"Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 27 ақпандағы № 69-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылы 26 наурызда № 8391 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 864 қаулысымен бекітілген Өз қызметiн концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн қалыптастыру ережесінің 23-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2154 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., № 14, 829-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтерді реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөнiндегi нұсқаулықта:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөнiндегi нұсқаулық";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда ставкаларын (таза табысты) есептеу бойынша осы Нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау мақсатында әзiрлендi.";

      2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Нұсқаулық сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерiн көрсететiн табиғи монополия субъектiлерiнің, оның ішінде өз қызметiн концессия шарттары бойынша жүзеге асыратындар құрамына кiретiн және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілерінің және тарифтерді (бағаларды, ағымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеу және бекіту кезінде ескерілетін пайданың (таза табыстың) қол жетiмдi деңгейiн есептеуді нақтылайды.

      3. Нұсқаулық сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне (бұдан әрi - Субъект) қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсететiн табиғи монополия субъектiлерiнің тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн пайданы (таза табысты) негiздi есептеу және алу мүмкiндiгi мақсатында енгiзiледi.

      Бұл ретте инвестицияларды қаржыландыру көздері өзіндік және (немесе) заемдық қаражаттар - пайда (таза табыс) және амортизациялық аударымдар болып табылады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы Нұсқаулықта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) активтердiң iске қосылғандық коэффициентi табиғи монополия саласына жататын қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiру және ұсыну кезiнде Субъектiнiң негiзгi құралдарының iс жүзiнде пайдаланылуын (iске қосылуын) сипаттайтын, олардың технологиялық қуатынан пайыздық түрдегi көрсеткiш;

      2) капиталдың құны - табиғи монополия саласына қатысты қызметтi жүзеге асыруға байланысты инвестициялық тәуекелдi көрсететiн заемдық және өз қаражаттарына сыйақы ставкасын сипаттайтын шама;

      3) меншiк капиталы - Субъектiнiң қатысушылары немесе акционерлерiне тиесiлi, Субъектiнiң қатысушылары мен акционерлерiне белгiлi бiр табыс алуға құқық беретiн үлестердiң немесе акцияларды белгiлi бiр санынан тұратын, сондай-ақ жинақталған бөлiнбейтiн пайда мен резерв капиталын, қосымша төленген және қосымша төленбеген капиталды қамтитын капитал;

      4) пайданың (таза табыстың) ұйғарынды деңгейi - уәкiлеттi органның бекiтуiне жататын тұтынушыларға сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) тиiмдi жұмыс iстеуi мен сапасын жақсарту үшiн алу құқығы берiлген, тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) құрамына кiретiн пайда (салық салынғаннан кейiнгi таза табыс);

      5) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi – орташа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi кезеңге бекiтiлетiн, табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметiне (тауарына, жұмысына) арналған тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) ең жоғары шамасы;

      6) iске қосылған активтердiң реттелетiн базасы - Субъектiнiң меншiгiнде орналасқан және Субъектiнiң немесе пайда алуға құқығы бар қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiру және ұсыну кезiнде пайдаланылатын активтердiң реттелетiн құны;

      7) энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерi - табиғи монополия саласына жатқызылған қызметтiң мынадай түрлерiн:

      тауарлық газды сақтауды, жалғастырушы, магистральдық газ құбыржолдары және (немесе) газ тарату жүйелерi арқылы тасымалдауды, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалануды, сондай-ақ шикi газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдауды;

      электр энергиясын беруді және (немесе) таратуды;

      топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау;

      электр энергиясын желiге босатуды техникалық диспетчерлендіруді және тұтынуды;

      электр энергиясын өндiрудiң-тұтынудың теңгерiмдеуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілері.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін пайда ставкасы 30% дейін мөлшерінде қабылданады.

      Қаржыландыру көздерін инвестициялар көлемдерінен асырған кезде, пайда инвестицияларды қаржыландыру көздері ретінде амортизациялық аударымдар мен қарыз қаражаттарды ескере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға қажет деңгейге дейін төмендету жағына түзетілетін болады.

      Егер сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтеріне тарифтердің жоспарлы деңгейі 1 м3-қа 200 теңгеден асатын болса қосымша құн салығынсыз пайда ставкасы тарифті немесе оның шекті деңгейін бекітуге берген өтінімді беру күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының деңгейінде қабылданады.".

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Құбыржолдары және су кәрiзi жүйелерi саласындағы реттеу департаментi (А.Г. Асқарова):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеудi;

      2) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ә. Алпысбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға

М. Оспанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады