«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 17)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымшаға сәйкес субсидиялауға жататын элиталық тұқымдар мен көшеттерді сатудың 2013 жылға арналған шекті бағалары белгiленсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2013 жылғы 13 мамырдағы № 4-1/220
бұйрығына қосымша
Субсидиялауға жататын элиталық тұқымдар мен көшеттерді сатудың
2013 жылға арналған шекті бағалары
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің атауы |
Субсидиялауға жататын элиталық тұқымдар мен көшеттердің бір тоннасын (данасын) сатудың шекті бағасы, теңге |
Жүгері: |
249 736,0 |
ерте пісетін бірінші ұрпағының будандары, бірінші көбейтілген будандық популяциялар |
235 254,0 |
Күріш |
78 011,0 |
Күнбағыс: |
374 573,0 |
бірінші ұрпағының будандары |
332 573,0 |
Қант қызылшасы |
3 162 450,0 |
Бірінші көбейтуді қоса алғанда мақта |
105 000,0 |
Жеміс дақылдарының көшеттері |
320,0 |
Жүзім көшеттері |
250,0 |