Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарына конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында конкурсты және тағылымдаманы өткізу тәртібі мен шарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 285 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 қазанда № 8811 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 7 қазандағы № 10 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014.10.07 № 10 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (бұдан әрі – Агенттік) орталық аппаратының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
      2) Аумақтық қаржы полициясы органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
      3) Қаржы полициясы академиясының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
      4) Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында конкурсты және тағылымдаманы өткізу тәртібі мен шарттары осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Агенттіктің Кадрлар басқармасы Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментімен бірлесе отырып, осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының барлық қызметкерлері таныстырылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің Кадрлар басқармасына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жариялануға тиісті және алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     Р. Түсіпбеков

      «КЕЛІСЕМІН»
      Қазақстан Республикасы
      Мемлекеттік қызмет істері
      агенттігінің Төрағасы
      __________ Ә. Бәйменов
      2013 жылғы 16 қыркүйек

Қазақстан Республикасы Экономикалық    
қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының
2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 285 бұйрығына 
1-қосымша                  

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) орталық
аппаратының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі

      Аппарат басшысы
      Департамент бастығы
      Аппарат басшысының орынбасары
      Департамент бастығының бірінші орынбасары
      Департамент бастығының орынбасары
      Басқарма бастығы
      Төраға кеңесшісі
      Төраға кеңесшісі – ресми уәкілі
      Департаменттің басқарма бастығы
      Басқарма бастығының орынбасары
      Департамент басқармасы бастығының орынбасары
      Департаменттің бөлім бастығы
      Басқарманың бөлім бастығы
      Департаменттің бөлім бастығының орынбасары
      Департамент басқармасының бөлім бастығы
      Төраға көмекшісі
      Аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші (инспектор)
      Аға тергеуші (инспектор)
      Тергеуші (инспектор)
      Кіші инспектор

Қазақстан Республикасы Экономикалық   
қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының
2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 285 бұйрығына 
2-қосымша                

Аумақтық қаржы полициясы органдарының конкурстық негізде
орналасатын лауазымдар тізбесі

      Аумақтық органның басшысы
      Аумақтық орган басшысының орынбасары
      Аумақтық органның басқарма бастығы
      Аумақтық органның басқарма бастығының орынбасары
      Аумақтық органның бөлім бастығы
      Аумақтық органның бөлім бастығының орынбасары
      Аумақтық орган басқармасының бөлім бастығы
      Аумақтық орган басқармасының бөлім бастығының орынбасары
      Аумақтық орган бөлімшесінің бастығы
      Аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші (инспектор)
      Аға тергеуші (инспектор)
      Тергеуші (инспектор)
      Кіші инспектор

Қазақстан Республикасы Экономикалық   
қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының
2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 285 бұйрығына 
3-қосымша                

Қаржы полициясы академиясының конкурстық негізде орналасатын
лауазымдар тізбесі

      Академия бастығы
      Академия бастығының орынбасары
      Академия факультетінің бастығы
      Академия кафедрасының бастығы
      Академия бөлімінің бастығы
      Академия факультеті бастығының орынбасары
      Профессор
      Академия кафедрасы бастығының орынбасары
      Академия бөлімі бастығының орынбасары
      Доцент
      Академияның аға оқытушысы
      Академияның аға ғылыми қызметкері
      Академия оқытушысы
      Академияның ғылыми қызметкері
      Курстың бастығы
      Ғылыми кеңестің хатшысы
      Курс бастығының орынбасары
      Академияның кіші ғылыми қызметкері
      Аға инспектор
      Инспектор
      Кіші инспектор

Қазақстан Республикасы Экономикалық    
қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының  
2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 285 бұйрығына  
4-қосымша                 

Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарында конкурсты
және тағылымдаманы өткізу тәртібі мен шарттары

      Осы Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарында конкурсты және тағылымдаманы өткізудің тәртібі мен шарттары (бұдан әрі – Тәртіп) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 7-бабы 2-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      1. Конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының қаржы полициясы органдарындағы құқық қорғау қызметіне тең қолжетімділіктің конституциялық құқығын қамтамасыз етеді.
      2. Конкурс бос және уақытша бос лауазымдары (бұдан әрі – бос лауазымдар) бар Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен (қаржы полициясында) (бұдан әрі – Агенттік), облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерімен (қаржы полициясы), Қаржы полициясы академиясымен (бұдан әрі – аумақтық органдар) өткізіледі.
      3. Конкурс жариялаған Агенттік және аумақтық органдар бос лауазымдарға орналасуға үміткерлерді іріктеуді жүзеге асыру үшін конкурстық комиссия (бұдан әрі – конкурстық комиссия) қалыптастырады.
      4. Конкурстық комиссияның шешімі бос лауазымға орналасу үшін немесе аталған лауазымға орналасуға қабылдаудан бас тартуға негіз болады.
      5. Агенттік немесе аумақтық орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, жарияланған конкурс оны өткізудің кез келген кезеңінде ол туралы міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарына жариялана отырып тоқтатылуы тиіс.

2. Конкурс өткiзудiң шарттары мен тәртiбi

      6. Конкурсқа:
      1) Заңның 6-бабының 1 және 2-тармақтарында және 10-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін;
      2) қаржы полициясы органдарының лауазымдық санаттарына біліктілік талаптарына сәйкес келетін;
      3) қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық немесе психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден (бұдан әрі – куәландыру) өткен;
      4) дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді (бұдан әрі – дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтер) тапсырған;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге компьютерлік тестілеу қорытындысы бойынша (бұдан әрі – тестілеу) шекті мәндерден төмен емес нәтижелер алғандар Қазақстан Республикасының барлық азаматтары қатысады.
      7. Конкурс туралы хабарландырулар жарияланғаннан кейін қаржы полициясы органдарының кадрлар қызметіне осы Тәртіптің 24-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған азаматтар конкурсқа қатысушылар болып табылады.
      8. Конкурстық комиссия шешімінің негізінде куәландыруға, дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыруға, тестілеуге, сондай-ақ әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылар бос лауазымға орналасуға үміткерлер (бұдан әрі – үміткерлер) болып табылады.
      9. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылар берген құжаттарды, куәландырудың қорытындыларын, тапсырған дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерін, тестілеудің нәтижелерін қарайтын алқалы орган болып табылады.
      Конкурстық комиссия үміткерлермен әңгiмелесу өткiзедi және бос лауазымдарға орналасуға үміткерлерге iрiктеудi жүзеге асырады.
      10. Конкурс мынадай бірқатар сатылардан тұрады:
      1) конкурс өткізу туралы хабарландыруларды жариялау;
      2) конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген азаматтардың құжаттарын қабылдау;
      3) конкурсқа қатысушылар құжаттарының Заңның 6-бабының 1 және 2-тармақтарында және 10-бабында көрсетілген талаптарға, бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгiн алдын ала қарау;
      4) куәландыру;
      5) дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу;
      7) куәландырудың қорытындыларын, тапсырған дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерін, тестілеудің нәтижелерін қарастыру;
      8) үміткерлермен конкурстық комиссия өткізетін әңгімелесу;
      9) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы.
      11. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

3. Конкурс туралы жариялау

      12. Агенттікте конкурс өткізу кезінде хабарландырулар Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады. Аумақтық органдарда конкурс өткізу кезінде хабарландырулар сәйкесті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.
      13. Конкурс өткізу туралы хабарландырулар жарияланғаннан кейін, Заңның 7-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген тәртіпте, сондай-ақ Агенттіктің, аумақтық органдардың кадрлар резервінде тұрған азаматтарды конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейін жарияланған лауазымға тағайындауға жол берілмейді.
      14. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді құрайды:
      1) конкурс өткізетін қаржы полициясы органының атауы, оның орналасқан орны, пошталық мекен-жайы, телефондары мен факс нөмiрлерi, электрондық поштасының мекен-жайы;
      2) негiзгi функционалдық мiндеттерi, еңбек ақысының мөлшері мен шарттары көрсетiлген бос лауазымдардың атауы;
      3) қаржы полициясы органдарымен анықталатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;
      4) құжаттарды қабылдаудың мерзiмi және орны (құжаттарды қабылдау конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін тоқтатылады);
      5) осы Тәртіптің 24-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың тізбесі.
      Конкурс белгілі бір жұмыс істеу мерзімі бар бос лауазымға орналасуға өткізілген жағдайда, бұл шарт конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
      Хабарландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қосымша ақпаратты, оның ішінде конкурстық комиссия отырысына байқаушыларды қатыстыру мүмкіндігі туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.

4. Конкурстық комиссияны қалыптастыру

      15. Агенттіктің конкурстық комиссиясы Агенттік Төрағасының (бұдан әрі – құқық қорғау органының басшысы) номенклатурасы бойынша құқық қорғау органы басшысымен, аумақтық органда – аумақтық органның бастығымен (бұдан әрі – уәкілетті басшы) қалыптастырылады.
      16. Конкурстық комиссия кемінде жеті мүшеден тұрады. Конкурстық комиссияның төрағасы осы Тәртіптің 15-тармағында көрсетілген тұлғамен айқындалады.
      Конкурстық комиссияның құрамына жедел-тергеу, заң, кадрлар, ішкі қауіпсіздік қызметтерінің басшылары, қаржы полициясы органдарының басқа бөлімшелерінің қызметкерлері, сондай-ақ осы Тәртіптің 15-тармағында көрсетілген тұлғамен айқындалатын өзге тұлғалар енгізіледі.
      Конкурстық комиссияның құрамына саяси мемлекеттік қызметші болып табылатын құқық қорғау органының басшысы немесе басшысының орынбасары, сондай-ақ уәкілетті басшысы кіре алмайды.
      Конкурстық комиссияның хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады және дауыс беруге қатыспайды.
      Конкурстық комиссияның қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
      17. Конкурстық комиссиясының құрамына конкурсқа қатысушы кіре алмайды.
      18. Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына осы Тәртіптің 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
      Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
      19. Байқаушылар әңгімелесу өткізу процесінде үміткерлерге сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурстық комиссия жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, үміткерлердің жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, үміткерлер қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
      20. Байқаушы ретінде конкурстық комиссия отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталуына екі жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей кадрлар қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға кадрлар қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Тәртіптің 18-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
      21. Конкурстық комиссия хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталардан бұрын осы Тәртіптің 1-қосымшасына сәйкес жадынамамен таныстырады.
      22. Байқаушылар конкурстық комиссия отырыстарының хаттамаларымен танысуға және құқық қорғау органының басшысына немесе уәкілетті басшыға конкурстық комиссия жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.
      23. Конкурс аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасы заңнамаларымен бекітілген басқа да жағдайларды қоспағанда, қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне конкурстық комиссия құрамы, конкурсқа қатысушылар туралы және олардың жеке деректерін жариялауға жол берілмейді.

5. Құжаттарды қабылдау

      24. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн Агенттіктің, аумақтық органның кадрлар қызметіне мынадай құжаттарын тапсырады:
      1) осы Тәртіптің 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтінішті;
      2) осы Тәртіптің 3-қосымшасына сәйкес нысандағы өз қолымен жазылған өмірбаянын;
      3) конкурсқа қатысу үшін осы Тәртіптің 4-қосымшасына сәйкес нысандағы сауалнаманы;
      4) нотариалдық куәландырылған жеке куәлігінің немесе паспорттың көшірмесін;
      5) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерiн;
      6) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн;
      7) әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылғаны туралы нотариалдық куәландырылған құжаттарының көшiрмелерiн;
      8) өлшемі 4х6 фотосурет (2 дана);
      9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
      10) соттылығы жоқтығы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылмағадығы туралы құқықтық статистика және арнайы есеп органдарының анықтамасын;
      11) азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) «Сыбайлас жемқорлық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғылықты жері бойынша салық органдарына табыстары мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғанын растайтын құжаттар ұсынады.
      Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.
      Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурстық комиссиямен оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
      25. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
      26. Азаматтар 24-тармақта аталған, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады.
      27. Азаматтар осы Тәртіптің 24-тармағында аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына электронды түрде бере алады.
      Азаматтар, конкурсқа қатысу үшін электрондық пошта арқылы берген құжаттарды осы Тәртіптің 24-тармағының 1), 2), 3), 8), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың түпнұсқасын, сондай-ақ 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген нотариалдық куәландырылған құжаттарының көшiрмелерiн әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей ұсынады.
      Осы Тәртіптің 24-тармағында аталған құжаттардың түпнұсқасын және нотариалдық куәландырылған құжаттарының көшiрмелерiн бермеген жағдайда тұлға куәландырудан, дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерін тапсырудан, сондай-ақ әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
      28. Конкурстық комиссияның материалдары, оның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың құжаттары, сондай-ақ конкурстық iрiктеуден өтпеген тұлғалардың сауалнама, өтініш және өзге де құжаттары кадрлар қызметінде сақталады.
      Аталған құжаттарды сақтау мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1605 қаулысына сәйкес айқындалады.

6. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау

      29. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады.
      30. Конкурстық комиссия ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушыларды конкурс сатыларынан өтуге рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді шешім қабылдайды, ол туралы кадрлар қызметі екі жұмыс күннен кешіктірмей конкурсқа қатысушыларды хабарландырады.
      31. Кадрлар қызметі екі жұмыс күннен кешіктірмей конкурс сатыларынан өткізу кестесін жасайды және ол туралы хабарламаны интернет-ресурсында, конкурс жариялаған қаржы полициясы органының ғимаратында, барлығына қолжетімді орындарда орналастырады, сондай-ақ куәландырудан өту үшін жолдаманы үміткерлерге тапсырады.
      Әскери-дәрігерлік комиссиясының қорытындысымен қаржы полициясы органдарының құқық қорғау қызметіне жарамсыз немесе шектеулі жарамды болып танылған үміткерлер дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыруға, тестілеуге және әңгімелесуге жіберілмейді.
      Куәландыру, дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру, тестілеу мерзімдері жиырма бес жұмыс күнінен аспауы тиіс.
      32. Дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру – осы Тәртіптің 5-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарына қызметке түсу кезіндегі бақылау дене шынықтыру нормативтері бойынша, тестілеу – осы Тәртіптің 5-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарына қызметке түсу кезіндегі кандидаттарды тестілеу бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
      33. Куәландыру, дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру, тестілеу аяқталғаннан кейін конкурстық комиссия хатшысы нәтижелерді конкурстық комиссия отырысына шығарады.
      34. Конкурстық комиссия ұсынылған құжаттар бойынша қатысушылардың осы Тәртіптің 6-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін қарайды және үміткерлерді әңгімелесуге жіберу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.
      Шешім хаттама түрінде рәсімделеді және оған конкурстық комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қолдарын қояды.
      Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурстық комиссияның хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру телефон арқылы, немесе үміткерлердің электрондық мекен-жайларына не ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
      Әңгімелесуге жіберілген және жіберілмеген үміткерлердің тізімі интернет-ресурсында және конкурс жариялаған қаржы полициясы органының ғимаратында, барлығына қолжетімді орындарда орналастырылады.

7. Үміткерлермен дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру

      35. Қатысушылардың дене шынықтыру бойынша нормативтерін қабылдау стадиондардың жүгіру жолдарында немесе басқа да түзу жерде өткізіледі.
      36. Дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтер үміткерлердің келесі жаттығу түрлерін орындауын көздейді:
      1) 100 метрге жүгіру (еркектер);
      2) 60 метрге жүгіру (әйелдер);
      3) жатқан қалыпта еденнен денесін көтеру (еркектер);
      4) арқамен жатып денені көтеру (әйелдер).
      37. Дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтердің мазмұны және спорт жаттығуларын орындау шарттары дене шынықтыру бойынша іріктеу жүргізу басталғанға дейін 24 сағаттан кешіктірмей қатысушылардың назарына жеткізіледі.
      38. Дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсырудың алдында дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді қабылдауға жауаптылар үміткерлерді қауіпсіздік техникасымен қол қою арқылы таныстырады.
      39. Дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерге қосылған әрбір спорт жаттығуларының түрі бөлек тапсырылады.
      40. Дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу нәтижелерін бағалау еркектер мен әйелдер үшін бөлек жүргізіледі.
      41. Үміткерлердің дене шынықтыру дайындығын тексеруге жауапты қызметкерлер әрбір спорт жаттығуларын тапсыру нәтижелерін жекелеген тізімдемесіне белгілейді және олардың қолдарын қойдыра отырып таныстырады. Жаттығулардың орындалу нәтижелерін белгілегеннен кейін қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
      42. Спорт жаттығуларының жекелеген түрлерін тапсыру бойынша тізімдемедегі мәліметтер негізінде дене шынықтыру бойынша нормативтерді орындаудың жиынтық хаттамасы жасалынады, ол конкурстық комиссияға ұсынылады.
      43. Жиынтық хаттамада сол немесе өзге де үміткердің дене шынықтыру бойынша сынақ тапсырғаны немесе тапсырмағаны туралы қорытынды қамтылады және бір сағат ішінде оның назарына жеткізіледі.

8. Үміткерлерді тестілеу

      44. Үміткерлерді тестілеу олардың бiлiмi мен қабiлетiне, оның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасын білуіне, сондай-ақ логикалық ойлау қабілетіне әділ баға беру мақсатында өткізіледі.
      45. Тестілеуді тиісті қаржы полициясы органының кадрлық қызметі өткізеді. Тестілеуді өткізу процесін қамтамасыз ету үшін басқа мамандар тартылуы мүмкін.
      Тестілеу үміткердің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде жүргізіледі.
      Тестiлеу барысында келесідей тест түрлері қолданылады: Қазақстан Республикасының заңнамаларын бiлуге арналған тест және логикалық тест.
      Тестілеу автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен өткізіледі, компьютерлік тестiлеудің дұрыс жауаптарын есептеу енгiзiлген компьютерлiк бағдарлама көмегiмен автоматты түрде жүргізіледі.
      46. Қаржы полициясы органының кадр қызметі:
      1) тестілеуге қатысушылардың тізімдерін дайындайды;
      2) қатысушыларды тестілеудің өту орнын, күнін және уақытын хабарландырады;
      3) қатысушылардың тестілеуге уақытылы келуін бақылайды.
      47. Тестілеуді өткізуге арналған орын-жай қажетті техникамен, жиhазбен жабдықталады және тестіленушілердің ыңғайлы орналасу жағдайларына сәйкес болуы тиіс.
      48. Тестiлеу сәтiнде өзiн нашар сезiнген қатысушыларға бұл туралы тестiлеу басталғанға дейiн әкімшіге хабарлауы тиiс.
      49. Тестілеу процесінің алдында кадрлық бөлімшелер тиісті нұсқама өткізеді, тестіленушілердің өзін жақсы сезінуі туралы жазбаша қолхатын алады және қатысушылардың сұрақтарына жауап береді.
      50. Тестiлеу уақытында тестіленуші адамдарға басқа адамдармен сөйлесуге, материалдармен алмасуға, қағаз немесе электрондық түрдегі ақпараттарды қолдануға, орын-жайды тастап кетуге рұқсат берілмейді. Тестілеу өткізу уақытына тестілеуші тұлғалардың қабылдаушы-беруші электрондық құрылғылары (оның ішінде қалталы жеке компьютерлер және электронды жабдықтар) сөндіріледі.
      Үміткер осы Ереже талаптарын бұзған жағдайда әкімшілер тестілеуді тоқтатады, оны тестілеуге арналған орын-жайдан шығарады және үштен кем емес адаммен, соның ішінде әкімшімен қол қойылатын осы Тәртіптің 7-қосымшасына сәйкес нысандағы тиісті тестілеу шартын бұзған үміткердің тестілеуін тоқтату актін түзейді. Тестілеу нәтижелері жойылады.
      51. Тестіні орындауға жіберілген уақыт – 90 минут, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін тестілеу – 70 минут, логикалық тест – 20 минут.
      52. Тестілеу аяқталғаннан кейін әрбір қатысушыға оның нәтижелері қол қойдыра отырып жарияланады.
      Тестілеудің нәтижелері туралы ақпарат еркін нысандағы жиынтық тізімдеме түрінде ресімделеді.
      53. Тестілеу нәтижелері қатысушының тестілеу парағына енгізіледі, оған жауапты қызметкер мен тестіленуші қол қояды.
      54. Лауазымдардың барлық санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тест бойынша шекті мән әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 70 % дұрыс жауаптарды құрайды.
      Логикалық тест бойынша шекті мән белгіленбейді.

9. Үміткерлермен әңгімелесу

      55. Әңгiмелесудің мақсаты үміткерлердің кәсiби, іскерлік және жеке қасиеттерiн бағалау болып табылады.
      56. Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны үміткерлерді әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған қаржы полициясы органдарында өтеді.
      57. Үміткерлердің кәсiби, іскерлік және жеке қасиеттерiн бағалау кезiнде конкурстық комиссия бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi бос лауазымның лауазымдық нұсқауларына сүйенедi.
      58. Әрбiр үміткермен әңгімелесу барысы жеке түрдегі хаттамамен ресiмделедi және техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленеді.
      Үміткерлермен әңгімелесу хаттамасына конкурстық комиссия төрағасы, мүшелері, үміткер, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асырушы хатшы қолдарын қояды.
      Техникалық жазба құралдарын қолданылғаны туралы конкурстық комиссия отырысы хаттамасында белгі жасалады. Техникалық жазба құралдарын қолдану конкурстық комиссия отырысының өтуіне кедергі келтірмеуі тиіс.

10. Конкурстық комиссияның қорытынды отырысы

      59. Әңгімелесу аяқталғаннан кейiн үш жұмыс күннен кеш емес өткiзiлуi тиiс қорытынды отырыста конкурстық комиссия үміткерлерді берген құжаттары, куәландыру қорытындылары, дене шынықтыру бойынша нормативтерді тапсыру нәтижелері, тестілеу, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.
      60. Конкурстық комиссиясының шешiмi үміткер қатыстырылмай, ашық дауыс беру жолымен қабылданады.
      61. Конкурстық комиссиясының шешiмi егер отырысқа оның құрамының 2/3 кем емес бөлiгi қатысса, заңды деп есептеледi.
      62. Конкурстық комиссия құрамынан қатысушылардың көпшiлiгi дауыс берген жағдайда үміткер оң баға алады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
      63. Конкурстық комиссия құқық қорғау органының басшысына, уәкілетті басшыға әңгімелесуден өткен, бірақ конкурстық комиссияның оң қорытындысын алмаған үміткерді тиісті қаржы полициясы органының конкурста үміттенген санатынан жоғары емес санат бойынша кадр резервіне алуға ұсыным жасауға құқылы.
      Тиісті қаржы полициясы органының кадр резервіне енгізілген үміткерлер конкурс өткізілген сәттен бастап бір жылдың ішінде қосымша конкурс өтпей, тиісті қаржы полициясы органындағы бос лауазымдарға қабылдана алады.
      Сонымен қатар, кадр резервіне енгізілген үміткердің орналасатын лауазымы ол конкурста үміттенген санаттан жоғары бола алмайды.
      64. Талқылау барысы мен конкурстық комиссияның шешiмi конкурстық комиссия төрағасы мен мүшелерi, сондай-ақ хаттама жасауды iске асыратын хатшының қолдары қойылған хаттамада белгіленеді.
      65. Конкурстық комиссия әңгiмелесуден өткен үміткерлерге конкурс нәтижесi туралы, оның аяқталғанынан кейiн бес жұмыс күн iшiнде хабарлайды.
      66. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған және оның оң қорытындысын алмаған үміткерлердің тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бес жұмыс күн ішінде тиісті қаржы полициясы органының ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ интернет-ресурсына орналастырылады.
      67. Конкурстық комиссияның қаржы полициясы органдарына құқық қорғау қызметіне қабылдау туралы оң шешім қабылданған үміткер арнайы тексерістен өтеді және тағылымдамадан өту үшін жіберіледі.

11. Тағылымдамадан өту тәртібі

      68. Қаржы полициясы органдары қызметінің ерекшеліктерін зерделеу, лауазымда жұмыс жасау үшін қажетті тәжірибелік дағдыларды алу үміткердің құқық қорғау қызметінде тағылымдамадан өтуінің негізгі міндеті болып табылады.
      Тағылымдамадан өту үміткердің кәсіби, іскерлік және жеке басының қасиеттерін зерделеу мақсатында жүзеге асырылады.
      69. Қаржы полициясы органына құқық қорғау қызметіне алғашы рет қабылданатын, конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған үміткер тағылымдамадан өтуге жатады.
      Құқық қорғау қызметіне конкурстық іріктеуден тыс жұмысқа қабылдануға құқығы бар тұлғалар тағылымдамадан өтпейді.
      70. Тағылымдама мерзімі бір айды құрайды, онда үміткердің орынды себептермен жұмыста болмаған кезеңі есепке алынбайды.
      71. Үміткер конкурстық комиссияның қаржы полициясы органының құрылымдық бөлімшесіндегі бос лауазымына орналасуға оң қорытындысын алған сол бос лауазым бойынша тағылымдамадан өтеді.
      Құрылымдық бөлімшенің басшысы тағылымдама жетекшісін анықтайды, оған үміткермен тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру және оны бақылау жүктеледі.
      72. Тағылымдама құрылымдық бөлімшесінің басшысы тағылымдама жетекшісімен келісу бойынша бекітілген жеке жоспар бойынша ұйымдастырылады.
      Жоспарға кейіннен өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болады, ол жайында үміткер тез арада хабарландырылады.
      73. Тағылымдама өтудің жетекшісі:
      1) қажетті жұмыс көлемін анықтайды;
      2) үміткерге кәсіби білім деңгейін көтеруге және тәжірибелік дағдысын иемденуіне көмек көрсетеді;
      3) тағылымдамадан өту жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді.
      74. Үміткер тағылымдамадан өту барысында тағылымдама өту лауазымы бойынша қызметін қамтамасыз етуге көзделген функцияларды орындайды, соның ішінде:
      1) құқықтық ақпараттарды, нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ тағылымдамадан өту лауазымы бойынша құзыретін жүзеге асыру үшін қажетті материалдарды іздестіруді жүзеге асырады;
      2) құжаттардың, соның ішінде іс жүргізу құжаттарының жобасын әзірлейді;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген іс-әрекеттер жасау туралы жетекшіге ұсыныстар енгізеді.
      75. Үміткер тағылымдамадан өту кезеңінде қаржы полициясы органында бекітілген еңбек тәртібін сақтайды.
      76. Тағылымдамадан өту қорытындысы бойынша үміткер тағылымдамадан өтуі туралы жазбаша есеп жасайды, онда тағылымдамашының жеке жоспарды орындағаны, сондай-ақ тағылымдама жетекшісі белгілеген тапсырмаларды орындағаны туралы мәліметтер көрсетіледі.
      Жазбаша есепке тағылымдама өту кезеңінде үміткермен түзілген құжаттар, соның ішінде іс жүргізу құжаттарының жобалары тіркеледі.
      Сонымен қатар, тағылымдама жетекшісі үміткерге, құрылымдық бөлімшенің басшысымен бекітілген пікір жазады. Пікірде оның тағылымдама барысында алған тәжірибелік дағдылары мен білімі, үміткердің дайындық дәрежесі, кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттері туралы мәліметтер қамтылады.
      Үміткерге қатысты түзілген пікір, орындалғаны туралы белгілері бар жеке жоспар және тағылымдама өту қорытындысы туралы жазбаша есебі құрылымдық бөлімшенің басшысымен кадрлар қызметіне ұсынылады.
      77. Тағылымдаман өту үміткермен негізгі жұмыс орнын тастауға негіз болмайды.
      78. Тағылымдамадан өту кезіңінде үміткерге атыс қаруын, арнаулы құралдарды алып жүру және сақтау, формалық киім киюге рұқсат етілмейді.
      Үміткердің жеке өміріне қауып төнетін жағдайда немесе оның өз бетінше, кәсіби дайындығының төменділігіне байланысты, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін және заңдылықты бұзуына әкеп соғатындай болса, оны жедел іс-шараларында пайдалануға рұқсат берілмейді.
      Үміткер пайдалануы шектелген құжаттармен жұмыс істеуге қатыспайды.

Қазақстан Республикасы қаржы   
полициясы органдарында конкурсты және
тағылымдаманы өткізу тәртібі мен  
шарттарына            
1-қосымша             

Байқаушыға жадынама

      Байқаушының:
      1) конкурс қатысушысы туралы ақпаратпен танысуға;
      2) олармен әңгімелесуде қатысуға;
      3) әңгімелесу өткізу рәсімі туралы оның аяқталғанынан кейін өз пікірін білдіруге;
      4) конкурс өткізу барысы туралы жалпы баға беруге;
      5) конкурс комиссиясы отырысының хаттамаларымен танысуға;
      6) конкурс комиссиясының жұмысы туралы мемлекеттік органның басшылығына және мемлекеттік қызметтік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға өздерінің пікірлерін жазбаша түрде беруге мүмкіндігі бар.

Байқаушы:

      1) әңгімелесу барысына фото-, аудио-, видеотүсірілімдер жүргізуге;
      2) конкурс қатысушыларының жеке басы деректерін жариялауға;
      3) әңгімелесу өткізу процесіне араласуға, конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі жасауға;
      4) конкурс қатысушыларына қандай да бір жәрдемдесуге;
      5) конкурс комиссиясының мүшелеріне олардың шешім қабылдауында әсер етуге;
      6) нақты конкурс қатысушысы туралы, оның жеке қасиеттері туралы жария бағалауға және пікірін білдіре алмайды.

Қазақстан Республикасы қаржы    
полициясы органдарында конкурсты және
тағылымдаманы өткізу тәртібі мен  
шарттарына             
2-қосымша             

Нысан               

___________________________________
___________________________________
___________________________________
___________________________________
___________________________________
(қаржы полициясы органы)   

Арыз

      Мені бос тұрған мынадай _______________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
қызмет орнына тағайындалуым үшiн байқауға жiберуiңiздi сұраймын.
      Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарында конкурсты
және тағылымдаманы өткізу тәртібі мен шарттарының негiзгi
талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

      Тіркелген құжаттар:
      1) __________________________________________________________;
      2) __________________________________________________________;
      3) __________________________________________________________;
      4) __________________________________________________________;
      5) __________________________________________________________;
      6) __________________________________________________________;
      7) __________________________________________________________;
      8) __________________________________________________________;
      9) __________________________________________________________;
      10) _________________________________________________________;
      11) _________________________________________________________.

____________________________________
(А.Т.Ә.)           

20__ жылғы «____»__________

Қазақстан Республикасы қаржы   
полициясы органдарында конкурсты және
тағылымдаманы өткізу тәртібі мен  
шарттарына             
3-қосымша             

Нысан               

ӨМІРБАЯН
(өз қолымен толтырылады)

      Өмірбаян қатысушының өз қолымен, еркін түрде, түзетусіз, шимақсыз, мынадай мәліметтерді міндетті түрде көрсетумен толтырылады:
      - аты, әкесінің аты, тегі, туған күні мен жері, ұлты, ана тілі, қандай шетел тілдерін біледі;
      - қашан, қайда, қандай оқу мекемелерін бітірген, білім бойынша мамандығы;
      - қандай қызметте, қашан, қайда жұмыс атқарған, мекеменің немесе ұйымның толық атауы, мекен жайы, бір мекемеден екінші мекемеге ауысу себебі, тәртіптік, әкімшілік, материалдық немесе қоғамдық шаралар қолданылған ба, қолданылса, қашан, кіммен, не үшін (қандай шара);
      - әскери міндетке қатысы: қашан және кіммен нақты әскери қызметке шақырылған (егер шақырылмаса, не себептен), қандай әскери бөлімде (нөмірі), қандай қызметте қызмет атқарған, қашан және қандай лауазымнан Қарулы Күштер қатарынан босатылған, әскери атағы;
      - жанұя жағдайы: қашан некеге тұрған, жұбайының (зайыбының) аты, әкесінің аты, тегі, туған күні мен жері, ұлты, жұмыс орны, лауазымы, егер қатысушының, оның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының тегі өзгертілген болса, олардың алғашқы аты-жөнін көрсету, туыстарының бірі құқық қорғау органдарында қызмет атқарады ма (туысқандық дәрежесі, аты, әкесінің аты, тегі, қайда қызмет атқарады, лауазымы, арнайы атағы);
      - қатысушы, оның жұбайы (зайыбы) немесе туыстарының бірі шетел азаматтығында болған немесе бар ма (кім, туысқандық дәрежесі), олардың ішінде шетелде болған ба (қашан, қайда, қандай мақсатпен) немесе шетелге тұрақты тұру үшін шығу туралы қолдау хат ұсынған ба (қашан, қандай себептермен), шетел азаматы болып табылатын туыстар мен таныстар, шетелде тұратын, бірақ қазақстандық азамат болып табылатын туыстар мен таныстар бар ма (аты, әкесінің аты, тегі, туысқандық дәрежесі, шұғылданатын кәсібі, мекен жайы), олармен қандай қарым-қатынаста. Қатысушы, оның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары қылмыстық жауапкершілікке тартылған ба (қашан, не үшін, қандай жазаға).
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

__________________________________
(қолы, А.Т.Ә.)        
«___» _________20___ж.

Қазақстан Республикасы қаржы   
полициясы органдарында конкурсты және
тағылымдаманы өткізу тәртібі мен  
шарттарына           
4-қосымша             

Нысан             

САУАЛНАМА
(өз қолымен толтырылады)

СҰРАҚТАР

ЖАУАПТАР

1. Аты, әкесінің аты, тегі.


2. Атын, әкесінің атын, тегін өзгерткен болса, қашан, қайда және қандай себептермен өзгерткен.


3. Туған жылы, күні, айы және орны (ауыл, қала, аудан, облыс, республика).


4. Ұлты, азаматтығы (егер өзгерткен болса, қашан және қандай себептермен көрсетілсін).


5. Білімі (қашан және қандай оқу орындарын аяқтаған, дипломдардың нөмірлері), диплом бойынша мамандығы мен біліктілігі.


6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы мәліметтер (қашан, кіммен берілген, дипломның нөмірі), ғылыми еңбегі және шығармалары.


7. Ана тіліңіз, басқа қандай тілдерді және қай дәрежеде білесіз?


8. Заңнамада белгіленген тәртіпте әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылдыңыз ба?


9. Құқық қорғау органына қызметке тұрмастан бұрын үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылдыңыз ба?


10. Құқық қорғау органына қызметке тұрмастан бұрын бір жыл ішінде соттың тәртібімен құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік шара қолданылды ма?


11. Құқық қорғау органына қызметке тұрмас бұрын үш жыл ішінде соттың тәртібімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік шара қолданылды ма?


12. Бұрын сотталған немесе қылмыстық жауаптылықтан ақталмайтын негіздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен шығарылған болдыңыз ба?


13. Сіздің жақын туысқандарыңыз сотталған болды ма (қашан және не үшін)?


14. Сіз және сіздің жақын туысқандарыңыз шетелде болған ба, қашан және қандай мақсатпен.


15. Сізде немесе жұбайыңызда (зайыбыңызда) шетелде тұрақты тұратын туысқандары бар ма (тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, туысқандық деңгейі, тұрғылықты жері, тұратын елі, олар шетелде қай уақыттан бері тұратындығы, немен айналысады)


16. Сіз атқаратын лауазымдағы мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, баласы, қызы, балалыққа алушы, толық немесе толық емес ағасы және апасы, атасы, әжесі, немересі, күйеуі немесе әйелі) үміттенген лауазымға тікелей бағынышты болуына жатасызба?


17. Сіз атқаратын лауазымдағы мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, баласы, қызы, балалыққа алушы, толық немесе толық емес ағасы және апасы, атасы, әжесі, немересі, күйеуі немесе әйелі), оның ішінде үміттенген лауазымға тікелей бағынышты болуына жатасыз ба?


      18. Сіздің жақын туысқандарыңыз (әкесі, шешесі, ағасы, апасы, жұбайы, зайыбы, балалары) Сіздің жұбайыңыз (зайыбыңыз) оның ішінде бұрынғылары*:

Туысқандық деңгейі

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған жері, жылы, айы, күні

Жұмыс орны және лауазымы

Тұрғылықты мекен-жайы

















































































      * Егер туысқандарыңыз тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен болса, онда олардың бұрынғы тегін, атын, әкесінің атын да көрсету қажет.

       19. Еңбек жолын бастағаннан бері істеген жұмыстары (жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқыған жылдарын, әскери қызметін, қоса атқарған жұмысын, кәсіпкерлік қызметін және т.б. қоса есептегенде)
      Бұл тармақты толтырғанда мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар қалай аталса, сол қалпында берілсін. Әскери қызмет лауазымы, әскери бөлімше нөмірін және белгілі орыны көрсетілсін.

Айы және жылы

Қызметі, мекеме, ұйым, кәсіпорын қоса көрсетілсін

Мекеме, ұйым, кәсіпорынның тұрған жері

келген

кеткен













































      20. Әскери қызметке қатысы және әскери шені____________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      21. Тұрғылықты мекен-жайы (тіркелген мекен жайы және тұратын
мекен-жайыңыз), үй телефон, ұялы телефон нөмірі _____________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      22. Паспорт, төлқұжат__________________________________________
_____________________________________________________________________
              (сериясы, нөмірі, кім және қашан берген)

      23. Қосымша мәліметтер (мемлекеттік наградалар, сайланбалы
өкілдік органдарға қатысулар, сондай-ақ ресімделуші өзі туралы хабар
беретін басқа да деректер)___________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Маған белгілі сауалнама берілген жалған мәліметтер қаржы
полициясының органдарына құқық қорғау қызметіне ресімдеуден бас
тартуға негіз болуы мүмкін. Маған қатысты тексеру шараларын жүргізуге.

_____________________________________________________________________
                             (ұйымның атауы)
_________________________________________________________ келісемін.

________________________________________
(қолы, А.Ә.Т.)          
20___ жылғы «____»________________ 

Қазақстан Республикасы қаржы   
полициясы органдарында конкурсты және
тағылымдаманы өткізу тәртібі мен  
шарттарына            
5-қосымша             

Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарына
қызметке түсу кезіндегі бақылау дене шынықтыру нормативтері

Еркектер үшін

Жаттығудың аты Баға Жастық топтар
18-20 21-27 28-34 35-39 40-44 45-49 50 және аса

100 м. жүгіру (с)

Өте жақсы

13

13.5

15

17

20

22

24

Жақсы

13.5

14

16

18

21

23

25

Қанағат

14

16

18

20

22

24

26

Жатқан қалыпта еденнен денені көтеру

Өте жақсы

35

30

28

25

20

15

10

Жақсы

30

27

20

18

15

10

8

Қанағат

27

20

15

13

10

8

6

Әйелдер үшін

Жаттығудың аты Баға Жастық топтар
18-20 21-25 26-30 31-35 36-45 46 және аса

60 м. жүгіру (с)

Өте жақсы

10

12

14

16

18

22

Жақсы

11

13

15

17

19

24

Қанағат

12

14

16

18

20

26

Арқамен жатып
денені көтеру

Өте жақсы

18

16

14

12

10

8

Жақсы

16

14

12

10

8

6

Қанағат

14

12

10

8

6

4

      Ескертпе: Дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтер үміткер «қанағат» бағасын алса тапсырылды деп есептеледі.

Қазақстан Республикасы қаржы   
полициясы органдарында конкурсты және
тағылымдаманы өткізу тәртібі мен  
шарттарына            
6-қосымша             

Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарына
қызметке түсу кезіндегі кандидаттарды тестілеу бағдарламасы

Бөлімше Нормативті құқықтық актінің аты Тапсырмалардың саны

Барлық лауазымдар категориялары үшін

Қазақстан Республикасының Конституциясы.

20

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

20

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

20

«Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

20

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 жарлығы.

10

90 сұрақ 5 нормативті құқықтық акті бойынша (70 минут)

Логикалық тест
(20 минут)

10

Қазақстан Республикасы қаржы   
полициясы органдарында конкурсты және
тағылымдаманы өткізу тәртібі мен  
шарттарына           
7-қосымша             

Нысан             

Тестілеу шартын бұзған
үміткердің тестілеуін тоқтату
АКТІСІ

20___ж. «_____» ____________                  ______ сағат______минут

      Кадрлар қызметінің өкілі_______________________________________
_____________________________________________________________________
                        (лауазымы, аты-жөні)
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                        (лауазымы, аты-жөні)

қатысуымен үміткер___________________________________________________
                                   (аты-жөні)
тарапынан Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарында
конкурсты және тағылымдаманы өткізу тәртібі мен шарттарының 41-тармағының бұзылғанын анықтадық,
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________туындаған.

Кадрлар қызметінің өкілі,
___________________________
___________________________                  ________________________

Қатысушылар:                                 ________________________
                                             ________________________
                                             ________________________

Актімен таныстым:_____________________________ 201_жылғы «__» _______
                 (үміткердің қолы, аты-жөні, күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады