"Көлік құралдарын басқару құқықтарын алуға үміткер адамдарға медициналық тексеріп-қараулар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 350 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 шілдеде № 9619 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-172/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.10.2020 № ҚР ДСМ-172/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 73) тармақшасына сәйкес және "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көлік құралдарын басқару құқықтарын алуға үміткер адамдарға медициналық тексеріп-қараулар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 166 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8437 тіркелген, 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 190 (2565) "Әділет газеті" газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 73) тармақшасына және "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден өткізу қағидасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау министрі

С. Қайырбекова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2014 жылғы 26 маусымдағы
№ 350 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2013 жылғы 20 наурыздағы
№ 166 бұйрығымен
бекітілген

Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды
медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары
жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу
қағидалары

      1. Осы Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 73) тармақшасына және "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу тәртібін айқындайды.

      3. "А", "В", "С", "D", "ВЕ", "СЕ", "DЕ" санаттағы, "А1, В1, С1, D1, С1Е и D1Е кіші санаттағы механикалық көлік құралдарын, сондай-ақ трамвайлар мен троллейбустарды басқару құқығын алуға үміткер адамдар (бұдан әрі – Үміткерлер) медициналық қарап тексеруден өтеді.

      4. Механикалық көлік құралдарын жүргізушілер қайта медициналық қарап тексерулерден өтеді.

      5. Үміткерлерді медициналық қарап тексеру және механикалық көлік құралдарын жүргізушілерге қайта медициналық қарап тексеру кәсіптік жарамдылық сараптамасын жүргізу бойынша медициналық қызметті жүргізуге лицензиясы бар медициналық денсаулық сақтау ұйымдарында (бұдан әрі – медициналық ұйымдар) өткізіледі.

      6. Медициналық қарап тексерулер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейді.

      7. Қайта медициналық қара тексерулер мынадай адамдардың контингенті үшін жүргізіледі:

      1) жолаушыларды, қауіпті жүктерді тасымалдауды орындайтын механикалық көлік құралдарының жүргізушілері;

      2) механикалық көлік құралдарының алпыс бес жасқа толған жүргізушілері;

      3) мүгедек-жүргізушілер;

      4) механикалық көлік құралдарын масаң күйде басқарғаны үшін не осындай күйдегі адамның басқаруына механикалық көлік құралын бергені үшін не жүргізушінің масаң күйде екенін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден жалтарғаны үшін механикалық көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамдар.

      8. Жүргізушілердің қайта медициналық қарап тексеруден өту мерзімдері "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 5-тармағында көзделген.

2. Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды
медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары
жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу тәртібі

      9. Үміткерлерді медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу үшін медициналық ұйымдарда медициналық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      10. Комиссия құрамын медициналық ұйымның басшысы бекітеді. Комиссияның құрамына: терапевт, невропатолог, окулист, оториноларинголог, медицина психологы бар психиатр (немесе психолог маман), нарколог дәрігерлер кіреді. Медициналық комиссия штатында қажетті мамандар болмаған жағдайда, комиссия құрамына басқа медициналық ұйымдардың басшыларымен келісім бойынша тиісті бейіндегі мамандар енгізіледі. Жұмысқа көрсетілімдері бойынша комиссияға басқа мамандықтағы дәрігерлер тартылуы мүмкін.

      Комиссия төрағасы болып медициналық ұйым басшысының емдеу ісі жөніндегі орынбасары тағайындалады.

      11. Үміткерлерді медициналық қарап тексеру және механикалық көлік құралдары жүргізушілерін қайта медициналық қарап тексеру осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген терапевтің, мамандардың қарап тексеруін және зертханалық-аспаптық зерттеулерді: қанының және несебінің жалпы талдауы, егер соңғы 6 айда болмаған кезде флюорографикалық зерттеулерді, психобелсенді заттарды қолдануына сұйық биологиялық орта зерттеулерін қамтиды.

      12. Аталған үміткерлерді медициналық қарап тексеру және механикалық көлік құралдары жүргізушілерін қайта медициналық қарап тексеру деректері "Денсаулық сақтау ұйымының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 025/е нысаны бойынша амбулаториялық пациенттің денсаулық жағдайы туралы деректері көрсетілетін медициналық картаға (бұдан әрі – амбулаториялық пациенттің денсаулық жағдайы туралы медициналық карта) енгізіледі.

      13. Үміткерлердің, сондай-ақ механикалық көлік құралдары жүргізушілерін қайта медициналық қарап тексеруден өткен адамдардың басқаруға жарамдылығы туралы қорытындыны әр маман өз бейіні бойынша жеке ұсынады.

      14. Медициналық ұйымдарда өткен Үміткерлердің, сондай-ақ механикалық көлік құралдары жүргізушілерін қайта медициналық қарап тексеруден өткен адамдардың медициналық қарап тексеру нәтижелері бұйрықпен бекітілген № 83/е нысанына (Мемлекеттік автоинспекцияға ұсыну үшін медициналық анықтама (бұдан әрі – Анықтама) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша енгізіледі.

      15. Басқаруға жарамды деп танылған адамдарға Анықтама беріледі (немесе жоғалуы кезінде оның телқұжаты).

      Көзілдірік киетін басқаруға жарамды деп танылған адамдарға анықтамаға "Қорытынды" деген сөзден кейін: "Көзілдірік міндетті" деген белгі қойылады.

      16. Зерттеулер нәтижесі бойынша ағзасында психобелсенді заттар өнімінің алмасуы бар және наркологта есепте тұрған (немесе тұрмаған) адамдарға басқаруға рұқсат беру туралы мәселені денсаулық сақтаудың мамандандырылған наркологиялық медициналық ұйымдарының дәрігерлік-консультациялық комиссиясы қайтадан медициналық қарап тексеру мерзімі бір жылдан кем емес деп міндетті түрде көрсете отырып шешеді.

      17. Үміткерлерді, сондай-ақ механикалық көлік құралдары жүргізушілерін қайта медициналық қарап тексеруінен өткен адамдарды медициналық қарап тексеруден өткізу кезінде мамандандырылған медициналық ұйымдарда көрсетілімдері бойынша қосымша зерттеулер мен консультациялар жүргізіледі.

      18. Анықтама көлік құралдарын басқару құқығына куәлік алу сәтіне дейін бір жыл бойы жарамды.

3. Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамдарды
психологиялық тестілеуі бар психиатр дәрігердің медициналық
қарап тексеруі

      19. Психологиялық тестілеуі бар психиатр дәрігердің медициналық қарап тексеруі Кодекстің 123-бабының 2-тармағына сәйкес ерікті түрде жүргізіледі және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне енгізілген жоқ.

      20. Ақы төлеу психиатриялық ұйымдарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2299 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарындағы ақылы қызмет көрсету шарттары мен ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

      21. Психологиялық тестілеуі бар психиатр дәрігердің медициналық қарап тексеруді өткізуіне мынадай мамандар қатысады:

      1) психиатр дәрігер;

      2) медициналық психолог болмаса маман психолог;

      3) медициналық тіркеуші.

      22. Медициналық қарап тексеруден өту кезінде Үміткер ұсынатын қажетті құжаттар:

      1) Үміткердің жеке басын куәландыратын құжат;

      2) мекенжай анықтамасы;

      3) әскери билет (әскерге жарамсыз және есептен алынған адамдарды қоспағанда).

      23. Психологиялық тестілеуі бар психиатр дәрігердің медициналық қарап тексеруі:

      1) осы Ережелерге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша психиатр дәрігердің медициналық қарап тексеру журналына тиісті деректерді енгізе отырып медициналық тіркеушінің үміткерді сәйкестендіруін;

      2) психиатр дәрігерде динамикалық байқауда тұруы/тұрмауы туралы медициналық тіркеушінің деректер базасы бойынша тексеруін;

      3) психиатр дәрігердің сауалнамасын;

      4) қорытындысы осы анықтамада көрсетілетін психологтың психологиялық тестілеуін;

      5) психиатр дәрігердің қарап тексеру қорытындысын шығаруын қамтиды.

      24. Психиатр дәрігер психологиялық тестілеуі бар өз қорытындысын шығарады және оны өз қолымен және өз мөрімен куәландырады.

      25. Психиатр дәрігерден медициналық қарап тексеруден өту уақыты 20 минуттан аспайды.

      26. Психиатр дәрігер Үміткердің психикалық бұзушылығына күдіктенген кезде психиатриялық ұйымда медициналық қарап тексеруді қосымша тағайындайды. Үміткер тұрғылықты жері бойынша психиатриялық ұйымға жіберіледі, онда медициналық көрсетілімдері бойынша қажетті қосымша зерттеп-қараулардан өтеді және психиатр дәрігерлердің қорытындысын шығара отырып, құрамында кем дегенде үш психиатр дәрігері бар комиссия қорытынды шығарады.

      27. Үміткердің қосымша зерттеп-қарау деректері амбулаториялық пациенттің медициналық картасына енгізіледі.

      28. Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды психологиялық тестілей отырып, психиатр дәрігердің медициналық қарап тексеру қорытындысының негізінде не көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды психиатр дәрігерлердің комиссиясы қорытындысының негізінде жасалған түпкілікті қосымша зерттеп-қарау қорытындысы Анықтамаға енгізіледі.

  Көлік құралдарын басқару құқығын алуға
үміткер адамды медициналық қарап тексеруден,
механикалық көлік құралдары
жүргізушісін қайта медициналық
қарап тексеруден өткізу қағидаларына
1-қосымша

А4 форматы

Формат А4


БСН бойынша ұйым коды _______

Код организации по БИН_______

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Министерство здравоохранения

Республики Казахстан

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің 20___ жылғы "____" _____________ № _____

бұйрығымен бекітілген № 083/е нысанды медициналық құжаттама

Ұйымның атауы

Наименование организации

Медицинская документация форма № 083/ у утверждена приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан "___" _________ 20___ года № _


      Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы

      МЕДИЦИНАЛЫҚ АНЫҚТАМА №_______

      МЕДИЦИНСКАЯ СПРАВКА

      о допуске к управлению транспортным средством

      Тегі (Фамилия)_______________________________________________________

      Аты (Имя)____________________________________________________________

      Әкесінің аты (Отчество)______________________________________________

      Туған күні (Дата рождения)___________________________________________

      Мекенжайы (Место жительства)_________________________________________

      Жұмыс орны (Место работы)____________________________________________

      Медициналық анықтаманың берілген күні________________________________

      (Дата выдачи медицинской справки)

      Мамандардан өткен медициналық қарап тексеру нәтижелері:

      (Результаты медицинского осмотра у специалистов)

      · Терапевт дәрігер (Врач-терапевт) ____________ _________________

      қолы (подпись) Т.А.Ә. (Ф.И.О.)

      Куәландыру мерзімі (Дата освидетельствования) 20___жылғы "___"_______

      Терапевт дәрігердің қорытындысы (Заключение врача-терапевта)

      _____________________________________________________________________

      Қарсы көрсетілімдер бар/жоқ

      (Противопоказания имеются/отсутствуют)

      Дәрігердің МО (М.П.врача)

      Невропатолог дәрігер (Врач-невропатолог) __________ _________________

      қолы (подпись) Т.А.Ә. (Ф.И.О.)

      Куәландыру мерзімі (Дата освидетельствования) 20___жылғы "___" ______

      Невропатолог дәрігердің қорытындысы (Заключение врача-невропатолога)

      _____________________________________________________________________

      Қарсы көрсетілімдер бар/жоқ

      (Противопоказания имеются/отсутствуют)

      Дәрігердің МО (М.П.врача)

      · Офтальмолог дәрігер (Врач-офтальмолог) _____________ ________________

      қолы (подпись) Т.А.Ә. (Ф.И.О.)

      Куәландыру мерзімі (Дата освидетельствования) 20___жылғы "___" ______

      Офтальмолог дәрігердің қорытындысы (Заключение врача-офтальмолога)

      _____________________________________________________________________

      Қарсы көрсетілімдер бар/жоқ

      (Противопоказания имеются/отсутствуют)

      Дәрігердің МО (М.П.врача)

      · Оториноларинголог дәрігер (Врач-оториноларинголог):_____ ______

      қолы (подпись) Т.А.Ә. (Ф.И.О.)

      Оториноларинголог дәрігері Куәландыру мерзімі

      (Дата освидетельствования) 20___жылғы "___" _____________

      Оториноларинголог дәрігердің қорытындысы

      (Заключение врача-оториноларинголога )

      _____________________________________________________________________

      Қарсы көрсетілімдер бар/жоқ

      (Противопоказания имеются/отсутствуют

      Дәрігердің МО (М.П.врача)

      · Хирург дәрігер (Врач-хирург) __________ _______________________

      қолы (подпись) Т.А.Ә. (Ф.И.О.)

      Куәландыру мерзімі (Дата освидетельствования) 20___жылғы "___" ______

      Хирург дәрігердің қорытындысы (Заключение врача-хирурга )

      _____________________________________________________________________

      Қарсы көрсетілімдер бар/жоқ

      (Противопоказания имеются/отсутствуют)

      Дәрігердің МО (М.П.врача)

      · Психиатр дәрігер (Врач-психиатр): _________ ___________________

      қолы (подпись) Т.А.Ә. (Ф.И.О.)

      Куәландыру мерзімі (Дата освидетельствования) 20___жылғы "___" ______

      Психиатр дәрігердің психологиялық тестлеумен қорытындысы_____________

      (Заключение врача-психиатра с психологическим тестированием)

      _____________________________________________________________________

      Дәрігердің МО (М.П.врача)

      · Нарколог дәрігер (Врач-нарколог):______________ _______________

      қолы (подпись) Т.А.Ә. (Ф.И.О.)

      Куәландыру мерзімі (Дата освидетельствования) 20___жылғы "___" ______

      · Психобелсенді заттардың болуына сұйық биологиялық ортаға талдау

      жүргізу мерзімі және қорытындысы (Результат и дата исследования

      жидких биологических сред на наличие психоактивных

      веществ)_____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Т.А.Ә., орындаушының қолы (Ф.И.О., подпись исполнителя) Нарколог

      дәрігердің қорытындысы (Заключение врача-нарколога) _________________

      _____________________________________________________________________

      Қарсы көрсетілімдер бар/жоқ (Противопоказания имеются/отсутствуют)

      Нарколог дәрігердің МО (М.П. врача-нарколога)

      ҰЙҒАРЫМ

      ЗАКЛЮЧЕНИЕ

      1. Троллейбустар мен трамвайларды басқаруға жарамды (жарамсыз).

      Годен (не годен) к управлению троллейбусами и трамваями.

      2. Автомобильдерді ең жоғары салмағын шектеусіз және автобустарды

      жолаушылар сыйымдылығын шектеусіз "А", "В", "С", "D", "ВЕ", "СЕ",

      "DЕ" санаттағы, "А1, В1, С1, D1, С1Е и D1Е кіші санаттағы, сондай-ақ

      трамвайлар мен троллейбустарды басқаруға жарамды (жарамсыз).

      Годен (не годен) к управлению автомобилями без ограничения

      максимального веса и автобусами без ограничения вместимости

      пассажиров "А", "В", "С", "D", "ВЕ", "СЕ", "DЕ", подкатегорий "А1,

      В1, С1, D1, С1Е и D1Е, а также трамваями и троллейбусами.

      3. "В" санаттары өз жеке автомобилін жалданып жұмыс істеу құқығынсыз

      басқаруға жарамды (жарамсыз).

      Годен (не годен) к управлению индивидуальным автомобилем категории

      "В" без права работы по найму.

      4. Қолмен басқарылатын автомобилді басқаруға жарамды (жарамсыз).

      Годен (не годен) к управлению автомобилем с ручным управлением.

      5. Мотоциклді, мотороллерді ("А" санаты) басқаруға жарамды

      (жарамсыз).

      Годен (не годен) к управлению мотоциклом, мотороллером (категории

      "А").

      6. Мотоарбаны басқаруға жарамды (жарамсыз).

      Годен (не годен) к управлению мотоколяской.

      7. Мопедті басқаруға жарамды (жарамсыз).

      Годен (не годен) к управлению мопедом.

      (керексізін сызып тастаңыз) (ненужное зачеркнуть)

      Анықтаманың жарамдылық мерзімі (Срок годности справки)_______________

      Фотосуреттің орны

      (Место для фотокарточки)

      Медициналық комиссияның мөрі

      (Печать медицинской комиссии)

      Комиссия төрағасы _______________ _____________________

      (Председатель комиссии) Т.А.Ә. (Ф.И.О.) қолы (подпись)

      Хатшы (Секретарь) ________________________ __________

      Т.А.Ә. (Ф.И.О.) қолы (подпись)

  Көлік құралдарын басқару құқығын алуға
үміткер адамды, механикалық көлік құралдары
жүргізушісін қайта медициналық
қарап тексеруден өткізу қағидаларына
2-қосымша

Психиатр дәрігердің медициналық қарап тексеру журналына тіркеу

      Медициналық ұйымның атауы______________________________________

      басталды (начат) __________________

      аяқталды (окончен) _________________

р/с №

Күні

Т.А.Ә

Туған күні

Тұрғылықты жері

Жұмыс орны

Қорытынды

Комиссия төрағасының қолы

1

2

3

4

5

6

7

8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады