Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 166 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 26 сәуірде № 8437 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-172/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.10.2020 № ҚР ДСМ-172/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.06.2014 № 350 бұйрығымен ("Жол жүрісі туралы" ҚР Заңы қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 73) тармақшасына және "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.06.2014 № 350 бұйрығымен ("Жол жүрісі туралы" ҚР Заңы қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      1. Қоса беріліп отырған Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.06.2014 № 350 бұйрығымен ("Жол жүрісі туралы" ҚР Заңы қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің

      Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы

      бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік

      тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр С. Қайырбекова

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрінің
2013 жылғы 20 наурыздағы
№ 166 бұйрығымен
бекітілген

Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тарау тақырыммен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.07.2019 № ҚР ДСМ-106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.06.2014 № 350 бұйрығымен ("Жол жүрісі туралы" ҚР Заңы қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 73) тармақшасына және "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу тәртібін айқындайды.

      3. "А", "В", "С", "D", "ВЕ", "СЕ", "DЕ" санаттағы, "А1, В1, С1, D1, С1Е и D1Е кіші санаттағы механикалық көлік құралдарын, сондай-ақ трамвайлар мен троллейбустарды басқару құқығын алуға үміткер адамдар (бұдан әрі – Үміткерлер) медициналық қарап тексеруден өтеді.

      4. Механикалық көлік құралдарын жүргізушілер қайта медициналық қарап тексерулерден өтеді.

      5. Үміткерлерді медициналық қарап-тексеру және механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді қайта медициналық қарап-тексеру кәсіптік жарамдылық сараптамасын жүргізу бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымдарында немесе жергілікті жерде тіркелген медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында (бұдан әрі - медициналық ұйымдар) жүргізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.07.2019 № ҚР ДСМ-106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Медициналық қарап тексерулер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейді.

      7. Қайта медициналық қара тексерулер мынадай адамдардың контингенті үшін жүргізіледі:

      1) жолаушыларды, қауіпті жүктерді тасымалдауды орындайтын механикалық көлік құралдарының жүргізушілері;

      2) механикалық көлік құралдарының алпыс бес жасқа толған жүргізушілері;

      3) мүгедек-жүргізушілер;

      4) механикалық көлік құралдарын масаң күйде басқарғаны үшін не осындай күйдегі адамның басқаруына механикалық көлік құралын бергені үшін не жүргізушінің масаң күйде екенін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден жалтарғаны үшін механикалық көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамдар.

      8. Жүргізушілердің қайта медициналық қарап тексеруден өту мерзімдері "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 5-тармағында көзделген.

2-тарау. Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап-тексеру, механикалық көлік құралдарының жүргізушісіне қайта медициналық қарап-тексеру жүргізу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.07.2019 № ҚР ДСМ-106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Үміткерлерді медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу үшін медициналық ұйымдарда медициналық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      10. Комиссияның құрамын медициналық ұйымның басшысы бекітеді. Комиссияның құрамына: терапевт, окулист, оториноларинголог, психиатр-нарколог дәрігерлер кіреді. Медициналық комиссия штатында қажетті мамандар болмаған жағдайда комиссияның құрамына басқа медициналық ұйымдардың басшыларымен келісім бойынша тиісті бейіндегі мамандар енгізіледі.

      Медициналық ұйым басшысының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Комиссия төрағасы болып тағайындалады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.07.2019 № ҚР ДСМ-106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Үміткерлерді медициналық қарап-тексеру және механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін қайта медициналық қарап-тексеру осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген мамандардың қарап-тексеруін қамтиды.";

      Терапевт медициналық қарап-тексеру кезінде "Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі" ақпараттық жүйесінде созылмалы ауруы бар екенін және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11304 болып тіркелген) "Психоневрологиялық ұйымдарынан анықтама беру" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес психатрда және наркологта деректер базасы бойынша немесе динамикалық бақылауда тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтама бойынша диспансерлік бақылауда тұрғаны/тұрмағаны туралы тексереді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.07.2019 № ҚР ДСМ-106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Аталған үміткерлерді медициналық қарап тексеру және механикалық көлік құралдары жүргізушілерін қайта медициналық қарап тексеру деректері "Денсаулық сақтау ұйымының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 025/е нысаны бойынша амбулаториялық пациенттің денсаулық жағдайы туралы деректері көрсетілетін медициналық картаға (бұдан әрі – амбулаториялық пациенттің денсаулық жағдайы туралы медициналық карта) енгізіледі.

      13. Үміткерлердің, сондай-ақ механикалық көлік құралдары жүргізушілерін қайта медициналық қарап тексеруден өткен адамдардың басқаруға жарамдылығы туралы қорытындыны әр маман өз бейіні бойынша жеке ұсынады.

      14. Үміткерлердің, сондай-ақ медициналық ұйымдарда өткен механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін қайта медициналық қарап-тексеруден өткен адамдардың медициналық қарап-тексеру нәтижелері "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 83/е нысанына (көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы медициналық анықтама) енгізіледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.07.2019 № ҚР ДСМ-106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Басқаруға жарамды деп танылған адамдарға Анықтама беріледі (немесе жоғалуы кезінде оның телқұжаты).

      Көзілдірік киетін басқаруға жарамды деп танылған адамдарға анықтамаға "Қорытынды" деген сөзден кейін: "Көзілдірік міндетті" деген белгі қойылады.

      16. Психиатр-наркологта есепте тұрған адамдарға басқаруға рұқсат беру туралы мәселені алғашқы психикалық денсаулық орталықтарында дәрігерлік-консультациялық комиссия қайта медициналық қарап-тексеру мерзімі бір жылдан кем емес деп міндетті түрде көрсете отырып шешеді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.07.2019 № ҚР ДСМ-106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Үміткерлерді, сондай-ақ механикалық көлік құралдары жүргізушілерін қайта медициналық қарап тексеруінен өткен адамдарды медициналық қарап тексеруден өткізу кезінде мамандандырылған медициналық ұйымдарда көрсетілімдері бойынша қосымша зерттеулер мен консультациялар жүргізіледі.

      18. Анықтама көлік құралдарын басқару құқығына куәлік алу сәтіне дейін бір жыл бойы жарамды.

3. Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамдарды
психологиялық тестілеуі бар психиатр дәрігердің медициналық
қарап тексеруі

      19. Психологиялық тестілеуі бар психиатр дәрігердің медициналық қарап тексеруі Кодекстің 123-бабының 2-тармағына сәйкес ерікті түрде жүргізіледі және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне енгізілген жоқ.

      20. Ақы төлеу психиатриялық ұйымдарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2299 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарындағы ақылы қызмет көрсету шарттары мен ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

      21. Психологиялық тестілеуі бар психиатр дәрігердің медициналық қарап тексеруді өткізуіне мынадай мамандар қатысады:

      1) психиатр дәрігер;

      2) медициналық психолог болмаса маман психолог;

      3) медициналық тіркеуші.

      22. Медициналық қарап тексеруден өту кезінде Үміткер ұсынатын қажетті құжаттар:

      1) Үміткердің жеке басын куәландыратын құжат;

      2) мекенжай анықтамасы;

      3) әскери билет (әскерге жарамсыз және есептен алынған адамдарды қоспағанда).

      23. Психологиялық тестілеуі бар психиатр дәрігердің медициналық қарап тексеруі:

      1) осы Ережелерге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша психиатр дәрігердің медициналық қарап тексеру журналына тиісті деректерді енгізе отырып медициналық тіркеушінің үміткерді сәйкестендіруін;

      2) психиатр дәрігерде динамикалық байқауда тұруы/тұрмауы туралы медициналық тіркеушінің деректер базасы бойынша тексеруін;

      3) психиатр дәрігердің сауалнамасын;

      4) қорытындысы осы анықтамада көрсетілетін психологтың психологиялық тестілеуін;

      5) психиатр дәрігердің қарап тексеру қорытындысын шығаруын қамтиды.

      24. Психиатр дәрігер психологиялық тестілеуі бар өз қорытындысын шығарады және оны өз қолымен және өз мөрімен куәландырады.

      25. Психиатр дәрігерден медициналық қарап тексеруден өту уақыты 20 минуттан аспайды.

      26. Психиатр дәрігер Үміткердің психикалық бұзушылығына күдіктенген кезде психиатриялық ұйымда медициналық қарап тексеруді қосымша тағайындайды. Үміткер тұрғылықты жері бойынша психиатриялық ұйымға жіберіледі, онда медициналық көрсетілімдері бойынша қажетті қосымша зерттеп-қараулардан өтеді және психиатр дәрігерлердің қорытындысын шығара отырып, құрамында кем дегенде үш психиатр дәрігері бар комиссия қорытынды шығарады.

      27. Үміткердің қосымша зерттеп-қарау деректері амбулаториялық пациенттің медициналық картасына енгізіледі.

      28. Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды психологиялық тестілей отырып, психиатр дәрігердің медициналық қарап тексеру қорытындысының негізінде не көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды психиатр дәрігерлердің комиссиясы қорытындысының негізінде жасалған түпкілікті қосымша зерттеп-қарау қорытындысы Анықтамаға енгізіледі.

  Көлік құралдарын басқару құқығын алуға
үміткер адамды медициналық қарап тексеруден,
механикалық көлік құралдары
жүргізушісін қайта медициналық
қарап тексеруден өткізу қағидаларына
1-қосымша

      Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы

      МЕДИЦИНАЛЫҚ АНЫҚТАМА №_______

      МЕДИЦИНСКАЯ СПРАВКА

      о допуске к управлению транспортным средством

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.07.2019 № ҚР ДСМ-106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Көлік құралдарын басқару құқығын алуға
үміткер адамды, механикалық көлік құралдары
жүргізушісін қайта медициналық
қарап тексеруден өткізу қағидаларына
2-қосымша

Психиатр дәрігердің медициналық қарап тексеру журналына тіркеу

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.07.2019 № ҚР ДСМ-106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады