"Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2010 жылғы 6 тамыздағы № 136 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 293 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 27 қыркүйекте № 8745 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы
16 тамыздағы № 141-р өкімінің 13-тармағына сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жаңа түрлерін енгізу және олардың қолданылу салаларын кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2010 жылғы 6 тамыздағы № 136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6402 болып тіркелген) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарда:
      мынадай редакциядағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Осы Талаптардың ережесі концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау шаралары ретінде концессиялық жобаларды қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін беру болжанып отырған концессиялық жобалардың ТЭН-іне қолданылмайды.
      Концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау шаралары ретінде концессиялық жобаларды қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін беру болжанып отырған концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.»;
      5-тармақ алып тасталсын.
      2. Инвестициялық саясат департаменті (Қ.М. Тұмабаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                          Е. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады