Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 288 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 24 қыркүйекте 8728 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 120 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 27.02.2015 № 120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау ережесі бекітілсін.
      2. «Біліктілік емтиханын қабылдау және сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізуге құқық беретін сот сарапшысының біліктілік куәлігін беру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 113 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6837 тіркелген, 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 134-137 (26539) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           Б. Имашев

Қазақстан Республикасының
Әділет министрінің   
2013 жылғы 29 тамыздағы
№ 288 бұйрығымен   
бекітілген     

Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот
сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау ережесі

      1. Осы Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 20 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Біліктілік емтиханын тапсыру үшін сот сараптамасы біліктілігін алғаш рет алуға үміткер адам және қосымша сарапшылық мамандықты алуға үміткер адам Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органына мына құжаттарды:
      1) еркін нысандағы арыз;
      2) жеке куәліктің көшірмесін;
      3) жоғары білімі туралы дипломның көшірмесін (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы бар болса – дипломдардың көшірмелерін)(салыстыру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған);
      4) арнайы кәсiптiк даярлықтың қорытындысы бойынша пікір;
      5) арнайы кәсiптiк даярлықтан өткендігі туралы есеп;
      6) өмірбаян;
      7) екі фотосурет (өлшемі – 3х4) ұсынады.
      3. Біліктілік емтихандары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органының басшысы бекіткен кестеге және жоспарға сәйкес жүргізіледі.
      4. Сот сараптамасы біліктілігін алғаш рет алуға үміткер адам және қосымша сарапшылық мамандықты алуға үміткер адам біліктілік емтиханын тапсыратын күн туралы біліктілік емтиханын қабылдаудан бір ай бұрын хабардар етіледі.
      5. Біліктілік емтихандары 2 кезеңде үміткердің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіледі:
      1) қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу құқығы, криминалистика, әкімшілік құқық, Заң бойынша компьютерлік тестілеу нысанындағы білімін тексеру. Аталған кезең сот сараптамасы біліктілігін алғаш рет алуға үміткер адамдар үшін жүргізіледі.
      Егер дұрыс жауаптардың саны қойылған сұрақтардың жалпы санының 70 және одан да көп %-ын құраса, сот сараптамасы біліктілігін алғаш рет алуға үміткер адам тестілеуден өтті деп саналады. Тестілеу уақыты 90 минуттан аспайды;
      2) сот сараптамасының белгілі бір түрі бойынша білімін тексеретін емтихан билеттерге үш сұрақ кіреді.
      Екі және одан да көп сұрақтарға дұрыс жауап берген кезде, сот сараптамасы біліктілігін алғаш рет алуға үміткер адам және қосымша сарапшылық мамандықты алуға үміткер адам емтиханнан өтті деп саналады.
      Тестілеу нәтижесі теріс болған жағдайда, сот сараптамасы біліктілігін алғаш рет алуға үміткер адам біліктілік емтихандарының екінші кезеңіне жіберілмейді.
      6. Біліктілік емтихандарын тапсыру кезінде үміткердің көмекші құжаттарды (анықтамалық, арнайы әдебиеттерді), сондай-ақ аудиожазбалар мен байланыс құралдарын пайдалануына жол берілмейді.
      7. Сот сараптамасының белгілі бір түрі бойынша сот сарапшысының біліктілігі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің біліктілік комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) дауыс беру нәтижесі бойынша беріледі.
      8. Нәтижелері біліктілік емтиханын тапсырған күні жарияланады және Комиссия отырысының хаттамасында көрсетіледі.
      9. Комиссия 15 жұмыс күні ішінде біліктілік емтиханынан өткен үміткерге осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігін (бұдан әрі – біліктілік куәлігі) береді. Қосымша сарапшылық мамандықты алу кезінде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік куәлігіне қосымша бір ай ішінде рәсімделеді.
      10. Комиссия теріс шешім қабылдаған жағдайда, біліктілік емтиханын қайта тапсыруға 3 айдан кейін жол беріледі.

Сот сараптамасының белгілі   
бір түрін жүргізу құқығына сот 
сарапшысы біліктілігін беру үшін
біліктілік емтихандарын қабылдау
ережесіне 1-қосымша     

нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘДIЛЕТ МИНИСТРЛIГI СОТ САРАПТАМАСЫН ЖҮРГIЗУ ҚҰҚЫҒЫНА
СОТ САРАПШЫСЫНЫҢ БIЛIКТIЛIК КУӘЛIГI №_____

Осы куәлiк _________________________________________________________
____________________________________________________________ берiлді
                               (Т.А.Ә.)
себебi, оған Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi бiлiктiлiк
комиссиясының 20__ жылғы «___» ___________________________ шешiмiмен
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргiзу құқығымен сот сарапшысы бiлiктiлiгi берiлдi.

М.О.                                                     БIЛIКТIЛIК
                                                        КОМИССИЯСЫНЫҢ
                                                          ТӨРАҒАСЫ

ХАТШЫ      

Астана қ. 20___ жылғы «__» ____________             Тiркеу № ________

Сот сараптамасының белгілі   
бір түрін жүргізу құқығына сот 
сарапшысы біліктілігін беру үшін
біліктілік емтихандарын қабылдау
ережесіне 2-қосымша      

нысан

№____ сот сараптамасын жүргiзу құқығына
сот сарапшысының бiлiктiлiк куәлiгiне қосымша

____________________________________________________________________
_____________________________________________________________ берiлдi
                              (Т.А.Ә.)

себебi, оған Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi бiлiктiлiк
комиссиясының 20___ жылғы «___» ________________________ шешiмiмен
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргiзу құқығымен сот сарапшысы бiлiктiлiгi берiлдi.

М.О.                                                     БIЛIКТIЛIК
                                                        КОМИССИЯСЫНЫҢ
                                                          ТӨРАҒАСЫ

ХАТШЫ       

Астана қ. 20___ жылғы «__» __________           Тiркеу № _______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады