Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 2 наурыздағы № 16-02/88 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 16 наурызда № 7465 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 262-ө бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің  27.08.2013 № 262-ө бұйрығымен (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;
      2) осы бұйырықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуінен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі М.Е. Толыбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                                Е. Аман

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2012 жылғы 2 наурыздағы   
№ 16-02/88 бұйрығымен    
бекітілген         

нысан

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті

_____________________________________________________________________
         (уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің атауы)

Балықтың қайда ауланғаны туралы
Анықтама
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, басшысының тегі, аты, әкесінің аты,
_____________________________________________________________________
немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (толық) (бұдан әрі – Пайдаланушы),
_____________________________________________________________________
балық аулауға арналған шарттың, жануарлар әлемін пайдалануға арналған
рұқсаттың нөмірі мен күні)

20 __ жылы Пайдаланушы үшін балық және басқа су жануарларын аулау
квотасы төмендегі сандық-түрлік құрамда белгіленгендігі:

Су айдынының және (немесе) учаскенің атауы:

Балық және басқа да су жануарларының түрлері

Саны (кг, дана)

1.




2.




3.





Жиыны



және 20__ж. «__»___________ жағдай бойынша төмендегі сандық-түрлік құрамда ауланғандығы:

Су айдынының және (немесе) учаскенің атауы:

Балық және басқа да су жануарларының түрлері

Саны (кг, дана)

1.




2.




3.





Жиыны



      жөнінде берілді.

      Анықтама талап етілген жері бойынша ұсыну үшін Пайдаланушы ұсынған балық аулау бойынша ай сайынғы есептің негізінде жасалды.

      Анықтаманың берілген күні 20 ___ ж. «____» _______________

М.О. Қолы ____________________________________________________
              (лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады