Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 262-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 04 қазанда № 8779 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 5 маусымдағы № 204-ө бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 05.06.2014 № 204-ө бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 51-38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 2 наурыздағы № 16-02/88 «Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы» бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7465 тіркелген, 2012 жылдың 26 мамырдағы № 269-273 (27347) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жарияланғанын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жетекшілік етуші вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                               Н. Қаппаров

Қазақстан Республикасы    
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2013 жылғы 27 тамыздағы   
№ 262-ө бұйрығымен      
бекітілген          

нысан

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті

__________________________________________________________________
(уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің атауы)

Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама

____________________________________________________________________
(заңды /жеке тұлғаның атауы, басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),
жануарлар әлемін пайдалануға арналған________________________________
рұқсат көшірмесінің негізінде нөмірі _____ күні______).

Пайдаланушы туралы ақпарат:


р/р

Су айдынының және (немесе) учаскенің атауы:

Балық және басқа да су жануарларының түрлері

20_ жылдан
20 _ жылға дейін бекітілген квота (тонна)

20__ жылдың «__» ______ жағдай бойынша ауланғаны (тонна)

1





2





3





Жиыны:




Жөнелтпе көліктік құжаттың нөмірі және күні (Пайдаланушыны алып тастағанда)
_________________________________________________________________
Сату-сатып алу келісімшартының нөмірі және күні (Пайдаланушыны алып тастағанда)
_________________________________________________________________
Инспекция балықтың қайда ауланғанын растайды:


р/р

Балықтың саны (тонна)

Балықтың түрі

1.



2.



3.



Жиыны:


Анықтаманың берілген күні 20__ ж. «___» ___________

      Қолы _____________________________________________________
(аумақтық бөлімше басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады