Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді, инвестициялық портфельді басқарушы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 199 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 тамызда № 8672 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 26 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 26 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының атауы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді, инвестициялық портфельді басқарушы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 22 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 26 шілдедегі
№ 199 қаулысымен
бекітілген

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді, инвестициялық портфельді басқарушы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидалары

      Ескерту. Қағидалардың атауы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді, инвестициялық портфельді басқарушы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен, оның ішінде инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді, инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттар жасасқан инвестициялық портфельді басқарушылардың тізбесін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртібін және мерзімдерін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді қаржы құралдарының атауы мен санын, номиналдық құнын, сондай-ақ осы қаржы құралдарына инвестициялар мөлшерінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліне пайыздық арақатынасын көрсете отырып, Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысанда мемлекеттік тілде және орыс тілінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 33 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарын, оның ішінде Қағидалардың 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін меншікті интернет-ресурсын пайдаланады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 33 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді орналастыру үшін пайдаланатын интернет-ресурстың сервері өткізгіштік қабілеті кемінде 20 Mbit/sec байланыс арнасы бойынша Интернет желісіне қосылады. Интернет желісіне қосылу үшін деректерді беру жылдамдығы 128 Kbit/sec болатын байланыс арнасын пайдаланатын Интернет желісін пайдаланушының интернет-ресурсының кез келген парағын іске қосу уақыты парақты графикамен және басқа элементтермен толықтыруға қарай 10 секундтан аспайды.

      Интернет-ресурста ақпаратты орналастыру күні мен уақыты көрсетіледі, сондай-ақ олардың тұрақты сақталуы қамтамасыз етіледі.

      5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің құрылымы туралы мәліметтер ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады (орналастырылады).

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің құрылымы туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельге қатысты және инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельге қатысты жеке жарияланады (орналастырылады).

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтердегі деректер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті есепті күнгі бағамы бойынша ұлттық валюта - теңгемен көрсетіледі.

      7. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің интернет-ресурсында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттар жасасқан инвестициялық портфельді басқарушылардың мынадай мәліметтерді қамтитын тізбесін (бұдан әрі – басқарушылардың тізбесі) орналастырады:

      1) инвестициялық портфельді басқарушының атауы;

      2) инвестициялық портфельді басқарушының орналасқан жері, байланыс телефондарының нөмірлері, электрондық поштасының мекенжайы және интернет-ресурсының домені;

      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен инвестициялық портфельді басқарушының арасында зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасалған күн мен нөмір;

      4) инвестициялық портфельді басқарушыға берілген зейнетақы активтерін сақтауды және есепке алуды жүзеге асыратын кастодиан банктің атауы.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры инвестициялық портфельді басқарушымен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасалғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде инвестициялық портфельді басқарушы туралы мәліметтерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсында орналастырылған басқарушылар тізбесіне енгізеді.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен инвестициялық портфельді басқарушы арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт бұзылған кезде инвестициялық портфельді басқарушы туралы мәліметтер ол бұзылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде басқарушылар тізбесінен алып тастауға жатады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорының зейнетақы
активтерінің есебінен бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы
қорының инвестициялық
портфелінің құрылымы туралы
мәліметтерді, инвестициялық
портфельді басқарушы туралы
ақпаратты бұқаралық ақпарат
құралдарында жариялау
қағидаларына
қосымша
  Нысан

Басқарудағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ______________ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша (жарна түрі) инвестициялық портфельдің құрылымы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      _________________________________________
(атауы)

      20 __жылғы "_____" "_______________" жағдай бойынша

Эмитенттің атауы және қаржы құралының түрі

Қаржы құралының сәйкестендіргіші

Нақтылы құнның (базалық активтің) валютасы

Рейтингі

Өтеу күні

1

2

3

4

5











  кестенің жалғасы

Саны

Нақтылы құны

Ағымдағы құны

Инвестициялық портфельден үлес салмағы, %

Ескерту

6

7

8

9

10











      "Таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құны ___________ мың теңге.

      Кестені толтыру бойынша түсіндірмелер:

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфелінің құрылымы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы активтері бөлінісінде бөлек жарияланады.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің құрылымы туралы мәліметтерді берген кезде, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" көрсетіледі.

      Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің құрылымы туралы мәліметтерді берген кезде, осы инвестициялық портфельді басқарушының атауы көрсетіледі.

      "Жарналардың түрі" деген жолда зейнетақы жарналарына қарай қалыптастырылған зейнетақы активтері: "міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары" және "жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары" бойынша мәліметтер көрсетіледі.

      1-бағанда қаржы құралы эмитентінің толық атауы және оның түрі (оның ішінде "кері РЕПО" операциясы нәтижесінде алынған бағалы қағаз, тазартылған бағалы металл, туынды қаржы құралы, банк депозиті) көрсетіледі.

      2-бағанда баға белгіленетін қаржы құралдарының қысқаша атауы (бірегей сәйкестендіргіші), сондай-ақ қаржы құралдары үшін халықаралық сәйкестендіру нөмірі (Іnternatіonal Securіtіes Іdentіfіcatіon Number-ІSІN) не банк депозитін ашуға арналған шарттың нөмірі көрсетіледі.

      3-бағанда ол номиналданған қаржы құралының 07 ІSO 4217-2019 ҚР ҰЖ "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеушісіне сәйкес валюта коды не туынды қаржы құралы бойынша базалық актив болып табылатын валюта коды көрсетіледі.

      4-бағанда борыштық бағалы қағаздар үшін бағалы қағаздың қолда бар рейтингтік бағасы, акциялар (банк салымы) үшін эмитенттің (банктің) рейтингі не туынды қаржы құралдары үшін контрәріптестің рейтингі, сондай-ақ рейтингтік баға берген рейтингтік агенттіктің атауы көрсетіледі. Екі және одан да көп рейтингтік бағалар болған кезде рейтингтік агенттіктердің бірінің халықаралық және (немесе) ұлттық шәкілі бойынша ең жоғары рейтингтік бағасы көрсетіледі.

      5-бағанда шығарылым (мәміле (шарт) талаптарына сәйкес борыштық бағалы қағаздар ("кері РЕПО" операциясы немесе банктік салым немесе туынды қаржы құралы) үшін "күні/айы/жылы" форматында өтеу (жабу) күні көрсетіледі, үлестік және өзге де мерзімсіз бағалы қағаздар үшін бұл баған толтырылмайды.

      6-бағанда қаржы құралдарының саны данамен көрсетіледі.

      7-бағанда бір шығарылым облигацияларының санын осы шығарылымның бір облигациясының нақтылы құнына көбейту ретінде есептелетін облигациялардың нақтылы құны мың теңгемен көрсетіледі.

      8-бағанда есепті күнге есептелген сыйақыны қамтитын қаржы құралдарының ағымдағы жиынтық құны олардың құнсыздануын ескере отырып, мың теңгемен көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады