Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарын құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 15 шілдедегі № 251 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 17 шілдеде № 8572 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 157 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 05.05.2014 № 157 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу ережесінің 40-3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарын құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау әдiстемесi бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      Б. Имашев

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 
2013 жылғы 15 шілдедегі
№ 251 бұйрығымен 
бекітілді     

Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті
атқарушы органдарын құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін
бағалау әдiстемесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарын құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау әдiстемесi (бұдан әрі - Әдістеме) бағаланатын аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) құқықтық қамтамасыз етілуіндегі қызметінің тиімділігін анықтауға арналған.
      2. Мемлекеттік органдардың құқықтық қамтамасыз етілуіндегі тиімділігін бағалауды (бұдан әрі - Бағалау) облыс әкімінің аппараты (бұдан әрі – Аппарат) жүргізеді.
      Бағалауды жүргізу үшін Аппарат лауазымды тұлғалар арасынан Жұмыс тобын құрады.
      3. Бағалау жыл сайын облыс әкімдігі бекітетін тиімділікке жыл сайынғы бағалау жүргізу кестесіне (бұдан әрі – Бағалау кестесі) сәйкес есептiк (күнтiзбелiк) жылдың қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
      4. Бағалау жүргізу үшін ақпаратты Бағалау кестесіне сәйкес мемлекеттік органдар Аппаратқа электрондық және қағаз тасымалдағышта ұсынады.
      5. Бағалау Әдістеменің қосымшаларына сәйкес ұсынылған ақпаратты талдау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
      6. Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дайындалады.
      7. Мемлекеттік органдардың бағалау нәтижелері туралы қорытындылары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына ұсынылады.

2. Бағалау жүргізу әдістемесі

      8. Бағалау мынадай өлшемдер бойынша жүзеге асырылады:
      1) мемлекеттік органдардың заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері (бұдан әрі - НҚА) бойынша норма шығармашылығы қызметі;
      2) НҚА-ның құқықтық мониторингі;
      3) мемлекеттік органдардың наразылық-талап-арыз жұмысы.
      9. Әр өлшем бойынша көрсеткіштер анықталады, оларға сәйкес тиісті балл қойылады. Өлшемдер мен көрсеткіштердің әрқайсысының осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес анықталған тиісті балдары бар.
      Балдар мемлекеттік органдардың құқықтық қамтамасыз етілуі бойынша өлшемдердің маңыздылығы дәрежесін ескере отырып қойылған.
      10. «Мемлекеттік органдардың заңға тәуелді НҚА бойынша норма шығармашылығы қызметі» өлшемдерін бағалау кезінде мыналар:
      1) заңға тәуелді НҚА жобалары бойынша ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың негізді ескертулерін ескеру;
      2) әділет органдары заң сараптамасы нәтижелері бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тартқан және заң сараптамасын жүргізбестен қайтарылған мемлекеттік органдардың НҚА үлесі ескеріледі.
      11. «НҚА-ның құқықтық мониторингі» өлшемін бағалау кезінде мыналар:
      1) НҚА-ның құқықтық мониторингі барысында анықталған, қайшы келетін, тиімсіз іске асырылатын, ескірген нормалардың, соның ішінде коллизиялар, олқылықтар, бланкеттік және сілтемелік нормалардың орын алғандығы анықталған НҚА үлесі;
      2) Құқықтық мониторинг қағидасын сақтау шеңберінде қолданыстағы заңнамаға НҚА-ны уақтылы сәйкестікке келтіру бойынша қабылданған шаралар;
      3) прокурорлық ден қою актілері, сот шешімдері бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА үлесі;
      4) әділет органдарының заң бұзушылықтарды жою туралы уақтылы орындалмаған ұсыныстарының саны ескеріледі.
     12. «Мемлекеттік органдардың наразылық-талап-арыз жұмысы» өлшемін бағалау кезінде мына көрсеткіштер ескеріледі:
      1) мемлекеттік бюджетке әсер ету тиімділігі;
      2) талап-арыздар бойынша жалпы балл.

3. «Мемлекеттік органдардың заңға тәуелді НҚА бойынша норма
шығармашылығы қызметі» өлшемі бойынша бағалау

      13. Осы өлшем бойынша бағалау мемлекеттік органдар осы Әдiстемеге 3 және 4-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша ұсынатын ақпарат негiзiнде жүргiзiледi.
      14. Баға мынадай формула бойынша есептеледi:

      бұл жерде К1 – осы өлшем бойынша мемлекеттiк органның бағасы;
      Р1 – «Заңға тәуелді НҚА жобалары бойынша ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың негізді ескертулерін ескеру» көрсеткіші;
      Р2 – «Әділет органдары заң сараптамасы нәтижелері бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тартқан және заң сараптамасын жүргізбестен қайтарылған мемлекеттік органдардың НҚА үлесі» көрсеткіші.
      Осы өлшем бойынша ең жоғары мән 31 балды құрайды.
      15. «Заңға тәуелді НҚА жобалары бойынша ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың негізді ескертулерін ескеру» көрсеткішінің мәні мынадай формула бойынша айқындалады:

      бұл жерде Р1 – осы көрсеткіштің мәні;
      k – 14-ке тең, алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіру коэффициенті;
      а – ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың негізді ескертулері болған заңға тәуелді НҚА жобаларының саны;
      b – заңға тәуелді НҚА жобаларының жалпы саны.
      16. Осы көрсеткішті бағалау кезінде, заңға тәуелді НҚА жобалары санының, ол бойынша ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың негізді ескертуі бар бағаланатын жылда әзірленген заңға тәуелді НҚА жобаларының жалпы санына арақатынасы анықталады.
      Ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың ескертулері болмаған жағдайда көрсеткіш бойынша 14-ке тең болатын балл қойылады.
      17. Ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізетін тиісті бейіндегі ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының қорытындылары және мемлекеттік органдардың осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес ұсынатын есепті деректері көрсеткішті бағалау үшін ақпарат көзі болып табылады.
      18. «Әділет органдары заң сараптамасы нәтижелері бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тартқан және заң сараптамасын жүргізбестен қайтарылған мемлекеттік органдардың НҚА үлесі» көрсеткішінің мәні мынадай формула бойынша есептеледі:

      бұл жерде Р2 – осы көрсеткіштің мәні;
      k – 17-ге тең, алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіру коэффициенті;
      а – мемлекеттік органдардың мемлекеттік тіркеуден бас тартылған және заң сараптамасын жүргізбестен қайтарылған НҚА саны;
      b – мемлекеттік органдардың мемлекеттік тіркеуге түскен актілерінің жалпы саны.
      19. Мемлекеттік органдардың осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес ұсынатын есепті ақпараты көрсеткішті бағалау үшін ақпарат көзі болып табылады.

4. «НҚА-ның құқықтық мониторингі» өлшемі бойынша бағалау

      20. Осы өлшем бойынша бағалау мынадай формуламен есептеледі:

      бұл жерде К2 – осы өлшем бойынша мемлекеттiк органның бағасы;
      Р1 – «НҚА-ның құқықтық мониторингі барысында анықталған, қайшы келетін, тиімсіз іске асырылатын, ескірген нормалардың, соның ішінде коллизиялар, олқылықтар, бланкеттік және сілтемелік нормалардың орын алғандығы анықталған НҚА үлесі» көрсеткіші;
      Р2 – «Құқықтық мониторинг қағидасын сақтау шеңберінде қолданыстағы заңнамаға НҚА-ны уақтылы сәйкестікке келтіру бойынша қабылданған шаралар» көрсеткіші;
      Р3 – «Прокурорлық ден қою актілері, сот шешімдері бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА үлесі» көрсеткіші;
      Р4 – «Әділет органдарының заң бұзушылықтарды жою туралы уақтылы орындалмаған ұсыныстарының саны» көрсеткіші.
      Осы өлшем бойынша ең жоғары мән 41 балды құрайды.
      21. «НҚА-ның құқықтық мониторингі барысында анықталған, қайшы келетін, тиімсіз іске асырылатын, ескірген нормалардың, соның ішінде коллизиялар, олқылықтар, бланкеттік және сілтемелік нормалардың орын алғандығы анықталған НҚА үлесі» көрсеткішінің мәні мынадай формула бойынша есептеледі:

      бұл жерде Р1 – осы көрсеткіштің мәні;
      k – 13-ке тең, алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіру коэффициенті;
      а – қайшы келетін, тиімді іске асырылмайтын, ескірген нормалардың, соның ішінде коллизиялар, олқылықтар, артық бланкеттік және сілтеме нормалардың болуы анықталған НҚА саны;
      b – оларға қатысты құқықтық мониторинг жүргізілген, реттелетін саладағы НҚА-ның жалпы саны.
      22. Көрсеткішті бағалауға арналған ақпарат көзі құқықтық мониторинг жүргізудің нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар ұсынған талдамалық анықтамалар, үкіметтік емес ұйымдардың және мүдделі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың ақпараты болып табылады.
      Ақпарат осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес ұсынылады.
      23. «Құқықтық мониторинг қағидасын сақтау шеңберінде қолданыстағы заңнамаға НҚА-ны уақтылы сәйкестікке келтіру бойынша қабылданған шаралар» көрсеткішінің мәні мынадай формула бойынша есептеледі:

      бұл жерде Р2 – осы көрсеткіштің мәні;
      k – 13-ке тең, алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіру коэффициенті;
      а – құқықтық мониторинг барысында анықталғандардың ішінен қабылданған НҚА-ның саны;
      b – құқықтық мониторинг барысында анықталғандардың ішінен әзірленген және әділет органдарына жолданған НҚА саны;
      с – мониторинг барысында анықталған НҚА-ның жалпы саны;
      0,5 – осы өлшемнің көрсеткіші бойынша үлестік коэффициент.
      24. Осы көрсеткішті есептеу кезінде, НҚА құқықтық мониторинг жүргізу барысында анықталған, қайта қабылданған жоғары тұрған НҚА сәйкес келтірілгендердің, соның ішінде оларға қатысты НҚА қабылданған және әзірлеу мен әділет органдарына жіберу жөнінде шаралар қабылданғандардың саны ескеріледі.
      25. Мемлекеттік органдар осы Әдістемеге 6-қосымшаға сәйкес ұсынатын есептік ақпарат көрсеткішті бағалау үшін ақпарат көзі болып табылады.
      26. Қайшы келетін, тиімді іске асырылмайтын, ескірген нормалардың, соның ішінде коллизиялар, олқылықтар, артық бланкеттік және сілтеме нормалардың болуы анықталған НҚА болмаған жағдайда көрсеткіш бойынша 13-ке тең балл қойылады.
      27. «Прокурорлық ден қою актілері, сот шешімдері бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА үлесі» көрсеткішінің мәні мынадай формула бойынша айқындалады:

      бұл жерде Р3 – осы көрсеткіштің мәні;
      k – 8-ге тең, алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіру коэффициенті;
      а – прокурорлық ден қою актілері, сот шешімдері бойынша өзгертілген, күшін жойған актілер бойынша мемлекеттік органның НҚА саны;
      b – мемлекеттік орган әзірлеген (қабылдаған) қолданылатын заңға тәуелді НҚА-ның жалпы саны (негізгі актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізетін НҚА-ны қоспағанда).
      28. Прокуратура органдарының және соттың актілері, осы Әдістеменің 7-қосымшасына сәйкес бағаланатын мемлекеттік органдардың есептік ақпараты көрсеткішті бағалау үшін ақпарат көзі болып табылады.
      29. Прокурорлық ден қою актілері бойынша, сот шешімдері бойынша өзгертілген, күшін жойған НҚА болмаған жағдайда көрсеткіш бойынша 8-ге тең балл қойылады.
      30. «Әділет органдарының заң бұзушылықтарды жою туралы уақтылы орындалмаған ұсыныстарының саны» көрсеткішінің мәні мынадай формула бойынша айқындалады:

      бұл жерде Р4 – осы көрсеткіштің мәні;
      k – 7-ге тең, алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіру коэффициенті;
      а – әділет органдарының заң бұзушылықтарды жою туралы уақтылы орындалмаған ұсыныстарының саны;
      b – әділет органдарының НҚА-ға қатысты заң бұзушылықтарды жою туралы енгізген ұсыныстарының жалпы саны.
      31. Әділет органдарының заң бұзушылықтарды жою туралы енгізген ұсыныстары, осы Әдістеменің 8-қосымшасына сәйкес бағаланатын мемлекеттік органдардың есептік ақпараты көрсеткішті бағалау үшін ақпарат көзі болып табылады.
      32. Әділет органдарының заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстарын енгізу фактілері болмаған жағдайда көрсеткіш бойынша 7-ге тең балл қойылады.

5. «Мемлекеттік органдардың наразылық-талап-арыз жұмысы»
өлшемі бойынша бағалау

      33. Осы өлшем бойынша бағалау осы Әдістеменің 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органдар ұсынатын ақпарат негізінде жүргізіледі.
      Осы өлшем бойынша ең жоғары мән 28 балды құрайды.
      34. Бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:

                          К3=Р1+Р2,

      бұл жерде К3 – осы өлшем бойынша мемлекеттiк органның бағасы;
      Р1 – мемлекет пайдасына берілген ақшалай қаражаттың жалпы сомасына қатысты (a), мемлекетке қарсы берілген ақшалай қаражаттың жалпы сомасына (b) есептелетін «Мемлекеттік бюджетке әсер ету тиімділігі» көрсеткіші (толық және ішінара қанағаттандырылатын талап қою ескеріледі) мынадай формула бойынша:

      бұл жерде:
      а – есепті жылда мемлекет пайдасына берілген ақшалай қаражаттың жалпы сомасы;
      b – есепті жылда мемлекетке қарсы берілген ақшалай қаражаттың жалпы сомасы.
      Мемлекеттік бюджетке әсер ету тиімділігі көрсеткіші бойынша балдар мынадай шкала бойынша 0-ден 8-ге дейін бағаланды:

Қатынас көрсеткіші

Балдар

1-ден аз

0

1-ден 2-ге дейін

1

2-ден 5-ке дейін

2

5-тен 10-ға дейін

3

10-нан 50-ге дейін

4

50-ден 100-ге дейін

5

100-ден 500-ге дейін

6

500-ден 1000-ға дейін

7

1000 жоғары

8

      Егер, мынадай жағдайларда:
      1) а = 0 – осы көрсеткіш мәні 0-ге тең;
      2) b = 0 - осы көрсеткіш мәні 8-ге тең;
      а = 0 бір уақытылы мәнде және b = 0 - осы көрсеткіш мәні 8-ге тең.
      Р2 – «Талап-арыздар бойынша жалпы балл» көрсеткіші.
      «Талап-арыздар бойынша жалпы балл» көрсеткіш мәні мынадай формула бойынша есептеледі:
                        Р2 = D1+D2+D3+D4,
      бұл жерде:
      D1 – «Мемлекеттік орган қозғаған қанағаттандырылған талап-арыздардың үлесі» көрсеткіші;
      D2 – «Мемлекеттік органға қарсы қозғалған қанағаттандырылған талап-арыздардың үлесі» көрсеткіші;
      D3 – «Мемлекеттік орган қозғаған ішінара қанағаттандырылған талап-арыздардың үлесі» көрсеткіші;
      D4 – «Мемлекеттік органға қарсы қозғалған ішінара қанағаттандырылған талап-арыздардың үлесі» көрсеткіші.
      35. «Мемлекеттік орган қозғаған қанағаттандырылған талап-арыздардың үлесі» көрсеткіш мәні мынадай формула бойынша айқындалады:

      бұл жерде D1 – осы көрсеткіштің мәні;
      k – 5-ке тең, алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіру коэффициенті;
      а – есепті жылда шешімі заңды күшіне енген, мемлекеттік орган қозғаған, қанағаттандырылған талап-арыздардың саны (соның ішінде, соттың қадағалау сатысында қаралғандары);
      b – есепті жылда мемлекеттік орган қозғаған талап-арыздардың жалпы саны.
      Есепке есепті жылда шешімі заңды күшіне енген, мемлекеттік орган қозғаған, соның ішінде, қадағалау сатысынан өткен талап-арыздар алынады.
      Жүргізілген істер болмаған жағдайда (есепті жылда күшіне енген шешімдер) осы көрсеткіштің мәні 5-ке тең.
      36. «Мемлекеттік органға қарсы қозғалған қанағаттандырылған талап-арыздардың үлесі» көрсеткішінің мәні мынадай формула бойынша айқындалды:

      бұл жерде D2 – осы көрсеткіштің мәні;
      k – 5-ке тең, алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіру коэффициенті;
      а – есепті жылда шешімі заңды күшіне енген, мемлекеттік органға қарсы қозғалған, қанағаттандырылған талап-арыздардың саны (соның ішінде, соттың қадағалау сатысында қаралғандары);
      b – есепті жылда мемлекеттік органға қарсы қозғалған талап қоюлардың жалпы саны.
      Есепке есепті жылда шешімі заңды күшіне енген, мемлекеттік органға қарсы қозғалған, соның ішінде, қадағалау сатысынан өткен талап-арыздар алынады.
      Жүргізілген істер болмаған жағдайда (есепті жылда күшіне енген шешімдер) осы көрсеткіштің мәні 5-ке тең.
      37. «Мемлекеттік орган қозғаған ішінара қанағаттандырылған талап-арыздардың үлесі» көрсеткішінің мәні мынадай формула бойынша айқындалады:

      бұл жерде D3 – осы көрсеткіштің мәні;
      k – 5-ке тең, алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіру коэффициенті;
      а – есепті жылда шешімі заңды күшіне енген, мемлекеттік орган қозғаған, ішінара қанағаттандырылған талап-арыздардың саны (соның ішінде, соттың қадағалау сатысында қаралғандары);
      b – есепті жылда мемлекеттік орган қозғаған талап-арыздардың жалпы саны.
      Есепке есепті жылда шешімі заңды күшіне енген, мемлекеттік орган қозғаған, соның ішінде, қадағалау сатысынан өткен талап-арыздар алынады.
      Жүргізілген істер болмаған жағдайда (есепті жылда күшіне енген шешімдер) осы көрсеткіштің мәні 5-ке тең.
      38. «Мемлекеттік органға қарсы қозғалған ішінара қанағаттандырылған талап-арыздардың үлесі» көрсеткішінің мәні мынадай формула бойынша айқындалады:

      бұл жерде D4 – осы көрсеткіштің мәні;
      k – 5-ке тең, алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіру коэффициенті;
      а – есепті жылда шешімдері заңды күшіне енген мемлекеттік органға қарсы қозғалып, ішінара қанағаттандырылған талап-арыздар саны (соның ішінде, соттың қадағалау сатысында қаралғандары);
      b – есепті жылда мемлекеттік органға қарсы қозғалған талап-арыздардың жалпы саны.
      Есепті жылда шешімдері заңды күшіне енген мемлекеттік органға қарсы қозғалған, соның ішінде қадағалау сатысынан өткен талап-арыздар есепке алынады.
      Жүргізілген істер болмаған жағдайда (есепті жылда күшіне енген шешімдер бойынша) аталған көрсеткіштің мәні 5-ке тең.
      39. Заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде, мемлекеттік органдардың осы Әдістеменің 9-қосымшасына сәйкес ұсынатын есептік ақпараты «Мемлекеттік органдардың наразылық-талап-арыз жұмысы» өлшемін бағалау үшін ақпарат көзі болып табылады.

6. Қорытынды бағалау

      40. Қорытынды бағалау барлық өлшемдер бойынша есептеулердің алынған нәтижелерін қосу арқылы анықталады:
                       О1=К1+К2+К3,
      бұл жерде О1 – құқықтық қамтамасыз ету тиімділігі бойынша мемлекеттік органның қорытынды бағалауы.
      41. Бағалау нәтижелері туралы қорытынды:
      бағаланатын мемлекеттік органның атауын;
      барлық өлшемдер бойынша бағалау кестесін;
      өлшемдер бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін талдауды;
      тұжырымдар мен ұсыныстарды қамтиды.

7. Қайта ұйымдастырылған және таратылған мемлекеттік
органдарды бағалау

      42. Бағаланатын мемлекеттік орган бағаланатын жылдың бірінші жарты жылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда аталған мемлекеттік органды бағалау құқықтық мирасқор - мемлекеттік органды бағалау шеңберінде жүзеге асырылады және есептеу кезінде құқықтық мирасқор - мемлекеттік органды бағалаудың қорытынды балы ескеріледі.
      43. Бағаланатын мемлекеттік орган бағаланатын жылдың екінші жарты жылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде аталған органды бағалау жүзеге асырылмайды. Бағаланатын жылдың екінші жарты жылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған мемлекеттік органның қызметін талдау құқықтық мирасқор - мемлекеттік органды бағалау шеңберінде ескеріледі және ұсынымдар ретінде пайдаланылады.
      44. Бағаланатын мемлекеттік орган бағаланатын кезеңнен кейінгі жылдың басынан бастап, мемлекеттік органдардың есепті деректерді беру мерзімдері бағалау кестесінде белгіленгенге дейінгі кезеңде қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде аталған мемлекеттік органды бағалау бағаланатын кезеңдегі нәтижелер ескеріле отырып жүзеге асырылады. Берілген функциялар мен өкілеттіктер бойынша бағалау нәтижелері құқықтық мирасқор - мемлекеттік органға ұсынымдар ретінде беріледі.

8. Бағалау нәтижелерін қайта тексеру

      45. Аппаратқа мемлекеттік органдар бағалау жүргізу үшін ұсынатын ақпараттың дұрыстығын тікелей өздері қамтамасыз етеді.
      46. Аппарат бағаланатын мемлекеттік органдардың есептік ақпаратында қамтылған деректерді қайта тексеру бойынша (жинау, растайтын құжаттарды талдау және т.б.) ұйымдастыру шаралар кешенін қабылдайды.
      47. Бағаланатын мемлекеттік орган бағалау нәтижелерін алған сәттен бастап, бес жұмыс күні ішінде бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Аппаратқа растайтын құжаттармен бірге қарсылықтар не қарсылық жоқ екендігі туралы хабарлама жібереді. Белгіленген мерзім біткен соң бағаланатын мемлекеттік органдардың қарсылықтары қабылданбайды.
      48. Аппарат қарсылықтарды қарау үшін бағалаудың объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында арнайы комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады, оның құрамына мемлекеттік органдарды бағалауға қатысқан қызметкерлер кірмейді. Аппарат құрамы бес адамнан кем емес Комиссия саны мен құрамын өзі айқындайды.
      Бағаланатын мемлекеттік органдардан қарсылықтар алған сәттен бастап Аппарат Комиссияның қарауына күнтізбелік үш күн ішінде Аппарат пен бағаланатын мемлекеттік органның ұстанымдары көрсетілетін Әдістеменің 10-қосымшасына сәйкес келіспеушіліктер кестесін енгізеді.
      49. Комиссия қарсылықтар берген бағаланатын мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылатын қарсылықтарды қарау және бағалау нәтижелерінің объективтілігін анықтау жөніндегі отырыстар өткізеді.
      50. Комиссия отырысының нәтижелері мен қарсылықтарды қарау қорытындылары туралы алқа шешімін қабылдау бойынша келіспеушіліктер кестесі пысықталады және Комиссия төрағасы мен бағаланатын мемлекеттік органның өкілі қол қояды.
      51. Аппарат қайта тексеру нәтижелері бойынша қарсылықтарды қабылдау не қабылдамау туралы негізделген қорытындыларды Өңірлік сараптау комиссиясының жұмыс органына және бағаланатын мемлекеттік органдарға бес жұмыс күні ішінде жібереді. Қарсылықтар қабылданған жағдайда түзету енгізілген Қорытындылар бір мезгілде жолданады.

9. Мемлекеттік органдардың толық емес және сапасыз
ақпарат ұсынуы

      52. Бағаланатын мемлекеттік орган Аппаратқа толық және анық есептік ақпаратты Әдістеменің 3-9-қосымшаларына сәйкес Бағалау кестесінде белгіленген мерзімде ұсынады.
      Есептік ақпарат уақтылы, толық немесе шынайы емес күйінде ұсынылған жағдайда, мемлекеттік органның қорытынды бағалауынан осы бағытта сөгістің әрбір түрі үшін айыптық балдар шегеріледі.
      53. Аппаратқа Бағалау кестесінде көзделген мерзімінен кеш ұсынылған есептік ақпарат уақтылы емес деп танылады.
      Мемлекеттік органның кешіктірілген есептік ақпарат ұсынғаны үшін 1,5 айыптық балл шегеру көзделеді.
      54. Әдістеменің қосымшаларына сәйкес есептік ақпарат құрылымының белгіленген талаптарында көзделген элементтер (қосымшалар, тараулар, кестелер, көрсеткіштер мәндері және т.б.) жоқ есептік ақпарат толық емес деп танылады.
      Мемлекеттік органның толық емес есептік ақпарат ұсынғаны үшін 2 айыптық балл шегеру көзделеді.
      55. Қайта тексеру барысында шындыққа сәйкес емес фактілер анықталған есептік ақпарат шынайы емес деп танылады.
      Көрсетілген фактілер бағаланатын мемлекеттік органдардың есептік ақпаратында қамтылған деректерді қайта тексеру қорытындылары бойынша жасалатын Әдістеменің 11-қосымшасына сәйкес салыстыру актісінде тіркелуі тиіс.
      Мемлекеттік органның шынайы емес есептік ақпарат ұсынғаны үшін әрбір тіркелген фактіге 0,2 айыптық балл шегеру көзделеді. Шынайы емес ақпарат ұсынғаны үшін алынатын айыптық балл сомасы 5 балдан аспауы тиіс.
      Анықталған фактілер жөніндегі ақпарат мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытындының «Тұжырымдар мен ұсыныстар» бөлімінде сипатталады.

Аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) жергілікті атқарушы
органдарын құқықтық қамтамасыз
етудің тиімділігін бағалау  
әдістемесіне         
1-қосымша           

                                                                Нысан

Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті
атқарушы органдарын құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін
бағалау нәтижелері туралы қорытынды

__________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

________________
(есептік кезең)

Бағалау өлшемдері

Әрбір өлшемді бағалау балы

1

Мемлекеттік органдардың заңға тәуелді НҚА бойынша норма шығармашылығы қызметі


2

НҚА-ның құқықтық мониторингі


3

Мемлекеттік органдардың наразылық-талап-арыз жұмысы


Жалпы бағалау*:


Айыптық балл шегеру


Айыптық балды шегеруді ескере отырып қорытынды бағалау


Бағалау өлшемдері бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін талдау:

Тұжырымдар мен ұсыныстар:

Аппарат басшысы
_______________________________________
(қолы)   (қойылған қолды ашып көрсету)

Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің аппарат басшысы
_________ ______________________________
(қолы)    (қойылған қолды ашып көрсету)

20___ жылғы «____» ______________

Аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) жергілікті атқарушы
органдарын құқықтық қамтамасыз
етудің тиімділігін бағалау  
әдістемесіне         
2-қосымша           

Мемлекеттік органдардың құқықтық қамтамасыз ету
тиімділігін бағалау өлшемдері мен көрсеткіштері


р/с

Өлшем /көрсеткіш атауы

Маңыздылық мәні (көрсеткіштерге арналған балдар)

1

Мемлекеттік органдардың заңға тәуелді НҚА бойынша норма шығармашылығы қызметі

31

1.1

Заңға тәуелді НҚА жобалары бойынша ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың негізді ескертулерін ескеру

14

1.2

Әділет органдары заң сараптамасы нәтижелері бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тартқан және заң сараптамасын жүргізбестен қайтарылған мемлекеттік органдардың НҚА үлесі

17

2

НҚА-ның құқықтық мониторингі

41

2.1

НҚА-ның құқықтық мониторингі барысында анықталған, қайшы келетін, тиімсіз іске асырылатын, ескірген нормалардың, соның ішінде коллизиялар, олқылықтар, бланкеттік және сілтемелік нормалардың орын алғандығы анықталған НҚА үлесі

13

2.2

Құқықтық мониторинг қағидасын сақтау шеңберінде қолданыстағы заңнамаға НҚА-ны уақтылы сәйкестікке келтіру бойынша қабылданған шаралар

13

2.3

Прокурорлық ден қою актілері, сот шешімдері бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА үлесі

8

2.4

Әділет органдарының заң бұзушылықтарды жою туралы уақтылы орындалмаған ұсыныстарының саны

7

3

Мемлекеттік органдардың наразылық-талап-арыз жұмысы

28

3.1

Мемлекеттік бюджетке әсер ету тиімділігі

8

3.2

Талап-арыздар бойынша жалпы балл

20


БАРЛЫҒЫ

100

Аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) жергілікті атқарушы
органдарын құқықтық қамтамасыз
етудің тиімділігін бағалау  
әдістемесіне         
3-қосымша           

                                                                Нысан

«Заңға тәуелді НҚА жобалары бойынша ғылыми сыбайлас жемқорлыққа
қарсы сараптаманың негізді ескертулерін ескеру»
көрсеткіші бойынша есептік ақпарат
______________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

№ р/с

НҚА нысаны мен атауы

Олардың ішінде

ескертулер саны

ескерілген негізді ескертулер саны

ескерілмеген
ескертулер саны

1

2

3

4

5






Аудан (облыстық маңызы бар қаланың)
әкім аппаратының басшысы          _____ __________________________
                                  (қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)

Аудан (облыстық маңызы бар қаланың)
әкімдігінің заң қызметінің басшысы
(заң қызметі болмаған жағдайда, заңгер
қызметін атқаратын тұлға)          ________ _____________________
                                  (қолы)  (қойылған қолды ашып көрсету)

                                          20___ж. «___» _____________

Аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) жергілікті атқарушы
органдарын құқықтық қамтамасыз
етудің тиімділігін бағалау  
әдістемесіне         
4-қосымша           

                                                                Нысан

«Әділет органдары заң сараптамасы нәтижелері бойынша
мемлекеттік тіркеуден бас тартқан және заң сараптамасын
жүргізбестен қайтарылған мемлекеттік органдардың НҚА үлесі»
көрсеткіші бойынша есептік ақпарат
___________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)


р/с

НҚА нысаны, күні және атауы

Олардың ішінде

мемлекеттік тіркелуге жіберілген (күні, нөмірі)

тіркелген (мемлекеттік тіркеу күні, нөмірі)

мемлекеттік тіркеуден бас тартылған (күні, нөмірі)

заң сараптамасын
жүргізбестен қайтарылған (күні, нөмірі)

1

2

3

4

5

6







Аудан (облыстық маңызы бар қаланың)
әкім аппаратының басшысы                _______ ____________________
                                      (қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)

Аудан (облыстық маңызы бар қаланың)
әкімдігінің заң қызметінің басшысы
(заң қызметі болмаған жағдайда,
заңгер қызметін атқаратын тұлға)    _____ _____________________
                                   (қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)

                                               20___ж. «___» ________

Аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) жергілікті атқарушы
органдарын құқықтық қамтамасыз
етудің тиімділігін бағалау  
әдістемесіне         
5-қосымша           

                                                                Нысан

«НҚА-ның құқықтық мониторингі барысында анықталған, қайшы
келетін, тиімсіз іске асырылатын, ескірген нормалардың, соның
ішінде коллизиялар, олқылықтар, бланкеттік және сілтемелік
нормалардың орын алғандығы анықталған НҚА үлесі»
көрсеткіші бойынша есептік ақпарат
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)


р/с

Оларға қатысты құқықтық мониторинг жүргізілген, реттелетін саладағы НҚА-ның жалпы саны

Қайшы келетін, тиімсіз іске асырылатын, ескірген нормалардың, соның ішінде коллизиялар, олқылықтар, артық бланкеттік және сілтеме нормалардың болуы анықталған НҚА саны

1

2

3




Аудан (облыстық маңызы бар қаланың)
әкім аппаратының басшысы         _______ ____________________
                                 (қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)

Аудан (облыстық маңызы бар қаланың)
әкімдігінің заң қызметінің басшысы
(заң қызметі болмаған жағдайда,
заңгер қызметін атқаратын тұлға)  _____ _____________________
                                  (қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)

                                          20___ж. «___» _____________

Аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) жергілікті атқарушы
органдарын құқықтық қамтамасыз
етудің тиімділігін бағалау  
әдістемесіне         
6-қосымша           

                                                                Нысан

«Құқықтық мониторинг қағидасын сақтау шеңберінде
қолданыстағы заңнамаға НҚА-ны уақтылы сәйкестікке
келтіру бойынша қабылданған шаралар»
көрсеткіші бойынша есептік ақпарат
___________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)


р/с

Құқықтық мониторинг жүргізу барысында анықталған реттелетін саладағы НҚА-ның нысаны, күні және атауы

Актіні қайта қабылданған жоғары тұрған НҚА сәйкес келтіру мақсатында қабылданған НҚА туралы мәлімет

Құқықтық мониторинг барысында анықталғандардың
ішінен әзірленген және әділет органдарына жіберілген НҚА туралы мәлімет

Әзірлеу мерзімдері

1

2

3

4

5






Аудан (облыстық маңызы бар қаланың)
әкім аппаратының басшысы         _______    ____________________
                                 (қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)

Аудан (облыстық маңызы бар қаланың)
әкімдігінің заң қызметінің басшысы
(заң қызметі болмаған жағдайда,
заңгер қызметін атқаратын тұлға)  _____     _____________________
                                 (қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)

                                            20___ж. «___» __________

Аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) жергілікті атқарушы
органдарын құқықтық қамтамасыз
етудің тиімділігін бағалау  
әдістемесіне         
7-қосымша           

                                                                Нысан

«Прокурорлық ден қою актілері, сот шешімдері бойынша
өзгертілген, күші жойылған НҚА үлесі» көрсеткішіне
есептік кесте
___________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)


р/с

Мемлекеттік органның қолданыстағы заңға тәуелді НҚА жалпы саны (негізгі актілерге өзгеріс және толықтыру енгізетін НҚА қоспағанда)

Мемлекеттік органның, оларға қатысты прокурорлардың актілері шығарылған НҚА саны

Мемлекеттік органның, оларға қатысты сот шешімі шығарылған НҚА саны

Оларды қарау (орындау) нәтижелері туралы мәлімет

Ескерту

1

2

3

4

5

6







Аудан (облыстық маңызы бар қаланың)
әкім аппаратының басшысы           _____     _____________________
                                 (қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)

Аудан (облыстық маңызы бар қаланың)
әкімдігінің заң қызметінің басшысы
(заң қызметі болмаған жағдайда,
заңгер қызметін атқаратын тұлға)   _____     _____________________
                                 (қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)

                                                20__ж. «___» _______

Аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) жергілікті атқарушы
органдарын құқықтық қамтамасыз
етудің тиімділігін бағалау  
әдістемесіне         
8-қосымша           

                                                                Нысан

«Әділет органдарының заң бұзушылықтарды жою
туралы уақтылы орындалмаған ұсыныстарының саны»
көрсеткішіне есептік кесте
___________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

№ р/с

Әділет органдарының ұсыныстарының жалпы саны

Уақтылы орындалған ұсыныстардың саны

Уақтылы орындалмаған ұсыныстардың саны

1

2

3

4





Аудан (облыстық маңызы бар қаланың)
әкім аппаратының басшысы           _____     _____________________
                                 (қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)

Аудан (облыстық маңызы бар қаланың)
әкімдігінің заң қызметінің басшысы
(заң қызметі болмаған жағдайда,
заңгер қызметін атқаратын тұлға)  _____     _____________________
                                 (қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)

                                               20__ж. «___» ________

Аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) жергілікті атқарушы
органдарын құқықтық қамтамасыз
етудің тиімділігін бағалау  
әдістемесіне         
9-қосымша           

                                                                Нысан

«Мемлекеттік органдардың наразылық-талап-арыз жұмысы» өлшемі бойынша есептік ақпарат
______________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

№ р/с

Бірінші сатыдағы соттың атауы

Даудың мәні (заңнама саласын көрсету және дауға қатысты қысқаша ақпарат беру)

Мемлекеттік орган дауда: талапкер, жауапкер, үшінші тұлға ретінде қатысады

Басқа тараптың атауы және дауда кім: талапкер, жауапкер, үшінші тұлға ретінде қатысады

Бірінші сатыдағы сотта істі қарау нәтижесі және күні

Апелляциялық сатыдағы соттың атауы, қарау күні және нәтижесі (қажет болған жағдайда толтырылады)

Кассациялық сатыдағы соттың атауы, қарау күні және нәтижесі (қажет болған жағдайда толтырылады)

Қадағалау сатысындағы соттың атауы, қарау күні және нәтижесі (қажет болған жағдайда толтырылады)

Соттың соңғы шешімі (заңды күшіне енген) шешім шығарылған күн және заңды күшіне енген күн

Бюджетке төленген сома (мың теңгеде), олардың ішінде нақты өндірілгендері және қалған соманың өндірілмеу себебі (заңнамадағы коллизия және т.б.)

Бюджеттен төленген сома (мың теңгеде), олардың ішінде нақты өндірілгендері және қалған соманың өндірілмеу себебі (заңнамадағы коллизия және т.б.)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













Аудан (облыстық маңызы бар қаланың)
әкім аппаратының басшысы           _____     _____________________
                                 (қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)

Аудан (облыстық маңызы бар қаланың)
әкімдігінің заң қызметінің басшысы
(заң қызметі болмаған жағдайда,
заңгер қызметін атқаратын тұлға)   _____     _____________________
                                 (қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)

                                             20___ж. «___» __________

Аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) жергілікті атқарушы
органдарын құқықтық қамтамасыз
етудің тиімділігін бағалау  
әдістемесіне         
10-қосымша           

                                                                Нысан

Келіспеушіліктер кестесі
___________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

________________
(есептік кезең)

Аппараттың қорытындысы

Бағаланатын мемлекеттік органның қарсылығы

Шағым жасау қорытындылары бойынша шешім

Ескерту

1

2

3

4

5

1





Шағым жасау қорытындыларын есепке алғанда жалпы балл ___ құрады.

Комиссия төрағасы, лауазымы ________ ______________________________
                             (қолы)  (қойылған қолды ашып көрсету)

Шағым жасау қорытындыларымен таныстым,
қарсылығым жоқ.

Мемлекеттік органның өкілі, лауазымы
                              ________     ____________________
                              (қолы)   (қойылған қолды ашып көрсету)

                                                20__ ж. «___» _______

Аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) жергілікті атқарушы
органдарын құқықтық қамтамасыз
етудің тиімділігін бағалау  
әдістемесіне         
11-қосымша          

20__ жылдың қорытындылары бойынша мемлекеттік органдарды
құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін бағалау үшін
_____________________________
(мемлекеттік органның атауы)

Аппаратқа ұсынған деректерді салыстыру актісі

Шағым түрлері

Шегеру балдары

1

Мемлекеттік органның есептік ақпаратты уақтылы ұсынбауы


2

Мемлекеттік органның ақпаратты толық ұсынбауы


3

Мемлекеттік органның дәйексіз ақпаратты ұсынуы


Барлығы:


1. Бағалау кестесіне сәйкес мемлекеттік органның есептік ақпаратты
ұсыну мерзімі: 20___ жылғы «___» ____________ Есептік ақпаратты нақты
ұсынған күн: 20___ жылғы «___» ____________.
Шегеру: ______ балл құрайды.

2. Толық емес ақпарат ұсынған, соның ішінде есептік ақпараттың
құрылымында белгіленген талаптармен көзделген мынадай элементтер жоқ
(қосымшалар, бөлімдер, кестелер, көрсеткіштердің мәндері және т.б.):
1)__________________________________________________________________
2)__________________________________________________________________
Шегеру: ______ балл құрады.

3. Шынайы емес ақпарат ұсынылған. Қайта тексеру барысында шындыққа
сай келмейтін мынадай фактілер анықталды:
1)__________________________________________________________________
2)__________________________________________________________________
Шегеру: ______ балл құрады.

4. Шынайы емес ақпарат ұсынылған. Қайта тексеру барысында шындыққа
сай келмейтін мынадай фактілер анықталды:


р/с

Өлшемнің/көрсеткіштің атауы

Мемлекеттік органның деректері

Нақтыланған деректер

1


1 өлшем



2

1.1. Көрсеткіш



3

1.2. Көрсеткіш



4

Көрсеткіш …



5

2 өлшем



6

2.1. Көрсеткіш



7

2.2. Көрсеткіш



8

Көрсеткіш …



Шегеру: ______ балл құрайды.
Есептік ақпаратты қайта қарау нәтижелерін есепке алғанда жалпы балл _______ құрады.

Салыстыруды жүзеге асырған Аппараттың қызметкері
_______  ____________________________
(қолы)   (қойылған қолды ашып көрсету)

Аппарат басшысы _______ ______________________________
                (қолы)  (қойылған қолды ашып көрсету)

Заң қызметінің басшысы _______ _____________________________
                        (қолы) (қойылған қолды ашып көрсету)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады