РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгiзiлу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
1. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
2. Қоса беріліп отырған Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.
3. Әкімшілік департаменті (А.Ж. Еділханов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Ә.Қ. Ғалымоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2013 жылғы 26 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жұмағұлов
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 28 тамыздағы
№ 359 бұйрығымен бекітілген
Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және
жеткілікті дербес деректердің тізбесі
р/с |
Білім және ғылым министрлігі жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің атауы |
1. |
Тегі |
2. |
Аты |
3. |
Әкесінің аты (бар болған жағдайда) |
4. |
Тегін, атын, әкесінің атын ауыстырғаны туралы мәліметтер |
5. |
Тегі мен атының транскрипциясы |
6. |
Туу туралы деректер: туған күні; туған жері |
7. |
Ұлты |
8. |
Жынысы |
9. |
Отбасы жағдайы туралы мәлімет: |
10. |
Азаматтығы туралы (бұрынғы азаматтығы) деректер |
11. |
Еңбек кітапшасының нөмірі, сериясы және берілген күні туралы мәліметтер |
12. |
Ағымдағы уақыттағы еңбек қызметі туралы деректер: |
13. |
Білімі, біліктілігі және арнайы атақтарының немесе арнайы даярлығының бар-жоғы туралы мәлімет: |
14. |
Біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтер: |
15. |
Тұратын жерінің мекенжайы, тұрғылықты жері немесе келген жері бойынша тіркелу күні |
16. |
Байланыс телефондарының нөмірлері |
17. |
Электронды поштаның мекенжайы |
18. |
Мінездеме |
19. |
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) |
20. |
Портреттік суреті (цифрланған фотосуреті, көлемі 3x4, JPEG форматы) |
21. |
Қолы |
22. |
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері: |
23. |
Бір жыл көлемінде уақытша еңбекке жарамсыздық туралы мәліметтер; |
24. |
Әскери міндетті адамдарды және әскери қызметке шақыруға жататын адамдарды әскери есепке алу туралы мәліметтер: |
25. |
Бір жыл көлемінде еңбекақысы туралы мәліметтер: |
26. |
Мемлекеттік және ведомстволық наградалары, құрмет және арнайы атақтары, көтермелеулері туралы мәліметтер; |
27. |
Әлеуметтік жеңілдіктер және әлеуметтік мәртебесі туралы мәліметтер (жеңілдіктер мен мәртебені беруге негіз болып табылатын құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні, құжатты берген органның атауы) |
28. |
Бір жыл көлемінде зейнетақы қорынан деректер |
29. |
Аттестаттау, қызметтік тексерістер материалдары |
30. |
Еңбек шартының мазмұны мен деректемелері |
31. |
Жеке құрам бойынша бұйрықтардың түпнұсқалары мен көшірмелерінде және олардың материалдарында көрсетілген мәліметтер |
32. |
Алимент алуға құқығы бар адамдар туралы ақпарат |
33. |
Арнайы тексерістен өтудің нәтижелері туралы мәліметтер |