Реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағалар есептеу әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 122-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылы 24 мамырда № 8478 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.02.2017 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағалар есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі, азаматтық авиация порттар саласындағы реттеу департаменті (Г.Қ. Ыбыраева):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін:

      1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне (С.С. Метенова) ұсынсын.

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға

М.Оспанов

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасының

      Экономика және бюджеттік

       жоспарлау министрі

      _________________ Е.Досаев

      2013 жылғы 22 сәуір

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасының

      Көлік және коммуникация

      министрі

      ____________ А.Жұмағалиев

      2013 жылғы 24 сәуір


  Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының 2013 жылғы 18 сәуірдегі
№ 122-НҚ бұйрығымен бекітілді

Реттелетін нарық субъектілерінің субъектілерінің тауарларына
(жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды есептеу әдістемесі
1. Жалпы Ережелер

      1. Осы Реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Әдістеме реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды есептеу тетігін айқындау мақсатында әзірленді (бұдан әрі - Субъектілер).

      3. Осы Әдістеменің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар қолданылады:

      экономикалық негізсіз шығындар - жедел қызметті, қолданысқа енгізілген активтерді жаңадан өндіруге қолданыстағы активтерге және амортизациялық аударымдарға салынған қолданыстағы капитал бойынша қайтаруды қамтамасыз етумен байланысты Субъектілердің шығындары.

      Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де терминдер мен ұғымдар табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Субъектілердің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) арналған бағаларды есептеу

      4. Субъектілердің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды есептеу үшін мына формула қолданылады.

       Zi = Сi +Pi (1) мұндағы

       Zi - i қызметіне бағалар

       Сі - і қызметінің өзіндік құны;

       Рі - і қызметіне пайда.

      5. Субъектілердің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды қалыптастыру Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 174 бұйрығымен бекітілген Реттелетін нарықтарда бағаны белгілеу ережесін ескере отырып жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Субъектілердің реттелетін қызметтерін ұсынудың өзіндік құны мына формула бойынша есептеледі:


Sij

       Сі=_______, (2), мұндағы

       Nij

      Сі - талдау жасалатын кезең ішінде ұсынылатын і қызмет бірлігінің өзіндік құны;

      Sij - талдау жасалатын кезең ішінде ұсынылатын і қызмет жасаудың технологиялық процесіне (желі элементтерін қолдану) сүйене отырып, айқындалатын экономикалық негізсіз шығындар сомасы;

      Nij - заңнамада белгіленген тәртіппен айқындалатын, Субъектінің қызметті тұтынушылармен жасаған шарттарымен, Субъектінің заттай көрсеткіште талдау жасалатын кезең ішінде ұсынылатын бағалар деңгейін қолдау немесе көтеру мақсатында көлемдерді төмендетуге жол бермеу мүмкіндіктеріне сүйене отырып, ниет хаттамаларымен және есептерімен расталған реттеліп көрсетілетін і қызметін ұсынудың жоспарланған жылдық көлемі.

      7. Негізделген бағаға қосылған і көрсетілетін қызметіне пайда деңгейі Субъектілердің тиімді жұмыс істеуін және дамуын, оның ішінде аса тиiмдi әдiстер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету іс-шараларын өткізуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша қысқаруына байланысты шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған, тарифтік сметаға салынған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігінің кемінде елу пайызын жаңа активтерді жасауға, кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға, қолдағы бар активтерді қолдауға, негізгі құралдарды реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға Субъектілерге қажетті жылдық сомаға сүйене отырып, инвестициялық қажеттілікті қамтамасыз ететін қаражатты ескереді және мына формула бойынша есептеледі:


(3), мұндағы:

      Рі - талдау жасалатын кезеңдегі і көрсетілетін қызметінің бірлігіне пайда;

      Pij - Субъектілердің тиімді жұмыс істеуін және дамуын, оның ішінде аса тиiмдi әдiстер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету іс-шараларын өткізуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша қысқаруына байланысты шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған, тарифтік сметаға салынған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігінің кемінде елу пайызын жаңа активтерді жасауға, кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға, қолдағы бар активтерді қолдауға, негізгі құралдарды реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға Субъектілерге қажетті жылдық сомаға сүйене отырып, инвестициялық қажеттілікті қамтамасыз ететін пайда деңгейі.

      Ескертпе:* пайда деңгейі уәкілетті орган бекіткен Реттелетін нарықтарда бағаны белгілеу ережесіне сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады