Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерін әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтару қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 339 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 29 мамырда № 8483 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 200 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 10.03.2015 № 200 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерін әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтару қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және мерзімдік басылымдарда жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер бас қолбасшысына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                 Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы    
Ішкі істер министрінің    
2013 жылғы 20 мамырдағы   
№ 339 бұйрығымен       
бекітілген          

Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған
бюджет қаражатын мемлекетке қайтару
ҚАҒИДАСЫ

      1. Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтару қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-бабына сәйкес әзірленген және бір әскери қызметшіні әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтару тәртібін айқындайды.
      2. Әскери оқу орнынан шығарылған, сондай-ақ әскери қызмет өткеру туралы келісiмшарт жасасудан бас тартқан әскери қызметші, егер оқудан шығарылу сәтінде ол он сегіз жасқа толған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзiмін өткермеген болса, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті Ұйымдастыру-жұмылдыру басқармасының өкімі бойынша әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін әскери қызмет өткеру орнына жіберіледі. Бұл ретте үлгерімінің төмен болуы, тәртiп сақтамағаны үшін, Заңының 26-бабында көрсетілген басқа да теріс себептер бойынша немесе өз бастамасы бойынша әскери оқу орнынан шығарылған әскери қызметші өзін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке Қазақстан Республикасының заңнамаларына және осы Қағидаға сәйкес өтеуге міндеттi.
      3. Әскери қызметшi әскери оқу орнын аяқтағаннан кейiн әскери қызмет өткеруден бас тартса немесе теріс себептер бойынша немесе өз бастамасы бойынша келiсiмшартты бұзған жағдайда ол өзін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке Қазақстан Республикасының заңнамаларына және осы Қағидаға сәйкес өтеуге міндеттi. Ұстауға жататын сома келiсiмшарт мерзiмi аяқталғанға дейiн әрбiр толық өткерiлмеген айға барабар есептеледі.
      4. Әскери оқу орындарында және әскери бөлімдер, офицер әскери оқу орнын аяқтағаннан кейiн әскери қызмет өткеруден бас тартса, теріс себептер бойынша келiсiмшартты бұзған және босатылған жағдайда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер комитетінің Кадр және әскери білім басқармасына дереу хабарлайды және аттестациялық материалдарын жібереді.
      5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті Кадр және әскери білім және Бюджет-қаржы басқармаларының бастықтары жыл сайын 20 желтоқсанға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер Бас қолбасшысына осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша бір әскери қызметшіні оқу жылында оқытуға жұмсалған нақты қаражаттың жиынтық есебін бекітуге ұсынады. Бұл ретте бюджет қаражатын өтеу сомасы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен есептеледі.
      6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті Кадр және әскери білім және Бюджет-қаржы басқармаларының бастықтары жыл сайын 20 желтоқсанға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер Бас қолбасшысына осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлерінің бір әскери қызметшісін оқу жылында жақын және алыс шетел оқу орындарында оқытуға жұмсалған нақты қаражаттың жиынтық есебін осы мемлекетпен (тиісті министрлікпен немесе ведомствамен) жасалған келісім (келісімшарт) бойынша төлем жүргізілген валютада бекітуге ұсынады. Бұл ретте бюджет қаражатын өтеу сомасы өтеу туралы талаптар қойылған күні Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің курсын қайта қаржыландыру ставкасы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен есептеледі.
      7. Әрбір әскери қызметшіні оқытуға нақты шығындардың жыл сайын қалыптастырылатын жиынтық есеп білім алушы әскери қызметшілердің жеке (оқу) ісіне қоса тігіледі және оқудан шығарылған кезде немесе әскери қызметші әскери қызмет өткеруден бас тартқан жағдайда оқу аяқталған соң бір ай мерзімде оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын өтеуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер комитетінің, Әскери институттың және оқу орнынан шығарылған немесе әскери қызметтен босатылған әскери қызметшінің тұрғылықты орны (қызмет орны) бойынша әскери бөлімдердің заң қызметтеріне жіберіледі.
      8. Әскери қызметшілер оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын өз еркімен өтеуден бас тартқан жағдайда осы Қағиданың 12-тармақтарында көрсетілген өтеу жөніндегі материалдар бір айлық мерзімде сотқа тапсырылады.
      9. Келісімшарт бұзған немесе теріс себептері бойынша босатылған офицерлерге және босатылған курсанттарға қатысты әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтаруға есеп және мониторинг жүргізу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитетіне жүктеледі.
      10. Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған қайтарылатын қаражат республикалық бюджет кірісіне аударуға жатады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер     
министрлігі Ішкі әскерлерінің әскери   
қызметшілерін Қазақстан Республикасының 
әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған
бюджет қаражатын мемлекетке қайтару   
қағидасына 1-қосымша            

Үлгі

БЕКІТЕМІН         
Қазақстан Республикасы ІІМ
Ішкі әскерлер бас қолбасшысы
___________________________
(қолы, Т.А.Ә.)       
«____» ____________________
(күні)       

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Ішкі әскерлерінің бір әскери қызметшісін ____________ мамандығы
бойынша ____/____ оқу жылына оқытуға жұмсалған нақты
қаражаттың жиынтық есебі
_________________________________________________
Әскери оқу орнының атауы

                                                            (теңге)


р/с

Шығыстар атауы

1 курс

2 курс

3 курс

4 курс

Барлығы

1

Оқитын әскери қызметшінің стипендиясы






2

Оқу процесін қамтамасыз ететін адамдардың еңбекақысын төлеумен байланысты шығыстар






3

Азық-түлікпен қамтамасыз етуге байланысты шығыстар






4

Медициналық қамтамасыз етуге байланысты шығыстар






5

Киім-кешекпен қамтамасыз етуге байланысты шығыстар






6

Жанар-жағар май материалдарына арналған шығыстар






7

Кеңсе, шаруашылық және басқа да заттарды сатып алуға арналған шығыстар






8

Коммуналдық шығыстар






9

Байланыс және интернет қызметі






10

Көлік қызметтерін төлеу






11

Жалға алу бойынша шығыстар






12

Ғимараттарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын ұстау, қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу, монша-кір жуу қызметі, банктік және басқа да қызмет көрсетулер






13

Іссапар және қызметтік жол жүруге арналған шығындар






14

Басқа да ағымдағы шығындар






15

Азық-түлік үлесінің орнына ақшалай өтемақы төлеумен байланысты шығыстар және басқа да трансферттер






16

Басқа да шығыстар






Жиыны






      Ескертпе: Барлық шығыстарды қызмет бастықтары есептер-негіздемелермен растайды, содан кейін қорытынды жасау үшін қаржы қызметіне ұсынады.

        Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі
     әскерлер комитеті Кадр және әскери білім басқармасының бастығы

М.О.             ______________________________________
                          (әскери атағы, қолы)

                       «___» _____________________
                                   (күні)        

           Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі
           әскерлер комитеті Бюджет-қаржы басқармасының бастығы
                  ____________________________________
                           (әскери атағы, қолы)

                        «_____»_____________________
                                    (күні)

Қазақстан Республикасы Ішкі істер     
министрлігі Ішкі әскерлерінің әскери   
қызметшілерін Қазақстан Республикасының 
әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған
бюджет қаражатын мемлекетке қайтару  
қағидасына 2-қосымша           

Үлгі

БЕКІТЕМІН         
Қазақстан Республикасы ІІМ
Ішкі әскерлер бас қолбасшысы
___________________________
(қолы, Т.А.Ә.)      
«____» ____________________
(күні)           

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің
бір әскери қызметшісін жақын және алыс шетел жоғары оқу
орындарында ____/____ оқу жылына оқытуға жұмсалған нақты
шығынның жиынтық есебі

                                                      (шарт.бірл.)


р/с

Шығыстар атауы

1 курс

2 курс

3 курс

4 курс

5 курс

6 курс

Барлығы

Әскери оқу орнының тыңдаушысы


1

Оқыту








2

Келісімшарт (шарт) бойынша төленетін ақы








3

Ақшалай үлес және басқа да төлемдер








4

Киім-кешек үлесі








5

Тыңдаушының және оның отбасы мүшелерінің қызмет атқаратын (тұратын) орнынан оқитын орынға дейін жол жүруі және Қазақстан Республикасына қайтуы








6

Үй мүлкін тасымалдау








7

Тыңдаушының отбасы мүшелерін медициналық сақтандыру








8

Әскери оқу орны ұсынған пәтерлерде тұру








9

Пәтер төлемдері, жиһаздарды, электр тұрмыстық техниканы және басқа да мүліктерді қолданғаны үшін төлемдер








10

Жол жүру құжаттарын ресімдеу








11

Басқа да шығыстар








Жиыны








Әскери оқу орнының курсанты

1

Оқыту








2

Келісімшарт (шарт) бойынша төленетін ақы








3

Стипендия








4

Ұшу практикасы








5

Оқуға түскеннен кейін курсанттың оқитын әскери оқу орнына жол жүруі және Қазақстан Республикасына қайтуы








6

Курсанттың оқитын пунктінен оқу-жауынгерлік атыс өткізу үшін полигонға жол жүруі және кері қайтуы








7

Полигондарда оқу-жауынгерлік атыстарды қамтамасыз ету үшін зымырандар, оқ-дәрілер және басқа да мүлік бөлу








8

Жол жүру құжаттарын ресімдеу








9

Бастапқы оқуды қамтамасыз ету








10

Басқа да шығыстар








Жиыны








      Ескертпе: барлық шығыстар келісімшарттардың (шарттардың) және оларға қосымша келісімдердің көшірмелерімен, сондай-ақ шетелде кадрларды даярлауға жауап беретін лауазымды тұлғалардың есептері-негіздемелерімен расталады, одан кейін қорытынды жасау үшін қаржы қызметіне ұсынылады.

            Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі
      әскерлер комитеті Кадр және әскери білім басқармасының бастығы

М.О.             ______________________________________
                          (әскери атағы, қолы)

                              «___» _____________________
                                          (күні)

               Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі
               әскерлер комитеті Бюджет-қаржы басқармасының бастығы
                        ____________________________________
                              (әскери атағы, қолы)

                              «_____»_____________________
                                        (күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады