"Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы 149-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 116-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 24 мамырда № 8471 тіркелді

      «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы № 149-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4287 нөмірмен тіркелген, «Заң газетінің» 2006 жылғы 28 шілдедегі № 139 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесінде:
      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      3) құзыреттi орган - тиiстi мемлекеттiк басқару саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Табиғи монополия субъектісі (бұдан әрi - Субъект) уәкiлеттi органға тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн ол қолданысқа енгiзiлгенге дейiн күнтізбелік бiр жүз сексен күн бұрын бекiтуге өтiнiм ұсынады.
      Табиғи монополия субъектісі тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiн бекітуге арналған өтініммен бір мезгілде инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуге ұсынады.»;
      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) инвестициялық бағдарлама (жоба);»;
      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Субъект тарифтердің шектi деңгейiнің қолданысы кезінде уәкілетті органға:
      1) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1568 қаулысымен бекітілген нысан бойынша инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпарат береді және осы ақпаратты табиғи монополия субъектiсi өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң тиiстi аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады;
      2) өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда, тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей ұсынады;
      3) қарыздар бойынша пайда болған міндеттемелерді нақты төлеу туралы ақпаратты есепті кезеңнен кейінгі 25 күніне дейін тоқсан сайын ұсынады.».
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау, жиынтық талдау және халықаралық ынтымақтастық департаменті (А.В. Мартыненко) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     М. Оспанов

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы
      Көлік және коммуникация
      министрі
      __________ А. Жұмағалиев
      2013 жылғы 19 сәуір

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау министрі
      __________ Е. Досаев
      2013 жылғы « ___ » ________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады