Монополиялық жоғары бағаны анықтау жөніндегі әдістемені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының 2013 жылғы 28 мамырдағы № 140-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 01 шілдеде № 8538 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 301 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Экономика министрінің 02.04.2015 № 301 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Монополиялық жоғары бағаны анықтау жөніндегі әдістеме бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі – Агенттік) Тергеу департаменті (Ә.Н. Хатиев) мен Агенттіктің Заң қызметі департаменті (А.М. Қанапин) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Агенттіктің Әкімшілік департаменті (Қ.М. Қалдықараев) осы бұйрықты Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының орынбасары Ә.Б. Мәтішевке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                          Б. Қуандықов

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау министрі
      ____________ Е. Досаев
      2013 жылғы 29 мамыр

Қазақстан Республикасы    
Бәсекелестікті қорғау агенттігі
(Монополияға қарсы агенттік)
төрағасының        
2013 жылғы 28 мамырдағы   
№ 140–НҚ бұйрығымен бекітілген

Монополиялық жоғары бағаны анықтау жөніндегі әдістеме

       1. Монополиялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістеме (бұдан әрі - Әдістеме) «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 39-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      Осы Әдістеменің мақсаты тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі (бұдан әрі - Субъект) белгілейтін монополиялық төмен бағаны айқындау болып табылады.
      2. Осы Әдістеме монополиялық төмен бағаны белгілеуден көрінетін үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бөлігінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы анықталған кезде қолданылады.
      3. Осы Әдістемеде қолданылатын ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңдарында анықталатын мағыналарда пайдаланылады.
      4. Монополиялық төмен бағаны белгілеу туралы мәліметтерді қарау шеңберінде монополияға қарсы орган мынадай іс-әрекеттерді жүргізеді:
      1) тауар нарығында бағаларды мемлекеттік реттеудің болу фактісін белгілейді;
      2) Заңмен бекітілген бәсекелестік нарықта қандай да бір тауарды өндіруге, өткізуге немесе сатып алуға арналған мемлекеттің айрықша құқығының (мемлекеттік монополия) болу фактісін белгілейді;
      3) нарық субъектісінің Үстем немесе монополиялық, жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінде (бұдан әрі - Тізілім) болмау фактісін белгілейді;
      4) Тізілімге енгізілген нарық субъектісінің үстем үлесін белгілейді.
      5. Осы Әдістеменің 4-тармағының 1)2)3) тармақшаларында көзделген талаптардың біреуі белгіленген жағдайда, монополиялық төмен бағаны белгілеу туралы тергеу жүргізілмейді.
      6. Монополияға қарсы орган тауар нарығына талдау жүргізгеннен және Субъектіні Тізілімге енгізгеннен кейін нарық субъектісінің іс-әрекеттерінде монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық белгілерінің болуын көрсететін нақты деректер болған кезде Заңда белгіленген тәртіппен тергеу жүргізеді.
      7. Монополияға қарсы орган монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық белгілерінің болуын көрсететін нақты деректерді анықтау мақсатында тауар нарығындағы тауар өндіру (өткізу) бағасының және көлемдерінің серпініне, оның ішінде:
      1) Субъектінің осы бойынша Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауар бағасының тиісті және салыстырмалы тауар нарығында басқа нарық субъектілерінің сондай тауар бағасынан асып түсуін белгілеуіне;
      2) тиісті немесе салыстырмалы тауар нарығында бағаның өсуінің тиісті қарқындарымен салыстырғанда ол бойынша Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауар бағасының өсу қарқынының асып түсуіне;
      3) физикалық сипатын (мысалы, тауар бірлігінің салмағын) төмендету арқылы осы бойынша Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауар бағасының көтерілуіне;
      4) өндіру немесе беру мүмкіндігі болған кезде тұтынушылардың
сұранысы немесе тапсырыстары бар тауарларды өндіру және (немесе) беру
көлемін негізсіз қысқартуға немесе өндіруді және (немесе) беруді тоқтатуға талдау жүргізеді.
      8. Үстем үлесі 90 пайыз және одан астам субъектілер үшін монополияға қарсы орган монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық белгілерінің болуын көрсететін нақты деректерді анықтау мақсатында тауарды өндірудің (өткізудің) өзіндік құнына және рентабельділігіне, оның ішінде:
      1) Субъектінің тауары бірлігінің өндірістік өзіндік құнының өсуінен кезең шығыстары өсуінің асып түсуіне;
      2) Субъектінің өндірістік персоналы жалақысының өсу қарқынымен салыстырғанда әкімшілік персонал жалақысының өсу қарқынының ұлғаюына;
      3) Субъектіде сала немесе өңір бойынша орташа айлық жалақыдан орташа айлық жалақы деңгейінің асып түсуіне қосымша талдау жүргізеді.
      9. Нарық субъектісінің іс-әрекеттерінде монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық белгілерінің болуын көрсететін нақты деректер болған жағдайда, монополияға қарсы орган тергеу жүргізу туралы бұйрық шығарады.
      10. Тергеу жүргізу кезінде Субъектінің монополиялық жоғары бағаны белгілеу жөніндегі іс-әрекеттерін растайтын фактілердің, болуын белгілеу қажет.
      11. Егер субъектінің үстем үлесі 90 және одан астам пайызды құраған, сондай-ақ салыстырмалы тауар нарығы болмаған жағдайда, монополиялық жоғары бағаны айқындау Әдістеменің 14-тармағына сәйкес жүргізіледі.
      12. Салыстырмалы тауар нарығын анықтау Заңның 14-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген критерийлер бойынша жүзеге асырылады.
      13. Монополияға қарсы орган тиісті тауар нарығындағы тауардың бәсекелестік бағасын айқындайды.
      Бәсекелестік жағдайда Субъектімен бір тұлғалар тобына кірмейтін нарық субъектілері белгілейтін, осы тауар нарығындағы тауардың ең жоғары бағасы тауардың бәсекелестік бағасы болып табылады. Бұл ретте, Заңның 6-бабының 2) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкес келетін нарық субъектілері ескеріледі.
      Нақ сол тауар нарығындағы бәсекелестік бағаны белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, салыстырмалы тауар нарығындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі салыстырмалы тауар нарығындағы тауар бағасымен салыстыру жүргізіледі.
      Бәсекелестік бағаны айқындау кезінде тауардың сапалық өлшемдері ескеріледі.
      Салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайында қалыптасқан не салыстырмалы тауар нарығының, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі салыстырмалы тауар нарығының бағасын айқындау мүмкін болмаған жағдайда шығыстары мен пайдасына талдау жүргізіледі және негізделген бағасы айқындалады.
      14. Егер Субъект белгілеген баға бәсекелестік бағадан асып түсетін болса немесе бәсекелестік бағаны анықтау мүмкін болмаса, монополияға қарсы орган осындай тауарды өндіру мен өткізу қажеттілігін, шығыстар мен пайданы бағалау мақсатында шығыстар мен пайдаға талдау жүргізеді.
      15. Шешім қабылдау үшін монополияға қарсы орган талдау, оның ішінде:
      1) Субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметіне;
      2) өндіріс шығындарының ұлғаю себептерін анықтау мақсатында Субъектінің жағдайы үстем деп танылатын тауардың өндірістік және толық өзіндік құнының серпініне;
      3) Субъектінің жағдайы үстем деп танылатын тауардан Субъектінің алатын пайдасына;
      4) Субъектінің жағдайы үстем деп танылатын тауар бағасының серпініне;
      5) Субъектінің тауар өндіру (өткізу) көлемінің серпініне;
      6) өндірістік қуаттарды пайдалануға;
      7) нәтижесінде Субъектінің жағдайы үстем деп танылатын тауар бағасы тікелей немесе жанама қалыптастырылатын шарттарға;
      8) өндірістік шығындарға және кезең шығыстарына;
      9) Субъектінің, инвестициялық бағдарламасына;
      10) кредиторлар мен қаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелеріне жүргізеді.
      16. Қажет болған кезде қосымша негіздеме үшін Субъектінің, жағдайы үстем деп танылатын тауар бағасының өсу қарқыны, өзіндік құны (шығындардың жекелеген баптары) және рентабельділік деңгейі басқа нарық субъектілерімен салыстырылады.
      Мәселен, егер Субъектінің жағдайы үстем деп танылатын тауар бағасының өсу қарқыны, өзіндік құны, пайдасы және рентабельділігі басқа нарық субъектілерінің осы көрсеткіштерінің өсу қарқынынан елеулі асып түсетін болса, бұл монополиялық жоғары бағаларды белгілеу бөлігінде үстем жағдайды теріс пайдаланудың мүмкін болатындығын қосымша растай алады.
      17. Субъектінің жағдайы үстем деп танылатын тауар өндірумен (өткізумен) тікелей байланысты қажетті шығындар мен пайданы айқындау кезінде:
      1) өзіндік құнға кіретін материалдық шығыстар растайтын құжаттарда (шарттар, шот-фактуралар) көзделген бағаларды және материалдық ресурстардың физикалық көлемін негізге ала отырып, тауардың бір бірлігін шығаруға арналған шикізат, материалдар, отын, материалдық ресурстар энергиясы шығысының қолданылатын нормаларын және (немесе) материалдық ресурстардың жылдық нормаларын негізге ала отырып айқындалады;
      2) еңбек жағдайлары үшін еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген қосымша ақылар мен үстемеақылар төлеуді қоса алғанда, персоналға еңбекақы төлеуге жұмсалған шығыстар;
      3) Субъектінің есепке алу саясатында көзделген әдісті пайдалана отырып айқындалатын амортизациялық аударымдар;
      4) қарыз қаражаттары үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстар;
      5) Субъектінің тауар өндіруіне (өткізуіне) тікелей қатысты басқа да шығыстар;
      6) кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ететін пайда деңгейі ескеріледі.
      Пайда Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауарды өндіруден (өткізуден) алынған табыс пен тауарды өндіру және (немесе) өткізу үшін қажетті негізделген шығыстар және нақты төленген салықтар арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Субъектінің дамуы үшін талап етілетін қажетті пайданың шамасы өндірілетін (өткізілетін) тауардың өзгешелігін, тауар нарығының ерекшелігін және Субъектінің жұмыс істеу шарттарын көрсетуі, сондай-ақ:
      жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, жаңартуға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға инвестицияларды;
      тәуекел деңгейін (өндірудің немесе тұтынудың маусымдық сипаты, климаттық факторларға жоғары тәуелділік және т.б.);
      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ұжымдық шарттарда, Бас, салалық және өңірлік келісімдерде көзделген міндеттемелерді;
      жекешелендіру және концессия шарттарында, лицензиялық келісімдерде, инвестициялық шарттарда және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, оның ішінде әлеуметтік жауапкершілік бойынша өзге де келісімдерде көзделген міндеттемелерді;
      Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл санкцияларынан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де төлемдерді ескеруі тиіс.
      18. Субъектінің тауардың бір бірлігіне қажетті шығындары мен пайдасын бағалау кезінде қажет болған кезде тиісті немесе салыстырмалы тауар нарығындағы басқа нарық субъектілерінің ұқсас шығындары мен пайдасын салыстырмалы талдау әдісі қолданылуы мүмкін.
      19. Егер осының негізінде тергеу басталған материалдарда шартқа Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауар бағасын ұлғайтуға әкелетін белгілі бір талаптарды енгізу арқылы Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауар бағасын жасанды ұлғайтумен байланысты бұзушылық көрсетілсе, шарттарға талдау жүргізу қажет.
      Егер осының негізінде тергеу басталған материалдарда тауардың физикалық сипаттамаларын төмендету арқылы бағаны жасырын көтерумен байланысты бұзушылықтар көрсетілсе, монополияға қарсы орган Заңға сәйкес сарапшыларды тарта отырып, Субъект тауарының сипаттамаларына сараптама жүргізеді.
      20. Талдау нәтижелері бойынша лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) Заңның 67-бабына сәйкес қорытынды дайындайды.
      21. Монополиялық жоғары баға белгіленген жағдайда, монополияға қарсы орган Заңның 68-бабына сәйкес монополиялық табыстың есебін жүргізеді. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады