"Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 294 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 03 шілдеде № 8553 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 30.11.2016 № 629 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5574 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бюджеттiк мониторинг жүргiзу нұсқауында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның кірістерді талдау және салық және кеден заңнамасы мәселелерін үйлестіру функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі есепті айдан кейінгі айдың 17-сі күнінен кешіктірмей, республикалық бюджетке түсетін салықтар мен төлемдердің түрлері бойынша жыл басынан жоспарды асыра орындау немесе орындамау себептерін талдауды функциясына бюджеттің атқарылуын жиынтық талдауды жүргізу кіретін құрылымдық бөлімшеге осы Нұсқаудың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынады.

      Республикалық және жергілікті (облыс бюджеті (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қала)) бюджеттерге түсетін түсімдердің түрлері бойынша жыл басынан жоспарды асыра орындау немесе орындамау себептерін талдау осы Нұсқаудың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.

      Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар тоқсан сайын есептіден кейінгі айдың 25-і күніне дейін жергілікті бюджет кіріс бөлігінің артығымен атқарылу немесе атқарылмау себептерін талдауды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және жергілікті атқарушы органдарға ұсынады.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тоқсан сайын есептіден кейінгі айдың 25-і күніне дейін республикалық бюджет жоспарының асыра орындалу немесе орындалмау себептерін талдауды Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның кірістерді талдау және салық және кеден заңнамасы мәселелерін үйлестіру функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі осы Нұсқаудың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ай сайынғы талдамалы ақпаратты дайындау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның сайтында орналастыру мақсатында мемлекеттік бюджет кірістерінің атқарылу деректерін қалыптастырады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Жоспарды асыра орындау немесе орындамау себептерін көрсете отырып, мұнай секторы ұйымдарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін тікелей салықтардың түсімдерін талдауды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі жүргізеді және ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20-сы күніне дейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры бойынша есепке алу мен есептілік саласындағы салааралық үйлестіру мен әдіснамалық жетекшілік ету функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне ұсынады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның республикалық бюджеттің атқарылуы және жергілікті бюджеттердің атқарылуына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қызмет көрсету саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі есепті айдан кейінгі айдың 12-сі күніне кешіктірмей, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын талдау жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бюджет шығыстарын талдау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы жөніндегі ақпаратты ұсынады.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бюджет шығыстарын талдау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі "Бюджеттік процесс мониторингі" бағдарламалық қамтымында төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларының орындалмау себептері жөнінде түзетулерді жүзеге асырады және есепті айдан кейінгі айдың 20-сі күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның функциясына бюджеттің атқарылуын жиынтық талдау жүргізу кіретін құрылымдық бөлімшесіне осы Нұсқаудың 9-қосымшасына сәйкес республикалық бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы туралы талдамалы есепті ұсынады.";

      25-тармақта:

      бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері есепті айдан кейінгі айдың алғашқы жеті күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға МБМ бағдарламасындағы "Бюджеттің атқарылуы туралы мерзімді есептілікті қалыптастыру" кіші жүйесінде қалыптастырылған бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есепті ұсынады. Аталған есепте әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша төлемдер бойынша жоспарлардың орындалмау себептері және қаржыландыру жоспарларының орындалмауына әкеп соқтырған факторларды көрсете отырып, міндеттемелер бойынша жоспарға сәйкес міндеттемелерді уақтылы қабылдамау себептері егжей-тегжей толтырылады.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары тоқсан сайын есептіден кейінгі 15-і күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Нұсқаудың 9-қосымшасына сәйкес бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы талдамалы есепті ұсынады.";

      26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне тәуелді емес объективті себептерге мыналар жатады:

      еңбекақы төлеу қоры (бұдан әрі – ЕТҚ) бойынша үнемдеу (бос орындардың болуы, ақысыз демалыстар беру және еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары бойынша төлемдер есебінен ағымдағы шығындар, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, банк қызметтеріне ақы төлеу бойынша үнемдеу);

      ол бойынша Үкіметтің шешімдері қабылданбаған бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінбеген қалдық;

      басқа себептер бойынша үнемдеу (бағамдық айырма, форс-мажорлық жағдайлар (көзделуі, қандай да болмасын іс-шаралармен алдын алуы немесе жойылуы мүмкін емес жағдайлар), бағаның және тұтынудың заттай көлемінің өзгеруі есебінен қалыптасқан түгел пайдаланылмаған қаражат қалдығы, бюджет қаражатын алушылардың жоспарланғанға қарағанда іс жүзіндегі санының азаюы, кредиттер, қарыздар бойынша сыйақы (мүдде) мөлшерлемесінің өзгеруі, іссапарлар кестесінің өзгеруі, жол жүру, іс-шаралар өткізу мерзімінің ауысуына байланысты өзге ағымдағы шығындар бойынша іс-шаралар жоспарының өзгеруі.";

      "27. Басқа (субъективтік) себептерге мыналар жатқызылады:

      мемлекеттік сатып алу бойынша өтпей қалған конкурстар;

      бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаны тиімді басқармауы (конкурстық рәсімдерді уақтылы өткізбеу, оларды өткізу мерзімдерін ауыстыру, жасалмаған шарттар, қаржы жоспарларға өзгерістер енгізу, төлем құжаттарын ұзақ келісу, бюджет қаражатының талап етілмеуі, көтеріңкі құндық және сандық көрсеткіштер, жылдық жоспарларды негізсіз айлар бойынша бөлу);

      орындалмаған шарттық міндеттемелер (өнім берушілердің шарт талаптарын бұзуы, өнім берушілердің тауарларды жеткізбеуі, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) берушілердің орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды, нарықты талдауын уақтылы бермеуі);

      бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөнінде нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау және басқа себептер.";

      29-тармақта:

      4)6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) 17 – 20-бағандарда бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Нұсқаудың 26-тармағында жазылған, бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне тәуелді емес объективті себептер бойынша қалыптасқан соманы көрсетеді;

      5) 21 – 25-бағандарда бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Нұсқаудың 27-тармағында жазылған басқа (субъективті) себептер бойынша қалыптасқан жалпы соманы жеке көрсетеді;

      6) 26, 27-бағандарда бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ай сайын төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) жоспарының орындалмау және есепті кезеңде міндеттемелердің уақтылы қабылданбау немесе қабылданбау себептерін көрсетеді.";

      7) тармақша алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 33-1 және 33-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "33-1. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы айдың жиырмасы күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Нұсқаудың 15-қосымшасына сәйкес төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының күтілетін орындалуы туралы ақпаратты ұсынады;

      33-2. Осы Нұсқаудың 15-қосымшасында көрсетілген төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының күтілетін орындалуы туралы ақпарат былайша толтырылады:

      1) 1–4-бағандарда Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8397 болып тіркелген) Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың функционалдық сыныптамасына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кодтары мен атаулары, бағдарлама мен кіші бағдарлама көрсетіледі;

      2) 5–6-бағандарда әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша қаржы жылының басынан өсу қорытындысымен, сондай-ақ алдағы айға арналған төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының сомасы көрсетіледі;

      3) 7–8-бағандарда әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша қаржы жылының басынан өсу қорытындысымен, сондай-ақ алдағы айға арналған бюджет шығыстары бойынша күтілетін атқарылу сомасы көрсетіледі;

      4) 9-10-бағандарда әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша шығыстар жөнінде күтілетін атқарылудың пайызы көрсетіледі;

      5) 11-12-бағандарда әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша қаржы жылының басынан өсу қорытындысымен, сондай-ақ алдағы айға арналған жоспардың болжамдалатын атқарылу сомасы көрсетіледі.";

      4-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Стратегиялық жоспарды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларды іске асыруын талдау.

      43. Стратегиялық жоспарды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаржы жылының қорытындысы бойынша бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті осы Нұсқаудың 14-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасайды.

      Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есеп ағымдағы қаржы жылының 15 ақпанына дейінгі мерзімде әрбір бюджеттік бағдарламаның бөлінісінде оған түсіндірме жазбамен қағаз және магнитті (электрондық) тасығыштарда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға беріледі.

      44. Осы Нұсқаудың 14-қосымшасында көрсетілген өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есеп былайша толтырылады:

      "Бюджеттік бағдарламаның коды мен әкімшісі" деген жол бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды мен атауы көрсетіледі;

      "Бюджеттік бағдарлама" деген жол бойынша бюджеттік бағдарламаның атауы көрсетіледі;

      "Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды" деген 1-бағанда бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды көрсетіледі;

      "Бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) коды" деген 2-бағанда бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) коды көрсетіледі;

      "Бюджеттік бағдарламаның атауы" деген 3-бағанда бюджеттік бағдарламаның атауы көрсетіледі;

      "Тікелей нәтиже көрсеткіші" деген 4, 5-бағандарда бюджеттік бағдарламаның қойған мақсатына қол жеткізу үшін бюджеттік бағдарламаны іске асыру нәтижелерін көрсететін жоспарлы және іс жүзінде орындалған сандық көрсеткіштер көрсетіледі;

      "Тікелей нәтиже көрсеткішіне қол жеткізу" деген 6-бағанда пайыздармен іс жүзінде қол сандық көрсеткіштердің жоспарымен ара қатынасы көрсетіледі;

      "Есепті жылға көзделген жоспар" деген 7-бағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес есепті жылға жоспарланған сомасы көрсетіледі;

      "Есепті жылдағы атқарылу (төленген міндеттемелер)" деген 8-бағанда есепті жылда төленген міндеттемелер сомасы көрсетіледі;

      "Атқарылу %" деген 9-бағанда есепті жылдағы атқаруды (төленген міндеттемелер) есепті жылға көзделген жоспарға бөлу және оны жүз пайызға көбейту жолымен орындалу пайызы көрсетіледі;

      "Атқарылмау сомасы" деген 10-бағанда 7-бағанның көрсеткішінен 8-бағанның көрсеткішін шегеру жолымен анықталатын есепті жылдағы бюджет қаражатының атқарылмау сомасы көрсетіледі;

      "Қол жеткізе алмау себептері" деген 11-бағанда тікелей нәтиже көрсеткіштері бойынша орындалмаған (түгел орындалмаған) іс-шаралар, сондай-ақ олардың орындалмау (түгел орындалмау) себептері көрсетіледі.

      45. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есеппен бір уақытта ұсынылатын түсіндірме жазба мыналарды қамтиды:

      1) бюджеттік бағдарламаның атауы;

      2) бюджеттік бағдарламаны іске асыруға арналған жоспарлы және іс жүзіндегі шығыстар (мың теңге), сондай-ақ өткен қаржы жылында осы бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет шығыстары туралы ақпарат және тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бірлігі үшін іс жүзіндегі шығыстар;

      3) бюджет қаражатының атқарылмау сомасы және олардың себептері;

      4) тікелей нәтиженің жоспарланған және іс жүзінде қол жеткізілген сандық көрсеткіштері туралы сандық ақпарат (даналар, бірліктер, шаршы метрлер және тағы сол сияқты), алдыңғы қаржы жылындағы бюджеттік бағдарлама нәтижелері: тікелей нәтиженің қол жеткізілген сандық көрсеткіштерінің және бір бірлікке іс жүзінде көрсетілген қызметтердің саны (тауарлар, жұмыстар);

      5) өткен есепті жылдың басымен салыстырғанда тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектің болуы туралы ақпарат, оның ішінде пайда болған берешектердің себептерін және оларды өтеу жөнінде қабылданған (қабылданатын) шараларды көрсете отырып, өткен жылдар берешегі;

      6) бақылау органдары жүргізген бюджет қаражатын пайдаланудың атаулылығы мен нысаналы сипаттығы, растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шараларды баяндай отырып, Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы тұрғысынан (әрқайсысының бөлінісінде) тексеру жөніндегі ақпаратты қамтиды.

      46. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері берген ақпараттар, ішкі бақылау қызметтерінің материалдары, сондай-ақ ішкі және сыртқы факторлардың әсерін анықтау негізінде бюджеттік бағдарламаның нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу жөнінде талдау жүргізеді.

      47. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалардың нәтиже көрсеткішіне қол жеткізудің талдауын оның негізінде алынған ақпаратты Түсімдер бойынша тиісті бюджетті атқару туралы, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есепке енгізу үшін жүзеге асырады.".

      8, 9, 14-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 15-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (З.А. Ерназарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

      3. Ақпараттық технологиялар департаментi (Д.Ж. Күнтубаев) "Бюджеттiк процесс мониторингi" бағдарламалық қамтымына тиісті өзгерістер енгізсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Жәмішев


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2013 жылғы 24 маусымдағы
№ 294 бұйрығына
1-қосымша
Бюджеттік мониторинг жүргізу
Нұсқауына 8-қосымша

200___ жылғы ________________ жағдай
Есеп бойынша бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды)
іске асыру мониторингiнiң нәтижелерi туралы

      Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi

      Бюджеттiң түрi

      Есептi кезең Өлшем бiрлiгi

       мың теңге

Коды

Атауы

Бір жылға арналған жиынтық қаржыландыру жоспары

Есепті кезеңге арналған жиынтық қаржыландыру жоспары

Қабылданған міндеттемелер

Төленген міндеттемелер

Атқарылу % (9 - бағ./7 - бағ.*100)

Атқарылмау сомасы (9 - бағ.-7 - бағ.)

Қабылданбаған міндеттемелер сомасы (8-бағ. - 6-бағ.)

Бір жылға арналған күтілетін орындалуы

Атқарылу % (13 - бағ./5 - бағ.*100)

Бір жылға күтілетін атқарылмау сомасы (13-бағ. - 5-бағ.)

ББӘ

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

міндеттемелер бойынша

төлемдер бойынша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15




Барлығы















оның ішінде:















ЕТҚ бойынша үнемдеу

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х




бағамдық айырма

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х




оның ішінде:















Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар





























Даму бағдарламалар



























      кестенің жалғасы

оның ішінде

Ескерту (жоспардың орындалмау себептерін бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) әкімшілерінің негіздеуі

Ескерту (бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) әкімшілерінің міндеттемелерді өз уақытылы қабылдау не қабылдамауының негіздемесі

мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемдеу

объективті, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне тәуелді емес

оның ішінде

басқа (субъективтік) себептер

оның ішінде

ЕТҚ бойынша үнемдеу

Үкіметтің шешімдері қабылданбаған бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінбеген қалдық

басқа себептер бойынша үнемдеу

мемлекеттік сатып алу бойынша өтпей қалған конкурстар

бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаны тиімді басқармауы (конкурстық рәсімдерді уақтылы өткізбеу, оларды өткізу мерзімдерін ауыстыру, жасалмаған шарттар, қаржы жоспарларға өзгерістер енгізу, төлем құжаттарын ұзақ келісу, бюджет қаражатының талап етілмеуі, көтеріңкі құндық және сандық көрсеткіштер, жылдық жоспарларды негізсіз айлар бойынша бөлу)

орындалмаған шарттық міндеттемелер (өнім берушілердің шарт талаптарын бұзуы, өнім берушілердің тауарларды жеткізбеуі, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) берушілердің орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды, нарықты талдауын уақтылы бермеуі)

бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөнінде нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау және басқа себептер

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

























х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х






































      Ескерту: * 13-бағанды бюджеттік бағдарламалар әкімшілері

       ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысынан бастап

       ағымдағы жылдың соңына дейін толтырады.

      Орталық атқарушы органның жауапты

      хатшысы (белгіленген тәртіппен

      орталық атқарушы орган жауапты

      хатшысының өкілеттіктері жүктелген _________ ___________________

      лауазымды тұлға)/мемлекеттік мекеме (қолы) (қолды таратып жазу)

      басшысы

      Қаржы қызметінің басшысы ________ ____________________

       (қолы) (қолды таратып жазу)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2013 жылғы 24 маусымдағы
№ 294 бұйрығына
2-қосымша
Бюджеттік мониторинг жүргізу
Нұсқауына 9-қосымша

200 ____ жылғы _________________ жағдай бойынша
_______________ бюджеттің орындалуы туралы талдамалы есеп

      Бюджет түрі __________

      Мерзімділігі ***

       мың теңге

Коды

Атауы

Бір жылға арналған жиынтық қаржыландыру жоспары

Есепті кезеңге арналған жиынтық қаржыландыру жоспары

Қабылданған міндеттемелер

Төленген міндеттемелер

Атқарылу % (9 - бағ./7 - бағ.*100)

Атқарылмау сомасы (9 - бағ.-7 - бағ.)

Қабылданбаған міндеттемелер сомасы (8-бағ. - 6-бағ.)

Бір жылға арналған күтілетін орындалуы

Атқарылу % (13 - бағ./5 - бағ.*100)

Бір жылға күтілетін атқарылмау сомасы (13-бағ. - 5-бағ.)

ББӘ

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

міндеттемелер бойынша

төлемдер бойынша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15




Барлығы















оның ішінде:















Ағымдағы бағдарлама





























Даму бағдарламасы



























      кестенің жалғасы

оның ішінде

Ескерту (жоспардың орындалмау себептерін бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) әкімшілерінің негіздеуі

Ескерту (бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) әкімшілерінің міндеттемелерді өз уақытылы қабылдау не қабылдамауының негіздемесі

мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемдеу

объективті, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне тәуелді емес

оның ішінде

басқа (субъективтік) себептер

оның ішінде

ЕТҚ бойынша үнемдеу

Үкіметтің шешімдері қабылданбаған бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінбеген қалдық

басқа себептер бойынша үнемдеу

мемлекеттік сатып алу бойынша өтпей қалған конкурстар

бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаны тиімді басқармауы (конкурстық рәсімдерді уақтылы өткізбеу, оларды өткізу мерзімдерін ауыстыру, жасалмаған шарттар, қаржы жоспарларға өзгерістер енгізу, төлем құжаттарын ұзақ келісу, бюджет қаражатының талап етілмеуі, көтеріңкі құндық және сандық көрсеткіштер, жылдық жоспарларды негізсіз айлар бойынша бөлу)

орындалмаған шарттық міндеттемелер (өнім берушілердің шарт талаптарын бұзуы, өнім берушілердің тауарларды жеткізбеуі, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) берушілердің орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды, нарықты талдауын уақтылы бермеуі)

бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөнінде нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау және басқа себептер

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

























х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х






































      Ескерту: * 13-бағанды бюджеттік бағдарлама әкімшісі

       толтырады а.ж. 9 айдың қорытындыларынан бастап

       және ағымдағы жылдың соңына дейін

       *** осы Нұсқаудың 23-тармағына сәйкес есепті тоқсан

       сайын ұсыну осы Нұсқаудың 25-тармағына сәйкес

       есепті ай сайын ұсыну

      Бюджетті атқару жөнінде уәкілетті

      органның құрымдылық бөлімшесінің

      басшысы _________ _____________________

       (қолы) (қолды таратып жазу)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2013 жылғы 24 маусымдағы
№ 294 бұйрығына
3-қосымша
Бюджеттік мониторинг жүргізу
Нұсқауына 14-қосымша

_____ қаржы жылында бюджеттік бағдарламаның
іске асырылуы туралы есеп

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды мен атауы: _________

      Бюджеттік бағдарлама _________________

Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды

Бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) коды

Бюджеттік бағдарламаның атауы

Тікелей нәтиже көрсеткіші

Тікелей нәтиже көрсеткішіне қол жеткізу

Есепті жылға көзделген жоспар (мың теңге)

Есепті жылдағы атқарылу (төленген міндеттемелер) (мың теңге)

Атқарылу % (8-бағ./7-бағ.)*100%

Атқарылмау сомасы мың теңге) (7-бағ-8-бағ)

Қол жеткізе алмау себептері

жоспар

факт

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11














































































Бюджеттік қаражаттар
(мың теңге)



х

х






х


      Орталық атқарушы органның Жауапты

      хатшысы(белгіленген тәртіппен оған

      орталық атқарушы органның жауапты

      хатшысының өкілеттігі жүктелген

      лауазымды тұлға)/мемлекеттік

      мекеменің басшысы _______ ___________________

       (қолы) (қолды таратып жазу)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2013 жылғы 24 маусымдағы
№ 294 бұйрығына
4-қосымша
Бюджеттік мониторинг жүргізу
Нұсқауына 15-қосымша

Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының күтілетін орындалысы
туралы 20 _______ жылғы _______________ жағдай бойынша
Ақпарат

      Бюджеттік бағдарлама әкімшісі

      Бюджет түрі (республикалық)

      Есептік кезең (ай сайын)

      Өлшем бірлігі (мың теңге)

Коды

ББӘ

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

Жыл басындағы төлемдер бойынша жоспары

Алдағы айға арналған төлемдер бойынша жоспары

Арттырылған жиынтық жоспарының орындалысының күтілуі

Алдағы айға арналған жоспарының күтілуі

Орындалысы, %. гр.7 / гр.5 * 100

Орындалысы, %. гр.8 / гр.6 * 100

Жоспардың орындалмауы гр.7-гр.5

Жоспардың орындалмауы гр.8-гр.6

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12














































































































      Орталық атқарушы органның Жауапты

      хатшысы (орталық атқарушы органы

      Жауапты хатшысының уәкілеттілігі

      белгіленген тәртіпте жүктелген,

      яғни лауазымдық тұлға)/

      мемлекеттiк мекеме басшысы _______________ ____________________

       (қолы) (қолды таратып жазу)

      Қаржы қызметінің басшысы _______________ ____________________

       (қолы) (қолды таратып жазу)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады