Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 386 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 мамырдағы № 120 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 09 шілдеде 8566 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 227 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 227 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 386 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8319 тіркелген, 2013 жылғы 5 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 141 (28080) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларында:

      1-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

      3-қосымшаның 2-нысаны мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:

      "4. Өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығының болуы туралы мәліметтер:

      _____________________________________________________________;

      5. Тұлғаның қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган осы микроқаржы ұйымын тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын микроқаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы болғаны жөніндегі мәліметтер.";

      4-қосымшаның 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Басқа мәліметтер:

Өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығының болуы

Иә/жоқ (егер иә болса, онда қылмыстық жауапкершілікке тарту жөніндегі үкімнің күні мен нөмірі, 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің бабы көрсетілсін)

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін қадағалау органдарының қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетуі туралы деректердің болуы

Иә/жоқ (егер иә болса, онда осы шараны қолданған органның атауы және күні көрсетілсін)

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган осы микроқаржы ұйымын тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын микроқаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы болған

Ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі

Микроқаржы ұйымының басшысы болып жауапкер ретінде қаржылық қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сотта істі қарауға тартылды ма

(сотта істі қарау күні, жауапкер-ұйымның атауы, қаралатын мәселе және сот шешімі көрсетілсін)

Осы мәселеге қатысты басқа да ақпарат

(еркін түрде көрсетіледі)


      ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 мамырдағы
№ 120 қаулысына
қосымша
"Микроқаржы ұйымдарын
есептік тіркеуден өткізу және
микроқаржы ұйымдарының
тізілімін жүргізу қағидаларына
1-қосымша"
нысан

      _____________________________________________________________________

      (қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау

      жөніндегі уәкілетті органның толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

Өтініш

      Микроқаржы ұйымы ретінде есептік тіркеуден өткізуіңізді сұраймын

      Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      1. Өтініш берушінің тұрған жері

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің, офистің нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      (телефон, факс, адрес электрондық почтаның мекенжайы, бар болса интернет-ресурс)

      2. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсы бойынша даналар мен парақтар саны:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Өтініш беруші өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) шынайы болуына толығымен жауап береді.

      Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, лауазымы

      _____________________________________________________________________

      (қолы)

      20__ жылғы "___" _____________

      мөрдің орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады