"Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 613 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 356 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 24 мамырда № 8477 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 409 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 409 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      Азаматтық авиация саласындағы қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 613 бұйрығына (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 7006 болып тіркелген "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 21 қарашадағы № 763-767 (27839) жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттiк тiркеу қағидалары:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидалары азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркеу тәртiбiн, азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi беру және Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу және оған өзгерiстер енгiзу (бұдан әрi – Мемлекеттiк тiзiлiм) және Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiзiлiмнен шығуы туралы куәлiк беру (бұдан әрi – Шығуы туралы куәлiк), және де Уәкілетті тараппен әуе кемелерін тіркеуден шығаруды жүзеге асыру тәртiбiн анықтайды.

      Осы қағидалар Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетiнiң есебiне жататын планерлер, дельтапландар, парапландар, мотопарапландар, метеорологиялық шар-зондтар мен пилотсыз басқарылмайтын аэростаттарды қоспағанда, жеңiл және аса жеңiл авиация әуе кемелерiне қатысты қолданылады.";

      6-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрi – Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк) – Азаматтық авиация комитетi берген азаматтық әуе кемесiнiң Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлгенiн растайтын құжат;";

      8-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) өтініш иесі - жеке тұлғаның жеке куәлiгiнiң көшірмесі немесе заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы Анықтаманың көшiрмесi.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Ұсынылған өтініш және құжаттар негiзiнде Азаматтық авиация комитетi Пайдаланушы бағанасында пайдаланушының (жеке немесе заңды тұлға) атауын енгізеді. Жалпы мақсаттағы авиация (ЖМА) мақсатында пайдаланушының өтінішінде көрсетілген жағдайда, Пайдаланушы бағанасында пайдаланушы атауының алдында ЖМА аббревиатурасы енгізіледі.";

      18-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) өтініш иесі - жеке тұлғаның жеке куәлiгiнiң көшірмесі немесе заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы Анықтаманың көшiрмесi.";

      30-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) меншік иесі және/немесе пайдаланушы жеке тұлғаның жеке куәлiгiнiң көшірмесі немесе заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы Анықтаманың көшiрмесi.";

      31-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) меншік иесі және/немесе пайдаланушы жеке тұлғаның жеке куәлiгiнiң көшірмесі немесе заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы Анықтаманың көшiрмесi.";

      32-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) меншік иесі және/немесе пайдаланушы жеке тұлғаның жеке куәлiгiнiң көшірмесі немесе заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы Анықтаманың көшiрмесi.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Азаматтық әуе кемелерiн Мемлекеттiк тiзiлiмнен шығарған кезде (әуе кемесін тіркеуден шығару жағдайларын қоспағанда) өтiнiш берушi Азаматтық авиация комитетiне мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      2) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;

      3) азаматтық әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығы сертификаты (болған жағдайда);

      4) орындағы шу бойынша сертификат (болған жағдайда);

      5) радиостанция сертификаты (болған жағдайда);

      6) әуе кемесiнiң меншiк құқығы шет мемлекетке (жеке, заңды тұлғаға) өткендiгiн растайтын құжат немесе әуе кемесiн мемлекеттiк тiзiлiмнен шығаруға мүмкiн жағдайлар қарастырған өзге де құжат немесе олардың көшiрмелерi;

      7) меншік иесі және/немесе пайдаланушы жеке тұлғаның жеке куәлiгiнiң көшірмесі немесе Заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктің көшiрмесi;

      8) әуе кемесi кепiлде тұрған жағдайда кепiл ұстаушының оның тiзiлiмнен шығарылуына жазбаша келiсiмi;

      9) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6868 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 123 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес есептен шығарып тастау актiсi (әуе кемесi есептен шығарылған кезде);

      10) әуе кемесiн жою туралы құжаттар немесе олардың көшiрмелерi (әуе кемесi есептен шығарылған кезде);

      11) әуе кемесiнен айырым белгiлердi алып тастау туралы актiлер және оны растайтын фотосуреттер (әуе кемесiн есептен шығару жағдайларын қоспаған кезде).

      Жоғарыда көрсетiлген барлық құжаттардың көшiрмелерi өтiнiш берушiнiң қолымен және мөрімен (болған жағдайда) куәландырылады.

      мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:

      "36-1. Соңғы үш жыл ішінде әрекеттегi ұшу жарамдылығы сертификатының болмауы жағдайларына байланысты Мемлекеттiк тiзiлiмнен әуе кемесін шығару үшін, Азаматтық авиация комитетi осы Қағидалардың 36-тармағына сәйкес Мемлекеттiк тiзiлiмнен шығарған кезде құжаттарды ұсыну үшін әуе кемесінің меншік иесіне (әуе кемесi кепiлде тұрған жағдайда - кепiл ұстаушыға) соңғы үш жыл ішінде әрекеттегi ұшу жарамдылығы сертификатының болмауына байланысты ескерту жібереді.

      Бір ай мерзім ішінде хабарландыру берген уақыттан бастап, (егер әуе кемесі кепілде тұрса кепіл ұстаушының келісімін алған кезде) егер меншік иесі осы Қағидалардың 36-тармағына сәйкес әуе кемесін тізілімнен шығару туралы құжаттарын бермесе, Азаматтық авиация комитетi әуе кемесін Мемлекеттiк тiзiлiмнен күнтізбелік бес күнінен кейін шығарады.";

      41-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) әуе кемесiн кепiлге берушi және кепiл ұстаушы жеке тұлғаның жеке куәлiгiнiң немесе заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы Анықтаманың көшiрмесi.";

      44-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) борышкердің және Уәкілетті тараптың жеке тұлғасының жеке куәлігінің көшірмесі немесе заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы Анықтаманың көшiрмесi (немесе тіркеу елінің заңнамасына сәйкес тиісті баламасы).";

      49-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) өтініш беруші – Уәкілетті тараптың және оның өкілі жеке тұлғасының жеке куәлігінің көшірмесі немесе заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы Анықтаманың көшiрмесi (немесе тіркеу елінің заңнамасына сәйкес тиісті баламасы)";

      Көрсетілген қағидалардың 1-қосымшасында:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Құжаттың түрi: (жеке куәлiк, төлқұжат, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы Анықтама).";

      Көрсетілген қағидалардың 6-қосымшасында:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Құжаттың түрi: (жеке куәлiк, төлқұжат, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы Анықтама).".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуінен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми түрде жариялануын және МОИП орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Жұмағалиев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады