Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарына қызметке конкурстан тыс қабылдау тәртібі мен шарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының 2013 жылғы 08 қазандағы № 326 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 29 қазанда № 8854 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 7 қазандағы № 10 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014.10.07 № 10 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында, «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3-тармағының 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарына қызметке конкурстан тыс қабылдау тәртібі мен шарттары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) (бұдан әрі - Агенттік) Кадрлар басқармасы Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментімен бірлесе отырып, осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының барлық қызметкерлері таныстырылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің Кадрлар басқармасына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жариялануға тиісті және алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     Р. Түсіпбеков

Қазақстан Республикасы Экономикалық 
қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа  
қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
Төрағасының 2013 жылғы 8 қазандағы  
№ 326 бұйрығымен бекітілген     

Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарына қызметке
конкурстан тыс қабылдау тәртібі мен шарттары

      1. Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарына қызметке конкурстан тыс қабылдаудың осы тәртібі мен шарттары (бұдан әрі – Тәртіп) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы (бұдан әрі – Заң), «Қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы заңдарына және құқық қорғау қызметі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
      2. Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарына (бұдан әрі – қаржы полициясы органдары) қызметке өзінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, денсаулығы мен дене бітімінің даму жағдайы, білім деңгейі бойынша өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде қабылданады.
      3. Біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде қаржы полициясы органдарына қызметке конкурстан тыс іріктеу арқылы кіруге мыналардың құқығы бар:
      1) құқық қорғау органдарының білім беру мекемелерінде оқуды бітірген тұлғалар;
      2) бұрын құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілер болған тұлғалар;
      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары;
      4) мемлекеттік саяси қызметшілер;
      5) өз өкілеттігін тоқтатқан судьялар.
      Осы Тәртіптің 3-тармағының 1)-5) тармақшаларында көрсетілген, теріс себептермен жұмыстан шығарылған немесе өз өкілеттігін тоқтатқан тұлғалар қаржы полициясы органдарына қызметке қабылданбайды.
      4. Теріс себептермен өкілеттігін тоқтатқандарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Парламенті бұрынғы депутаттарының, мемлекеттік саяси қызметшілердің және өз өкілеттіктерін тоқтатқан судьялардың бос лауазымдарға орналасуы конкурстан тыс негізде олардың өкілеттіктері тоқтатылған күннен бастап бір жыл ішінде жүзеге асырылады.
      5. Конкурстан тыс іріктеу арқылы қызметке кіретін тұлғалар (бұдан әрі – үміткерлер) конкурстан тыс қызметке қабылдау туралы еркін нысанда жазылған арызды қаржы полициясы органдарына береді.
      Үміткерді конкурстан тыс іріктеу арқылы қызметке қабылдау туралы шешім қабылдау үшін оны тағайындау мүмкін болатын Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасы (бұдан әрі – құқық қорғау органының басшысы), Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерінің (қаржы полициясы), Қаржы полициясы академиясының бастықтары (бұдан әрі – уәкілетті басшылар) немесе олардың тапсырмасы бойынша құрылымдық бөлімшесінің басшысы арызды (қызметке қабылдау туралы) тіркеген күннен бастап он жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізеді, алдағы жұмыстың сипаты және қызметтік міндеттері туралы түсіндіреді.
      6. Әңгімелесуді өткізгеннен кейін, үміткер бес жұмыс күн ішінде қаржы полиция органының кадр бөлімшесіне мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) осы Тәртіпке 1-қосымшадағы нысанға сәйкес сауалнама;
      2) осы Тәртіпке қоса берілген 2-қосымшадағы нысанға сәйкес өмірбаян;
      3) соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме;
      4) нотариалды куәландырылған жеке куәлігінің немесе паспорттың көшірмесі;
      5) нотариалды куәландырылған білімі туралы құжаттар көшірмесі;
      6) нотариалды куәландырылған еңбек жолын бекітетін құжат көшірмесі;
      7) нотариалды куәландырылған әскери қызмет өткергені немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткенін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылғанын немесе кейінге қалдырылғанын растайтын құжат көшірмесі;
      8) 4х6 көлемдегі суреті (2 дана);
      9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
      10) соттылығының болмауы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық үшін әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылмауы туралы құқықтық статистика мен арнайы есеп органдарының анықтамасы;
      11) үміткер және оның зайыбы (жұбайы) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес тұрғылықты жері бойынша салық органдарына табыстары және мүлкі туралы декларацияны табыс еткенін бекітетін құжат;
      12) өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы, өзінің меншігіндегі үлестерді (акциялар пакеті) және пайдаланылуы табыс алуға әкелетін өзге де мүлікті сенімгерлік басқаруға бергенін бекітетін құжат (мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы нотариалды куәландырылған шарт).
      Егер үміткердің өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы, өзінің меншігіндегі үлестерді (акциялар пакеті) және пайдаланылуы табыс алуға әкелетін өзге де мүлікті сенімгерлік басқаруға бергенін бекітетін құжаты болмаса, осы тармақтың 12) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.
      7. Үміткерлер өздерінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша мәліметтерді (біліктілігін жоғарылату, ғылыми дәреже мен атақ беру туралы құжаттардың көшірмелері, ұсынымдар, ғылыми басылымдар, олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын басқа да мәліметтер) ұсына алады.
      8. Үміткерлер 6-тармақта аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде береді.
      9. Құжаттарды қабылдау, қаржы полициясы органдарына қабылданатын үміткерлерді зерттеу мен іріктеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қаржы полициясы органдарының кадр бөлімшелері жүзеге асырады.
      10. Кадр бөлімшесі осы Тәртіптің 6-тармағы 1)-12) тармақшаларында көрсетілген тізбеде көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды қарап, үміткердің тағайындалуы мүмкін лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
      11. Құжаттар тиісінше рәсімделмеген немесе осы Тәртіптің 6-тармағы 1)-12) тармақшаларында көрсетілген тізбеге сәйкес келмеген жағдайда олар кемшіліктерді жою үшін, кемшіліктері көрсетіле отырып, кері қайтаруға жатады.
      Осы Тәртіптің 6-тармағы 1)-12) тармақшаларында көрсетілген тізбеде көрсетілген құжаттарды ұсынбау немесе олардағы мәліметтерді бұрмалау құжаттарды қараудан бас тартуға негіз болады.
      12. Үміткермен тапсырылған құжаттарды тексерген соң кадр бөлімшесі оған қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өту үшін тез арада жолдама береді.
      13. Медициналық және психофизиологиялық куәландыру, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өту туралы анықтаманы алғаннан соң кадр бөлімшесі арнайы тексеруден өтпеген жағдайда үміткерге қатысты құжаттарды ұлттық қауіпсіздік органдарына тексеру жүргізу үшін тез арада жолдайды.
      14. Қаржы полициясы органдарының бұрынғы қызметкерлерін қызметке қабылдау кезінде кадр бөлімшесі мұрағаттық жеке істі зерттейді және осы Тәртіптің 6-тармағы 1)-12) тармақшаларында көрсетілген жаңарған құжаттарды тіркейді.
      15. Кадр бөлімшесі осы Тәртіптің 12 және 13-тармақтарының талаптарын ескере отырып берген құжаттардың негізінде құқық қорғау органының басшысы немесе Агенттікпен келісе отырып уәкілетті басшы мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
      1) қызметке қабылдауға келісім береді;
      2) қызметке қабылдаудан дәлелді бас тартады.
      Қызметке қабылдаудан бас тарту үшін үміткердің белгіленген біліктілік талаптарына, Заңның 6-бабының 2-тармағында көзделген құқық қорғау қызметіне кіру шарттарына сәйкес келмеуі, осы Тәртіптің 6-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырмауы немесе толық тапсырмауы негіз болып табылады.
      Кадр бөлімшесі қабылданған шешім туралы оны қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қою арқылы үміткерге хабарлайды.
      16. Қызметке қабылдау үшін құқық қорғау қызметі саласындағы қолданыстағы заңнамада белгіленген талаптарға үміткер сәйкес келген кезде кадр бөлімшесі қабылдау туралы бұйрықтың жобасын әзірлейді және оған үміткер тағайындалатын құрылымдық бөлімшенің басшысы, ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бөлімшенің басшысы қол қойғаннан кейін лауазымға тағайындау және лауазымнан босатуға құқығы бар құқық қорғау органының басшысына, уәкілетті басшыға қол қоюға ұсынады.
      17. Кадр бөлімшесі тағайындау туралы бұйрық тіркелген күні қызметкерді онымен таныстырады және бұйрықтың көшірмесін тиісті қаржы полициясы органының құрылымдық бөлімшесіне мәлімет ретінде жолдайды.

Қазақстан Республикасы Экономикалық 
қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа  
қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
Төрағасының 2013 жылғы 8 қазандағы  
№ 326 бұйрығымен бекітілген      
Қазақстан Республикасының қаржы   
полициясы органдарына қызметке    
конкурстан тыс қабылдау тәртібі мен  
шарттарына             
1-қосымша             

Нысан

САУАЛНАМА
(өз қолымен толтырылады)

СҰРАҚТАР

ЖАУАПТАР

1. Аты, әкесінің аты, тегі


2. Атын, әкесінің атын, тегін өзгерткен болса, қашан, қайда және қандай себептермен өзгерткен.


3. Туған жылы, күні, айы және орны (ауыл, қала, аудан, облыс, республика).


4. Ұлты, азаматтығы (егер өзгерткен болса, қашан және қандай себептермен көрсетілсін).


5. Білімі (қашан және қандай оқу орындарын аяқтаған, дипломдардың нөмірлері), диплом бойынша мамандығы мен біліктілігі.


6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы мәліметтер (қашан, кіммен берілген, дипломның нөмірі), ғылыми еңбегі және шығармалары.


7. Ана тіліңіз, басқа қандай тілдерді және қай дәрежеде білесіз?


8. Заңнамада белгіленген тәртіпте әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылдыңыз ба?


9. Құқық қорғау органына қызметке тұрмастан бұрын үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылдыңыз ба?


10. Құқық қорғау органына қызметке тұрмастан бұрын бір жыл ішінде сот тәртібімен құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік шара қолданылды ма?


11. Құқық қорғау органына қызметке тұрмас бұрын үш жыл ішінде сот тәртібімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік шара қолданылды ма?


12. Бұрын сотталған немесе қылмыстық жауаптылықтан ақталмайтын негіздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен шығарылған болдыңыз ба?


13. Сіздің жақын туысқандарыңыз сотталған болды ма (қашан және не үшін)?


14. Сіз және сіздің жақын туысқандарыңыз шетелде болған ба, қашан және қандай мақсатпен?


15. Сізде немесе жұбайыңызда (зайыбыңызда) шетелде тұрақты тұратын туысқандары бар ма (тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, туысқандық деңгейі, тұрғылықты жері, тұратын елі, олар шетелде қай уақыттан бері тұрады, немен айналысады)?


16. Сіздің жақын туыстарыңыз, жұбайыңыздың (зайыбыңыздың) жақын туыстары (ата-анасы, баласы, қызы, балалыққа алушы, балалыққа алынған, толық немесе толық емес ағасы және апасы, атасы, әжесі, немересі) Қазақстан Республикасының құқық қорғау, арнайы, сот органдарының қызметкерлері болған ба? Болса, нақты қандай органның қызметкері, лауазымы.


      17. Сіздің жақын туысқандарыңыз (әкесі, шешесі, ағасы, апасы, жұбайы, зайыбы, балалары), Сіздің жұбайыңыздың (зайыбыңыздың) жақын туыстары, оның ішінде бұрынғылары*:

Туысқандық деңгейі

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған жері, жылы, айы, күні

Жұмыс орны және лауазымы

Тұрғылықты мекен-жайы







































































      * Егер туысқандарыңыз тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен болса, онда олардың бұрынғы тегін, атын, әкесінің атын да көрсету қажет.
      18. Еңбек жолын бастағаннан бері істеген жұмыстары (жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқыған жылдарын, әскери қызметін, қоса атқарған жұмысын, кәсіпкерлік қызметін және т.б. қоса есептегенде)
      Бұл тармақты толтырғанда мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар сол уақытта қалай аталса, сол қалпында аталуы керек. Әскери қызметін жазғанда лауазымын, әскери бөлімшенің нөмірін, оның орналасқан жерін көрсету керек.

Айы және жылы

қызметі, мекеме, ұйым, кәсіпорынның атауы

Мекеме, ұйым, кәсіпорынның тұрған жері

келген

кеткен

















































      19. Әскери қызметке қатысы және әскери шені
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      20. Тұрғылықты мекен-жайы (тіркелген мекен-жайы және тұратын
       мекен-жайы), үй телефоны,ұялы телефон нөмірі _________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      21. Паспорт, жеке куәлігі _____________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
          (сериясы, нөмірі, кім және қашан берген)
      22. Қосымша мәліметтер (мемлекеттік наградалар, сайланбалы өкілдік органдарға қатысуы, сондай-ақ ресімделуші өзі туралы хабар беретін басқа да деректер) __________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Маған сауалнамада берілген жалған мәліметтер қаржы полициясы органдарына құқық қорғау қызметіне ресімдеуден бас тартуға негіз болуы мүмкін екені белгілі. Маған қатысты тексеру шараларын жүргізуге
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                              (ұйымның атауы)
__________________________________________________________ келісемін.

_________________________________________
                           (қолы, А.Ә.Т.)
20___ жылғы «____»________________

Қазақстан Республикасы Экономикалық 
қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа  
қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
Төрағасының 2013 жылғы 8 қазандағы  
№ 326 бұйрығымен бекітілген      
Қазақстан Республикасының қаржы   
полициясы органдарына қызметке    
конкурстан тыс қабылдау тәртібі мен  
шарттарына             
2-қосымша              

Нысан

ӨМІРБАЯН
(өз қолымен толтырылады)

      Өмірбаян қатысушының өз қолымен, еркін түрде, түзетусіз, шимақсыз, мынандай мәліметтерді міндетті түрде көрсетумен толтырылады:
      - аты, әкесінің аты, тегі, туған күні мен жері, ұлты, ана тілі, қандай шетел тілдерін біледі;
      - қашан, қайда, қандай оқу мекемелерін бітірген, білімі бойынша мамандығы;
      - қандай қызметте, қашан, қайда жұмыс атқарған, мекеменің немесе ұйымның толық атауы, мекен жайы, бір мекемеден екінші мекемеге ауысу себебі, тәртіптік, әкімшілік, материалдық немесе қоғамдық шаралар қолданылған ба, қолданылса, қашан, кіммен, не үшін (қандай шара);
      - әскери міндетке қатысы: қашан және кіммен нақты әскери қызметке шақырылған (егер шақырылмаса, не себептен), қандай әскери бөлімде (нөмірі), қандай қызметте қызмет атқарған, қашан және қандай лауазымнан Қарулы Күштер қатарынан босатылған, әскери атағы;
      - жанұя жағдайы: қашан некеге тұрған, жұбайының (зайыбының) аты, әкесінің аты, тегі, туған күні мен жері, ұлты, жұмыс орны, лауазымы, егер қатысушының, оның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының тегі өзгертілген болса, олардың алғашқы аты-жөнін көрсету, туыстарының бірі құқық қорғау органдарында қызмет атқарады ма (туысқандық дәрежесі, аты, әкесінің аты, тегі, қайда қызмет атқарады, лауазымы, арнайы атағы);
      - қатысушы, оның жұбайы (зайыбы) немесе туыстарының бірі шетел азаматтығында болған немесе бар ма (кім, туысқандық дәрежесі), олардың ішінде шетелде болған ба (қашан, қайда, қандай мақсатпен) немесе шетелге тұрақты тұру үшін шығу туралы қолдау хат ұсынған ба (қашан, қандай себептермен), шетел азаматы болып табылатын туыстар мен таныстар, шетелде тұратын, бірақ қазақстандық азамат болып табылатын туыстар мен таныстар бар ма (аты, әкесінің аты, тегі, туысқандық дәрежесі, шұғылданатын кәсібі, мекен жайы), олармен қандай қарым-қатынаста. Қатысушы, оның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары қылмыстық жауапкершілікке тартылған ба (қашан, не үшін, қандай жазаға).
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                                   __________________________________
                                                      (қолы, А.Т.Ә)
                                 20 ___ жылғы «__» __________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады