"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 309 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 237 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 шілдеде № 8570 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 16 маусымдағы № 283 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 16.06.2023 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 309 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7106 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 360-367 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесінде:

      үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті орган ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау рейтингін соңғы 5 жылдағы мәліметтердің негізінде айқындайды. Егер субъектінің қызмет кезеңі 5 жылдан аспайтын болса, онда бағалау рейтингі барлық кезең бойынша айқындалады.".

      2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.А. Ырсалиев):

      1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Жұмағұлов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады