар гендік-инженерлік адам инсулин изофан, картридждердегі суспензия;

Инсулин лизпро, картридждердегі ерітінді;

Орташа ұзақтықтағы инсулинімен екі фазалы инсулин лизпро (қысқа және орташа ұзақтықтағы әсерімен инсулин ұқсастарының қоспасы), картридждердегі суспезия;

Гендік-инженерлік еритін адам инсулині, сауыттардағы ерітінді;

Гендік-инженерлік еритін адам инсулині, картридждердегі ерітінді;

шприц-қаламға инелер;

кетондық денелер үшін

тест-жолақтар;

Қандағы глюкозаны анықтау үшін тест жолақтар; Микроальбуминурияны анықтау үшін тест жолақтар;


      ";

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Д.С. Есімов) осы бұйрықтың:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау министрінің


міндетін атқарушы

Е. Байжүнісов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады