Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнде жүзеге асырылатын міндеттерді орындауға қажетті және жеткілікті дербес деректер тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 23 тамыздағы № 264-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 04 қыркүйекте № 8684 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 12-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.01.2016 № 12-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы Ереженің 21-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде жүзеге асырылатын міндеттерді орындауға қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (С.П. Базарбаев):
      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында оны ресми жариялауды белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдарының құрылымдық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы Р.Н. Ахметовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Төраға                                      М. Оспанов

Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының         
2013 жылғы 23 тамыздағы    
№ 264-НҚ бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
агенттігінде жүзеге асырылатын міндеттерді орындауға қажетті
және жеткілікті дербес деректердің тізбесі

р/с №

Дербес деректердің атауы

1. Жеке деректер

1.1

Тегі

1.2

Аты

1.3

Әкесінің аты

1.4

Туған жылы туралы деректер: туған жылы; туған жері

1.5

Ұлты

1.6

Білімі, мамандығы

1.7

Жынысы

1.8

Отбасы жағдайы

1.9

Азаматтығы туралы деректер:
азаматтығы (бұрынғы азаматтығы);
Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күні;
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан күні

1.10

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

1.11

Портрет суреті (цифрлы сурет)

1.12

Қолы

1.13

Жеке басын куәландыратын құжаттар деректері:
құжат атауы;
құжат нөмірі;
құжат берілген күні;
құжат қолданысының мерзімі;
құжатты берген орган

2. Негізгі деректер

2.1

Өмірбаяны

2.2

Арнайы тексеру нәтижелері

2.3

Декларация

2.4

Ант

2.5

Шектеулерді қабылдау туралы міндеттемелер

2.6

Мүлікті сенімгерлік басқаруға арналған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (болған жағдайда)

2.7

Еңбек өтілі: оның ішінде:


жалпы өтілі;
мемлекеттік қызметтегі өтілі

2.8

Марапаттар

2.9

Тәртіптік жаза


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады