Әуеайлақтық метеорологиялық органның қызметін тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 272 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 13 мамырда № 8460 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1025 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.10.2015 № 1025 бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағының 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Әуеайлақтық метеорологиялық органның қызметін тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін оның бұқаралық ақпарат көздерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми түрде жариялануын және МОИП орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы   
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 17 сәуірдегі   
№ 272 бұйрығымен бекітілді 

нысан

Әуеайлақтық метеорологиялық органның қызметіне тексеру жүргізу парағы

Тексеруді белгілеген мемлекеттік орган: _____________________________
Тексеруді белгілеу туралы акт (№, күні): ____________________________
Күні, орны және тексеру өткізу кезеңі: ______________________________
Әуеайлақтық метеорологиялық органның атауы (филиал, өкілдік):
_____________________________________________________________________
Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН): __________________________________
Орналасқан мекенжайы: _______________________________________________

р/с

Атауы

Сәйкестігін бағалау (+/-)

Сәйкессізді к ұстанымының нөмірі

1.

«Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1768 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларының үлгілік сызбасы бойынша белгіленген нақты әуеайлақта авиациялық пайдаланушыларды метеорологиялық қамтамасыз ету әуеайлақ метеорологиялық органының өкілдері әзірлеген және әуе қозғалысын ұйымдастыру (ӘҚҰ) органдарымен және әуежай әкімшілігімен келісілген Әуеайлақта ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету нұсқаулығының бар болуы.



2.

Метеорологиялық бақылау функциясы жүзеге асырылатын ұшу ақпаратының белгіленген аумағы немесе диспетчерлік аудан



3.

Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерді шығару



4.

Әуеайлақ бойынша тұрақты метеорологиялық мәлімет (METAR) және арнайы метеорологиялық мәлімет (SPECI) шығару.



5.

Шығарылатын мәліметтердің белгіленген мазмұны және формат Қағидалардың талаптарына сәйкестігі



6.

Белгіленген қағидалардың метеорологиялық мәліметтерін тарату тәртібін сақтау



7.

ТАF әуеайлағы бойынша болжамдарды шығару, ұшуға және қонуға арналған болжамдар.



8.

Әуеайлақ бойынша ұшу және қону үшін шығарылатын болжамдарының мазмұны мен форматының белгіленген талаптарының сәйкестігі.



9.

Ұшу бағыты және аудандары бойынша болжауларды шығару.



10.

Ұшудың бағыты және аудандары бойынша болжамның мазмұны мен форматының белгіленген талаптарға сәйкестігі.



11.

Төмен биіктіктердегі ұшуға арналған GAMET аймақтық болжауларын шығару.



12.

Төмен биіктікте ұшуға арналған GAMET аймақтық болжауларының мазмұны мен форматының белгіленген талаптарға сәйкестігі.



13.

Ауа райы метеорологиялық шарттары мен ауа райы құбылыстар қарқынының пайда болуы немесе өзгеруі туралы ескертулерді шығару.



14.

Ауа райы метеорологиялық жағдайлары мен құбылысы қарқындылығының пайда болуы мен өзгеруі бойынша ескертулердің мазмұны мен форматының белгіленген талаптарға сәйкестігі, сондай-ақ жел қозғалысы туралы ескерту мен хабарламалар шығару.



15.

Әуе кемелердің төменгі биіктікте ұшу қауіпсіздігіне (бұдан әрі - AIRMET) әсер ететін ұшу бағдарында белгілі ауа райылық құбылыс пайда болуы және әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне (бұдан әрі - SIGMET) әсер ететін бағдардағы ауа райы жағдайы туралы ақпаратты шығару.



16.

AIRMET және SIGMET ақпараттарының мазмұны мен форматының белгіленген талаптарға сәйкестігі.



17.

Әуе кемелері экипажының ұшу алдындағы метеорологиялық дайындығын жүргізу кезінде консультациялар және метеоақпаратты көрсету бойынша талаптардың сақталуы.



18.

ӘК экипажына берілетін метеорологиялық ақпаратты әзірлеу және ұшу құжаттамасына енгізілетін талаптардың сақталуы.



19.

Ұшу алдындағы дайындықтың автоматтандырылған жүйесін пайдалану кезінде талаптардың сақталуы.



20.

Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары үшін ақпарат беру кезінде талаптардың сақталуы.



21.

Өндірісті басқару органдары үшін ақпаратты беру кезінде талаптардың сақталуы.



22.

Қағидаларда белгіленген мерзімге сәйкес барлық метеорологиялық құжаттар, мәліметтер және басқа да құжаттамалардың сақталуын қамтамасыз ету.



23.

Аэронавигациялық ақпарат қызметі органдары үшін ақпарат беру кезінде талаптардың сақталуы.



24.

Авиациялық жұмыстардың, таулы жерлердегі ұшудың, тікұшақтардың теңіз кемелеріне және ашық теңіз платформаларына ұшудың метеорологиялық қамтамасыз етудің ерекшеліктерін сақтау.



25.

Әуеайлақтық метеорологиялық органның байланысқа арналған талаптарының сақталуы және оның метеорологиялық ақпаратты тарату кезінде пайдаланылуы.



26.

Авиациялық климаттық ақпаратты жүргізу талаптарының сақталуы.



Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ӘҚҰ – әуе қозғалысын ұйымдастыру.
«Сәйкестік бағасы (+,-)» деген графада:
(*) – осы ұйым үшін міндетті емес.
(-1) – ұшу қауіпсіздігіне неғұрлым елеулі әсер ететін сәйкессіздік.
(-2) – ұшу қауіпсіздігіне елеулі әсер ететін және өкілетті органмен келісілген мерзімдерде жойылуға жататын сәйкессіздік.
(-3) – ұшу орындалу қауіпсіздігіне елеулі әсер етпейтін, елеулі емес сәйкессіздік.

Тексерушілер: _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
               (қолы, тегі, аты, әкесінің аты)

Тексеру жүргізілген күн: 20 _____ жылғы «___»______________

Таныстым:

Тексерілген ұйымның басшысы: ________________________________________
                                 (қолы, тегі, аты, әкесінің аты)

Тексеру жүргізу кезінде қатысқан заңды тұлғаның өкілі:
_____________________________________________________________________                    (қолы, тегі, аты, әкесінің аты)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады