"Әуе кемелерiн пайдаланушыларды тексеру парақтарының нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2012 жылғы 17 қыркүйектегi № 611 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 755 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 21 қазанда № 8834 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1025 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.10.2015 № 1025 бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағының 39) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Әуе кемелерiн пайдаланушыларды тексеру парақтарының нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2012 жылғы 17 қыркүйектегi № 611 бұйрығына (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 8041 болып тіркелген «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 21 қарашадағы № 763-767 (27839) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, Азаматтық әуе кемесінің шетел пайдаланушыны перронда тексеру парағы»;
      Көрсетілген Қағиданың 1,2-қосымшасы осы бұйрықтың 1,2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуінен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында,оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және МОИП орналастырылуын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы    
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 26 қыркүйектегі  
№ 755 бұйрығына       
1-қосымша           

Қазақстан Республикасы     
Көлік және коммуникация министрінің
2012 жылғы 17 қыркүйектегі  
№ 611 бұйрығына        
1-қосымша          

Нысан

ӘУЕ КЕМЕСІ/КЕМЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫНЫҢ
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ

Тексеруді белгілеген орган __________________________________________
Тексеруді белгілеу туралы акті ______________________________________
                                               (№, күні)
Тексерілетін бақылау субъектісінің атауы ____________________________
_____________________________________________________________________
                     (ӘК пайдаланушының атауы)
ЖСН,
БСН _________________________________________________________________
Тексеру өткізілетін мекенжай, орналасқан орны _______________________
_____________________________________________________________________
Тексерумен қамтылған кезең __________________________________________
Тексеруді өткізу мерзімі ____________________________________________
                                  (тексеруді өткізу күні)


р/с

Тексерілетін элементтер

Сәйкестік

Ескерту

1

2

3

4

1. Жалпы бөлім

1

Пайдаланушының заңды және пошталық мекенжайы



2

Пайдаланушының жарғысы (құрылтайшы шарты). Өткен 12 айда болған өзгерістер және (немесе) толықтырулардың болуы.



3

Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік.



4

Пайдаланушы сертификатының және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындау куәлігінің, ұшу құқығы жөніндегі куәліктің болуы.



5

Пайдалану ерекшеліктерінің болуы және сәйкестігі.



6

Коммерциялық тасымалдаушы үшін 3 әріптік ИКАО кодының болуы.



7

Коммерциялық тасымалдаушы үшін 2 әріптік ИКАО кодының болуы.



8

Коммерциялық тасымалдаушы үшін 3 әріптік кодтың болуы.



9

Жүктелген міндеттерді орындау үшін пайдаланушының жеткілікті ұйымдастырушылық құрылымы, штат кестесі.



10

Пайдалануға жауапты басшының біліктілігі.



11

Тағайындалған пайдалану басшысының біліктілігі:
1) ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекцияның басшысы;
2) ұшу қызметінің басшысы;
3) ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі басшысы;
4) жер бетіне қызмет көрсету жөніндегі басшысы;
5) персоналды дайындау жөніндегі қызметтің басшысы;
6) авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы;
7) бортсерік қызметінің жетекшісі (жолаушы тасымалын жүргізетін пайдаланушылар үшін);
8) сапаны бақылайтын қызметтің басшысы.



12

Тағайындалған басшылардың және жауапты пайдалану басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін анықтайтын лауазымды нұсқаулықтар.



2. Ұшуды пайдалану.

13

Тиісті тағайындалған талаптар мен тиісті енгізілген өзгерістерге сәйкес ұшу өндірісін басшылыққа алу.



14

Ұшу құрамы мен бортсеріктерді дайындау, жаттықтыру және тексеру кестесі жоспарының болуы және оны енгізу.



15

Кабиналық экипаждың басшылары үшін (коммерциялық тасымалдаушылар үшін) талаптарға сәйкес болуы және өзгеріс енгізу.



16

Ұшу құрамын ұшуға дайындау және тексеру.



17

Әртүрлі әуе кемелеріне кіру рұқсаты бар экипаж мүшелерінің болуы.



18

Жолаушы салонының 3 түрлі конфигурациясында жұмыс істеу үшін кабиналық экипаж мүшелерінің болуы.



19

Ұшу жұмыстарындағы үзілістен кейін ұшу құрамына кіру тәртібі.



20

Нұсқаушы құрамын дайындау.



21

Пайдаланушының орындаған ұшуына талдау жүргізу.



22

Ұшу құрамы мен бортсеріктерді дайындау, жаттықтыру және тексеру кестесі жоспарының болуы және оны енгізу.



23

Әуе кемесінің түрлері мен кластары бойынша тағайындалған тексерушілердің біліктілігі.



24

Әуе кемесінің түрлері мен кластары бойынша ұшу экипаждары мен бортсеріктерінің өзара іс-қимыл жасау технологиясы.



25

Авиациялық персоналдың біліктілігін арттыру курстарынан өтуі.



26

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша әуе кемесі кабинасына жаттығу жүргізу және экипаждың жаттығу дайындығын жүргізу.



27

Құрылымдық бөлімшелерде ұшу қауіпсіздігі бойынша тергеу жүргізіле ме



28

Ұшу алдындағы брифингке және ұшудан кейінгі талдау үшін пайдаланушы-парағының (checklist) болуы.



29

Авиациялық қауіпсіздік бойынша пайдаланушы мен қызметкерлердің ұшуын қамтамасыз ету бойынша кабина экипажының ұшар алдындағы брифингке қатысуы.



30

Базадан бөлек авиациялық жұмыстарды орындайтын экипажға бақылауды ұйымдастыру.



31

Пайдаланушыға ұшу жұмыстарын талдауды, оның мерзімділігі мен барлық көлемділігін енгізу.



32

Ұшу ақпараттарын талдау материалдары, борттағы және құрлықтағы ұшу және сөз алмастыру (талдау және пайыздық қамту) параметр құралдарын тіркеу.



33

Есеп және ұшу құжаттарының жүргізілуін ұйымдастыру (ұшу тапсырмасы, орталықтанған кесте, ұшудың жұмыс жоспары, тасымалдаушы құжаттар).



34

Авиациялық жағдайлардың алдын алу.



35

Бортсеріктер (жолаушыларға нұсқаулықтар), бортоператорлармен жұмыс технологияларын тиісті түрде дайындау және орындау.



36

Ұшудың қауіпсіздігі бойынша инспекторларды тексеру материалдары және ұшудың орындалуын жедел бақылау.



37

Әуе кемелері бойынша экипажды қысқартуға арналған рәсімдердің болуы.



38

Ұшу және жұмыс уақытының нормаларын сақтау, ұшақ мүшелері мен кабина экипаждарының кесте бойынша демалыстары мен мерзімдерін жоспарлау.



39

Пайдаланушының авиациялық персоналдарын оқытатын уәкілетті органдармен келісілген шетел авиациялық оқу орталықтарының болуы.



40

Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі ақпараттардың уақтылы түсуі.



41

Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушылардың сыртқы ұйымдармен және жерде ұшуға қызмет көрсететін тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау рәсімдерінің болуы.



42

Ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі нұсқаулықтың болуы.



43

Бортсеріктері (жолаушы нұсқаулықтары), бортоператорларының жұмыс технологияларын тиісті түрде дайындау және орындау.



44

SMS (Safety management system) бағдарламасының болуы.



45

CFIT бағдарламасының болуы.



3. Қауіпті жүктерді тасымалдау

46

Қауіпті жүктерді тасымалдауды жаңадан бастаған пайдаланушы немесе қауіпті жүктерді тасымалдағысы келетін пайдаланушы тексеріледі:
1) ауа бойынша қауіпті жүктерді тасымалдау ережесі жөніндегі нұсқаулық құжаттарының болуы;
2) қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша персоналдарды оқыту;
3) персоналдың қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсаты;
4) қауіпті жүктерді әуе кемесінде тасымалдау рұқсаты;
5) қауіпті жүктерді қабылдау, өңдеу, сақтау;
6) қауіпті жүктерді залалсыздандыру және бақылау;
7) қауіпті жүктерді тасымалдау үшін құжаттарды ресімдеу;
8) қауіпті жүктерді жолаушылармен бірге бортта тасымалдау;
9) авариялық рәсімдер процедуралар;
10) қауіпті жүктерді тасымалдауға байланысты авиациялық жағдайлар мен оқыс оқиғалар туралы есеп;
11) жарияланбаған қауіпті жүктерге қатысты пайдаланушының іс-әрекеті;
12) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдер.



47

Мерзімді тексеру кезінде тексеріледі:
1) қауіпті жүктерді тасымалдауға байланысты персоналды мерзімді дайындау мерзімін сақтау;
2) жұмысқа жаңа жалданған персоналды дайындауды белгіленген тәртіппен жүргізу;
3) қауіпті жүктерді тасымалдауға қатысты қажетті құжаттамалардың болуы;
4) нормативтік-құқықтық актілердің өзгерістері мен толықтыруларына қатысты пайдаланушыларды ескертудің ішкі рәсімдерін үйрету;
5) қауіпті жүктердің бөлігін тасымалдау және оны бекіту, ұшу өндірісі жөніндегі басшылыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
6) қауіпті жүктерді, оның орауын, таңбалануын, этикет қағазының жабысуын және оның құжаттамаларын қоса тексеру;
7) ауа бойынша қауіпті жүктерді тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін пайдаланушының басшы құрамы мен персоналдардың қабілеті мен сәйкестілігі.



4. Авиациялық персонал

48

Авиациялық персоналдарды дайындау жөніндегі басшылық.



49

Қызмет түрін есепке ала отырып пайдаланушылар әзірлеген экипаждың жұмыс уақыты мен демалыс уақыты туралы ереже.



50

Экипажға жаттығу дайындығын жүргізу шарты немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарлама бойынша әуе кемесі кабинасында жаттығу жүргізу рәсімі.



51

Осы типтің әуе кемесінде өздігімен ұшу рұқсаты үшін ұшу (жұмыс) құрамын дайындау және тексеру.



52

Мамандығы бойынша біліктілігін арттыру және растау.



53

Ұшу құрамы мен бортсеріктері куәліктерінің қолдану мерзімі.



54

Ұшу жұмыстарының үзілістерінен кейін ұшу құрамына рұқсат беру тәртібін сақтау.



55

АУЦ пайдаланушы, азаматтық авиация оқу мекемелерінде (орталықтарында) ұшу құрамының біліктілігін арттыру және әуе кемесінің басқа түрлерін пайдалану және қайта оқу.



56

Экипажға алдын ала дайындықтар жүргізу (қолайлы болса).



57

Тоқсан сайын күрделі метеожағдайда қонуға бет алуды орындау реттілігі минимумын бекіту (қолайлы болса).



58

күрделі метеожағдайда ұшу рұқсаты үшін ұшу құрамын дайындау және тексеру.



59

Қонудың автоматтандырылған құралдарын пайдаланып, ұшу рұқсаты үшін ұшу құрамын дайындау және тексеру.



60

Көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы навигацияларының дайындығын тексеру және дайындау (дайындық жоспары, жоспардың құрылымдық мазмұны, іс-шараны орындау уақыты, ұшу-техникалық конференциясын өткізу).



61

Басқа түрлердегі әуе кемесінің ұшу құрамын қайта даярлау бағдарламасын сақтау.



62

Ұшу құрамының жоспарлық мерзімін, көлемін және жаттығу дайындығы бағдарламаларын сақтау.



63

кешенді жаттығулар және экипаж кабинасында жаттығулар дайындығы бағдарламасының болуы.



64

ерекше жағдайда немесе әуе кемесін авариялық жағдайда түсіру кезінде экипажға жаттығуларды үйретуді ұйымдастыру.



65

Әуеайлаққа маршрут (жұмыс ауданына) бойынша экипажды тасу, таулы әуеайлаққа экипажды тасуды ұйымдастыру.



5. Ұшу жарамдылығына қолдау көрсету

66

Бекітілген талаптарға және уақтылы енгізілген өзгерістерге сәйкес техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының басшылығы.



67

Техникалық қызмет көрсетуді реттеуді жүзеге асыратын басшылар мен персоналдардың өкілеттілігі мен біліктіліктері.



68

техникалық қызмет көрсетуді реттеуді жүзеге асыратын және оны жарақтандыратын (телефон, телефакс, компьютер, интернет) персоналдарға арналған жұмыс үй-жайлары.



69

Бекітілген талаптарға және уақтылы енгізілген өзгерістерге сәйкес техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламент). Сенімділік деңгейін бақылау бағдарламасы (қолайлы болса).



70

Бекітілген ТО бағдарламасына сәйкес техникалық қызмет көрсетуді жоспарлау және нақты орындау. Техникалық қызмет көрсетуді орындайтын ұйымдармен пайдаланушылардың өзара іс-қимылы және үйлестіру.



71

Сыртқы ұйымдармен ТО шартын жасау.



72

Ұшу жарамдылығы бойынша директив алу, талдау, ұйымдастыру және есепке алу.



73

Сертификат иесінен (сервистік бюллетеньдер) ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі ақпараттарды алу, талдау, қолдануды ұйымдастыру.



74

Сертификат иесінен (MRBR, MPD, MM, SRM, WM и под.). ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі құжаттардың болуы және рұқсаты.



75

MEL болуы, MEL-ді қолдану және пайдалану ақаулықтарын жоюды ұйымдастыру.



76

Әуе кемесіне ұшу алдында тексеруді ұйымдастыру.



77

Техникалық борт журналын қолдану.



78

Әуе кемесіне модификация жүргізуді ұйымдастыру.



79

Бекітілген құжаттарда көрсетілген рұқсат беру шегінен (SRM) жөндеу жүргізуді ұйымдастыру.



80

Есеп құжаттарын енгізу және сақтау.



81

Жағдайларды баяндау жүйесі.



82

Сапасын қамтамасыз ету жүйесі.



83

RVSM, RNAV, EDTO, CatII, III, PBN, RCP (мүмкіндік болса) жағдайларында пайдаланушының ұшуды орындау қабілеті.



6. Ұшуды қамтамасыз ету

84

Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету



85

Ұшудың аэронавигациялық қызметін қамтамасыз ету



86

Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету



87

Ұшуды медициналық қамтамасыз ету



88

Ұшуды әуежайлық қамтамасыз ету



89

Кедендік және төлқұжаттық бақылауды қамтамасыз ету



90

Әуеайлақ және маршрут бойынша деректер (маршруттық анықтамалық)



91

Жер бетіндегі қызмет көрсетуді ұйымдастыру және рәсімдеу:
1) ӘК мұзданбауы үшін жұмыстар;
2) ӘК техникалық қызмет көрсету;
3) жолаушыларға қызмет көрсету және жүктерін тиеу



92

Ұшуды жер бетінде қамтамасыз етуді ұйымдастыру және рәсімі



93

Ұшуды жүргізу және ұйымдастыру бойынша құрылымның болуы



94

Базалық қону әуеайлағын пайдалану (авиациялық қауіпсіздікті және авариялық – құтқаруды қамтамасыз ету).



7. Авиациялық қауіпсіздік

95

Пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік қызметінің құрамы, қызмет көрсету аясының болуы



96

Пайдаланушының уәкілеттік органымен келісілген авиациялық қауіпсіздігі бойынша бағдарламасының болуы



97

АҚ бойынша курстарды өткен авиациялық қауіпсіздігі бойынша мамандардың болуы



98

Персоналдарды авиациялық қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарға жіберу тәртібі (оқыту, тағылымдама, куәліктерді, рұқсаттамаларды және/немесе сертификаттарды ресімдеу), келісілген дайындық бағдарламасының болуы



99

Пайдаланушының авиациялық қауіпсіздігі қызметінің қызметтік үй-жаймен қамтамасыз етілуі (кабинеттер, бөлмелер талдау, демалу, тамақтану, шешіну, сушилки арнайы киімдерін кептіру комнаталары)



100

Құжаттарды есепке алу, пайдалану және сақтау тәртібі, өзгерістер мен толықтыруларды енгізу және оларды орындаушыларға жеткізу. Пайдаланушы персоналдарының АҚ қамтамасыз ету бойынша құжаттарды, басшылыққа алатын, нормативтік және ақпараттық құжаттарды оқып-үйренуі



101

Пассажирлерді, экипаж мүшелерін, қызмет көрсету персоналдарын, қол жүгін, багажды, жүкті, поштаны, борттық қорларды тексеруден өткізу технологиясы



102

Ішкі нысандық және рұқсаттамалық режим жөнінде нұсқаулықтың болуы



103

Азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласуға байланысты төтенше жағдайларды реттеу бойынша іс-әрекет жоспары



104

Пайдаланушының авиациялық қауіпсіздігі бойынша шараларды орындауын бақылау, мерзімділігі мен бақылауды есепке алу



105

Авиациялық қауіпсіздігі бойынша жүргізілген іс-шаралардың тиімділігі, оны талдау және бағалау



106

Азаматтық авиация саласындағы объектілерінің осалдау жерлерін анықтау жөніндегі қызметтер, мүмкін болатын заңсыз араласудан қорғау шаралары



107

Пилоттар, кабина экипажы және әуе кемені ұшуға дайындау персоналдары үшін тексеру парағы болу және оны қолдану



108

Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі түрде ішкі тексерістер жүргізу



109

Шетелде жұмыс істейтін әуе кемелер үшін авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралары



110

Қауіпсіздік жүйелерімен әуе кемелерін қамтамасыз ету:
1) Пилот кабинасының есігін оқшаулап жауып тастау;
2)жасырын дабыл қағу жүйесінің болуы және жұмыс істеуі;
3) әуе кемесінің бөліктерінің кілемді жабындарының болуы;
4) қару мен оқ-жарақтарды тасымалдайтын орынның жабдықталуы;
5) табылған жарылғыш затты қою үшін әуе кемесінде қауіпсіз жерді белгілеп қою



111

Әуе кемесін алдын ала тексеруін ұйымдастыру



112

Төтенше жағдай кезінде әуе кемесі экипажының іс-әрекеті жөнінде жаднама



113

ұшу кезіндегі әуе кемесінің тексеруді тәртібі туралы жөніндегі нұсқаулық



114

Тексеру тобының кәсіби мамандармен жасақталуы, олардың біліктілігі



115

Тексерудің арнайы рәсімінің болуы (қолмен және іріктеп тексеру, тексеру өткізуден бас тарту, жекелей тексеру)



116

Ұшу кезінде жолаушылардан алынған қару, оқ-жарақ, арнайы заттарды әуе кеме бортында тасымалдауды ұйымдастыру және сақтау тәртібі



8. Ұшу жұмысын талдау және ұшу қауіпсіздігінің жағдайы

117

Ұшу құрамын тексеру материалдары (ұшу кітабы, жаттығу тапсырмалары, ұшу техникаларын тексеру актілері, практикалық жұмыстар)



118

Ұшудағы ақпараттарды талдау материалдары, борттағы және құрлықтағы ұшу және сөз алмастыру (талдау және пайыздық қамту) ұшудағы ақпараттардың материалдарын талдау.



119

Авиациялық жағдайларды есепке алу және оларды болдырмау бойынша алдын алу.



120

Ұшу қауіпсіздігі жөнінде талдау жасау.



121

авиациялық жағдайларды тексеру бойынша жұмысқа дайындалған мамандардың болуы.



122

Қауіпсіздік жөніндегі инспекторларды тексеру, ұшуды орындау жедел бақылау материалдары.



123

Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі ақпараттардың (бұйрықтар мен тапсырмалар) уақтылы түсуі.



124

Нормативті және басшылық құжаттарына уақтылы өзгерістер енгізу.



125

пайдаланушының жеке құрамына дейін ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бұйрықтарды, нұсқаулар мен ақпараттарды уақтылы жеткізу және оқу.



9. Еңбек қорғау, қаржылық және материалдық қамтамасыз ету

126

Еңбек қорғауды ұйымдастыру.



127

Еңбек қорғау жөніндегі құжаттардың болуы.



128

Жеке қорғау құралдарының болуы.



129

Авиациялық персоналдардың формалық және арнайы киімдерінің болуы және белгіленген талаптарға сәйкес болуы.



130

Аэронавигациялық қызметтің 3 айдан артық қарызының болмауы.



131

Әуежайлық қызмет көрсетудің 3 айдан артық қарызының болмауы.



132

Еңбекақы төлеу бойынша 3 айдан артық қарызының болмауы.



133

Салық бойынша қарыздың болмауы



134

Кредиттер мен қарыздар бойынша мерзімі өткен берешектерінің болмауы.



1-ЕСКЕРТУ:
      (*) пайдаланушы үшін міндетті емес;
      (-1) пайдаланушының қызметіне сәйкес емес, кедергі келтірмейтін және өндіріс пен сапа жүйесін жетілдіру барысында жоюға жататын;
      (-2) пайдаланушының қызметіне сәйкес келмейтін, кедергі келтірмейтін жағдайда келісілген уәкілетті органдармен келісіп мерзімдері немесе шектеулер қою;
      (-3) пайдаланушының қызметіне кедергі келтірмейтін сәйкессіздіктер.

Тексерушілер: ______________________________
              ______________________________
              ______________________________
                    (қолы, аты-жөні)

Таныстым: _______________________________________________________
        (пайдаланушының жоғары лауазымдық тұлғасы, қолы, аты жөні)

Тексеру жүргізу мерзімі __________________________________________
                                (тексеру жүргізген уақыты)

2-ЕСКЕРТУ: аббревиатураларды (қысқартуларды) қолдану, олардың мағынасы:
      1) қазақ тілінде:
      БИН - Бизнес-идентификациялау нөмірі – заңды тұлғалар (филиал мен өкілдіктер) және бірге жұмыс жүргізетін жеке кәсіпкер үшін берілетін бірегей нөмір
      ӘК - Әуе кемесі
      ЖИН - Жеке идентификациялау нөмірі – жеке тұлғалар, соның ішінде өзі жеке кәсіпкер ретінде қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір
      Т.Ә.А. - Тегі, әкесінің аты (бар болса), өзінің аты
      2) ағылшын тілінде:
      ETOPS - Extended range operations by turbine-enginedaeroplanes
      (Екі газ турбиналы қуат қондырғысы бар ұшақтардың ұзақ алысқа ұшуы)
      PBN - Performance-basednavigation (Сипаттамаларға негізделген навигация)
      RCP - Required communication performance (Қажетті байланыс сипаттамалары)
      RVSM - Reducedverticalseparationminima (Вертикаль эшелондаудың қысқартылған минимумы)

Әуе кемесі/кемелері пайдаланушылардың
тексеру парағына
сәйкессіздік тізбесі

__________________________________
(пайдаланушы атауы)

№ р/с

Тексеру парағы бойынша сәйкессіздік айқындамасының №

Сәйкессіздік сипаттамасы

Ескертпе

1

2

3

4

1




Тексерушілер: ______________________________
              ______________________________
              ______________________________
                    (қолы, Т.А.Ә.)
Таныстырылды: ___________________________________________________
            (пайдаланушының аға лауазымдық тұлғасы, қолы, Т.А.Ә.)
Тексеруді жүргізу мерзімі ________________________
                           (тексеру жүргізу күні)

Қазақстан Республикасы    
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 26 қыркүйектегі  
№ 755 бұйрығына       
2-қосымша          

Қазақстан Республикасы     
Көлік және коммуникация министрінің
2012 жылғы 17 қыркүйектегі  
№ 611 бұйрығына        
2-қосымша          

Нысан

ШЕТЕЛДІК ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ӘУЕ КЕМЕСІН ПЕРРОНДА
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ

Тексеруді белгілеген орган _________________________________________
Тексеруді белгілеу туралы акті _____________________________________
                                          (№, күні)

Тексерілетін бақылау субъектісінің атауы ____________________________
_____________________________________________________________________
                    (ӘК пайдаланушының атауы)

Тексеру өткізілетін мекенжай, орналасқан орны _______________________
_____________________________________________________________________
Тексеру өткізудің басталуы және аяқталуы ____________________________
                                                (күні, уақыты)

ӘК ұшу және (немесе) кабиналық (қызмет көрсетуші) экипажының мүшелері






Лауазымы

Т.А.Ә.


Тексеру күні

__________

ӘК командирі

_______________


Пайдаланушы

__________

Екінші ұшқыш

_______________


Рейстің №

__________

Штурман

_______________


ӘК түрі

__________

Бортинженері

_______________


ӘК тіркеу №

__________

Бортрадисті

_______________


Ұшуға тапсырма №

__________

Кабинаналық экипажы:
Бортоператоры

_______________


Тапсырма беру күні

__________

Аға бортсерігі

________________




Бортсерігі

________________




Ұшып кету (Жөнелту)

Ұшып келу (Келу)

Күні/уақыты (UTC)

______________


Күні/уақыты (UTC)

_____________

Пункті (әуеайлақ)

______________


Пункті (әуеайлақ)

_____________

Ұшу маршруты

______________


Ұшудың жалпы уақыты

_____________


р/с

Тексеру парағы бойынша ұстаным нөмірлері және тексерілетін элементтер

Сәйкестікті бағалау
(+/-)

Сәйкессіздік ұстанымның нөмірі

1

2

3

4

1. Әрбір тексеріс кезінде міндетті түрде таныстырылуға жататын құжаттар

1

Әуе кемесін тіркеу туралы куәлік.



2

Ұшу жарамдылығы сертификаты.



3

Біліктілік куәлігі, ұшу экипажы мүшелерінің куәлігі және медициналық қорытындылар.



4

Пайдаланушы сертификаты және пайдалану ерекшеліктері.



5

Әуе кемесін ұшу пайдалану жөніндегі нұсқаулық немесе ұшу-техникалық сипаттары туралы деректерден тұратын өзгеде құжаттар.



6

Радиостанцияны пайдалануға рұқсат.



7

Борттық журнал, техникалық журнал.



8

Техникалық қызмет көрсету туралы куәлік.



9

Отын мен майдың болуы ведомствосы.



10

Шуыл бойынша сертификатты растайтын құжат.



2. Әрбір тексеріс кезінде қарауға жататын әуе кемесінің жалпы жай-күйі

11

Ағындылар, отын, рұқсат етілген деңгейден жоғары қозғалтқыш майы немесе гидравликалық сұйықтық.



12

Шасси және шассидің қуысы.



13

Фюзеляж және пилондары, егер қолданылса.



14

Қанаты және пилондары, егер қолданылса.



15

Артқы қанатшалар.



3. Белгілі бір тексерістер саны арқылы тексеруге жататын құжаттар.

16

MEL



17

Ұшу өндірісі жөніндегі нұсқаулық.



18

Әуе кемесінің ұшу-техникалық сипаттары туралы деректер.



19

Әдеттегі, штаттық емес және авариялық жағдайлардағы іс-әрекеттердің бақылау тізбесі.



20

Аэронавигациялық карталар

(маршруттар анықтамасы).



21

Әуе кемесін тінту рәсімдерінің бақылау тізбесі.



22

Тосқауылдаушы және тосқауылданушы әуе кемелерін пайдаланушылар үшін көзбен шолатын сигналдар.



23

Жинақтау-тиеу ведомосты және оны толтыру жөніндегі нұсқаулық.



24

Метеомәлімет және ауа райы болжамдары.



25

Ұшудың жұмыс жоспары.



26

NOTAM.



4. Әрбір тексеріс кезінде емес қарауға жататын жабдықтар.

27

Экипаж мүшелері мен жолаушылар үшін оттегі қорының жеткіліктігі.



28

Жолаушылар үшін ақпараттық карточкалар және оның мазмұны.



29

Тасымалданатын өртсөндіргіштер – ұшу экипажының кабинасы және жолаушылар салоны.



30

Құтқарушы салдар және құтқарушы кеудемелер немесе жеке жүзу құралдары, егер бар болса.



31

Авариялық сигналдардың пиротехникалық құралдары, егер бар болса.



32

Шұғыл дәрігерлік көмек жиынтығы және медициналық дәрі-дәрмектер, егер бар болса.



33

Кіруге кедергі болатын ұшу экипажының кабинасының есігі, егер қарастырылған болса.



34

Маркалау және авариялық шығулар есіктерінің жарықтары.



5. Белгілі бір тексерістер саны арқылы тексеруге жататын борттық жабдықтардың түрлері.

35

Соқтығуды ескертудің борттық жүйесі (СЕБЖ).



36

Авариялық қозғалатын таратқыш (ELT).



37

Ұшу деректерін өздігінен жазғыш (FDR) және борттық сөйлеу өздігінен жазғыш (CVR).



38

Ұшу бағытында жергілікті рельефті бағалау функциясы бар жердің жақындығы туралы ескеретін жүйе (GPWS).



 1-ЕСКЕРТПЕ:
      (*) экипаж мүшелері, кабина (қызмет көрсетуші) экипажы мүшелері қызметкерлеріне және әуе кемесіне міндетті емес;
      (-1) Экипаж мүшелерінің, кабина (қызмет көрсетуші) қызметкерлерінің және /немесе әуе кемесінің қызметіне кедергі келтірмейтін сапа жүйесін және өндірісті жетілдіру кезінде жоюға жататын сәйкессіздіктер;
      (-2) уәкілеттік органмен келісілген мерзімді немесе шектеуді/шектеулерді енгізу жағдайында экипаж мүшелері, кабина (қызмет көрсетуші) экипажы мүшелері қызметкерлеріне және/немесе әуе кемесінің қызметіне кедергі келтірмейтін сәйкессіздіктер;
      (-3) экипаж мүшелері, кабина (қызмет көрсетуші) экипажы мүшелері қызметкерлеріне және/немесе әуе кемесінің қызметіне кедергі келтіруші сәйкессіздіктер.

Тексерушілер: ______________________________
              ______________________________
              ______________________________
                      (қолы, Т.А.Ә.)
Таныстырылды: _______________________________________________________
              (пайдаланушының аға лауазымдық тұлғасы, қолы, Т.А.Ә.)
Тексеруді жүргізудің басталуы және аяқталуы _________________________
                                                  (күні, уақыты)

Шетелдік пайдаланушының азаматтық әуе кемесін перронда тексеру
парағына сәйкессіздік тізбесі

__________________________________________________
(ӘК түрі, №, сериялық №, пайдаланушының атауы)


р/с

Тексеру парағы бойынша сәйкессіздік ұстанымның №

Сәйкессіздік ерекшелігі

Ескертпе

1

2

3

4

1




 Тексерушілер: ______________________________
               ______________________________
               ______________________________
                       (қолы, Т.А.Ә.)
Таныстырылды: _______________________________________________________
             (пайдаланушының аға лауазымдық тұлғасы, қолы, Т.А.Ә.)

Тексеруді жүргізудің басталуы және аяқталуы _________________________
                                                  (күні, уақыты)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады