Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне сыныптық біліктілік айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 559 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 04 қарашада № 8877 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 40 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 21.01.2015 № 40 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 12-тармағының 16) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне сыныптық біліктілік айқындау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ) орталық аппараты комитеттерінің төрағалары, департаменттері мен өзге де құрылымдық бөліністерінің, ішкі істер департаменттерінің, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, ІІМ ведомстволық білім беру ұйымдарының бастықтары Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жеке құрамының осы Нұсқаулықтың талаптарын зерделеуін ұйымдастырсын және қатаң орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. ІІМ Қаржымен қамтамасыз ету департаменті және Қазақстан Республикасы аумақтық ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) қаржы қызметтері шығыстар сметасында ІІО-ның қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына сыныптық біліктілік үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге қаражатты «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары әскери қызметшілерінің, қызметкерлерінің және әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ІІМ-нің 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 492 бұйрығына сәйкес бөлуді жыл сайын көздесін.
      4. ІІМ Тыл департаменті және ІІО-ның тылдық қамтамасыз ету қызметтері қызметкерлерді төсбелгілермен және куәліктермен қамтамасыз етсін.
      5. Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.
      7. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                 Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы 
ішкі істер министрінің 
2013 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 559 бұйрығымен    
бекітілген      

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне сыныптық біліктілік айқындау жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне сыныптық біліктілік айқындау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамының адамдарына олардың өздерінің мамандықтарын игеруде қол жеткізген деңгейлеріне сәйкес сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету және айыру шарттарын нақтылайды.
      2. Сыныптық біліктілікті беру үшін сынақтар өткізу атқарып отырған лауазым бойынша кәсіби білімді, іскерлікті және дағдыларды игеру, жедел-қызметтік жұмыстың спецификасы мен бейінін ескере отырып, қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, ішкі істер органдарының қызметтерінде кадрларды тұрақтандыру және ұжымдарда тұрақты кәсіби өзек құру мақсатында жүргізіледі.
      3. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне (бұдан әрі – ІІО) кәсіби білім деңгейін, мамандығы бойынша жұмыс өтілін (тәжірибесін), кәсіби даярлығын ескере отырып, мынадай сыныптық біліктіліктер:
      «II сыныпты маман» - құқық қорғау қызметінде мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі (тәжірибесі) бар, осы сыныптық біліктілік үшін белгіленген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығының барлық түрлері бойынша сынақтан өткен қызметкерлерге;
      «I сыныпты маман» - «II сыныпты маман» сыныптық біліктілігі және құқық қорғау қызметінде мамандығы бойынша кемінде 7 жыл жұмыс өтілі (тәжірибесі) бар, осы сыныптық біліктілік үшін белгіленген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығының барлық түрлері бойынша сынақтардан өткен қызметкерлерге;
      «I сыныпты маман-тәлімгер» - «I сыныпты маман» сыныптық біліктілігі және құқық қорғау қызметінде мамандығы бойынша кемінде 10 жыл жұмыс өтілі (тәжірибесі) бар, жас мамандар мен жаңадан тағайындалған бір және одан да көп қызметкерлерге тәлімгерлікті жүзеге асырушы, осы сыныптық біліктілік үшін белгіленген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығының барлық түрлері бойынша сынақтардан өткен қызметкерлерге дәйектілікпен беріледі.
      4. Сыныптық біліктілікті белгілеу үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі үздіксіз болуы тиіс.
      5. Бір мамандық бойынша қызметкерлер ауысқан кезде сыныптық біліктілік және ақшалай үстемеақының белгіленген төлемі сақталады.
      6. Мамандығы ауысқан кезде (егер жаңа лауазым бойынша қызметтік міндеттерді орындау қызметкерде қосымша немесе өзге де білім мен дағдылардың болуын қажет ететін жоғары, бірдей, сондай-ақ төмен тұрған лауазымға тағайындаған, басқа бөлініске ауысқан кезде) сыныптық біліктілік сақталады, ал сыныптық біліктілік үшін ақшалай үстемеақы осы Нұсқаулықтың 25-тармағына сәйкес оқу жылының қорытындысы бойынша сыныптық біліктілікті растағаннан кейін төленеді.
      7. ІІО-ға қызметке басқа құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардан ауысу тәртібімен келген (қызметке келген) адамдарға оларда бар сыныптық біліктілік оқу жылының қорытындысы бойынша расталады, сыныптық біліктілік үшін ақшалай үстемеақы төлеу осы Нұсқаулықтың 25-тармағына сәйкес сыныптық біліктілікті растағаннан кейін жүргізіледі.
      8. Сот шешімі бойынша қызметке қайта қабылданған адамдардың сыныптық біліктілігі сақталады, қалған жағдайларда сыныптық біліктілікті беру осы Нұсқаулықтың 3-тармағына сәйкес жүргізіледі.
      9. Сыныптық біліктілік үшін қызметкерлерге үстемеақы төлеу қызметкердің негізгі ақшалай үлесімен ай сайын жүргізіледі.
      10. ІІО-ның қарамағындағы, сондай-ақ ақшалай ұстауы сақталусыз бала күтімі бойынша демалыстағы қызметкерлердің сыныптық біліктіліктері қарамағында және бала күтіміне байланысты демалыста болған барлық кезең ішінде көрсетілген үстемеақы төлеусіз сақталады.
      11. Қазақстан Республикасының ведомстволық білім беру ұйымдарында, сондай-ақ уағдаластық шеңберінде шет елдерде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын қызметкерлердің сыныптық біліктілігі көрсетілген үстемеақыны төлеусіз оқудың барлық кезеңі ішінде сақталады.
      Бар сыныптық біліктілікті беру немесе растау үшін сынақ белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалғаннан кейін жүргізіледі.
      12. Сыныптық біліктілікті беру үшін сынақтарға қызметкерлер:
      1) ІІО-ның қарамағында болған;
      2) тәртіптік жазаның күші кезінде;
      3) оған қатысты қызметтік тергеу жүргізу немесе қылмыстық істі тергеу кезеңінде – қызметтік тергеу аяқталғанға немесе ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қысқартылғанға дейін жіберілмейді.
      13. Ұсынылған материалдардың объективтілігін бақылауды, осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес сынақтар ұйымдастыруды біліктілік комиссиялары жүзеге асырады.
      Комиссия құрамы төрағадан, төрағаның орынбасарынан, хатшыдан және қызмет басшыларының қатарынан комиссияның үштен кем емес мүшесінен қалыптастырылады. Комиссия құрамы органның (бөліністің) бастығының бұйрығымен бекітіледі.
      Біліктілік комиссиясы мүшелері болмаған жағдайда олардың міндеттерін уақытша атқаратын қызметкерлермен ауыстыруға жол беріледі.
      14. Біліктілік комиссияларының міндеттеріне:
      - сыныптық біліктілік беру немесе растау үшін сынақтарға жіберудің белгіленген тәртібін сақтау;
      - ұсынылған мәліметтердің объективтілігін тексеру;
      - қойылған талаптарға сәйкес өткізілетін сынақтардың толық көлемін қамтамасыз ету;
      - сыныптық біліктілік беруге ұсынылатын ІІО қызметкерлерінің даярлық деңгейінің сәйкес келуін айқындау;
      - сынақтардың нәтижелерін ресімдеу;
      - сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету, айыру туралы акті жасау;
      - сыныптық біліктілікті берумен, растаумен, төмендетумен, айырумен байланысты шағымдар мен арыздарды қарау жатады.

2. Сыныптық біліктілікті беру құқығы

      15. Сыныптық біліктілікті:
      1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарларына, Ішкі істер министрлігі Аппаратының басшысына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кеңесшілеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің режим жөніндегі көмекшісіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ) орталық аппараты комитеттерінің төрағаларына, департаменттерінің, дербес басқармалары мен бөліністерінің бастықтарына және олардың орынбасарларына, Астана, Алматы қалалары, облыстардың және көліктегі ішкі істер (бұдан әрі – ІІД, КІІД), қалалардың және облыстардың қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің (бұдан әрі – ҚАЖД), ІІМ білім беру ұйымдарының бастықтарына және олардың орынбасарларына, «Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасағының командиріне;
      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – ІІМ орталық аппаратының қатардағы және басшы құрамының лауазымдарында қызмет өткеретін қызметкерлерге, ІІМ оқу орталықтарының бастықтарына және олардың орынбасарларына, Астана, Алматы, Жезқазған қалалары және облыстардың «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» (Астана қаласы), «Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі», «Солтүстік», «Оңтүстік» әскери және арнайы жабдықтау базасы» мемлекеттік мекемелерінің бастықтарына және олардың орынбасарларына, Байқоңыр қаласы ІІБ-нің, Кинологиялық орталықтың бастықтарына және олардың орынбасарларына, ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді және Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полктерінің командирлеріне және олардың орынбасарларына;
      3) ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (бұдан әрі – ҚАЖ комитеті) төрағасы – ҚАЖ комитетінің жеке құрамына;
      4) ІІД, КІІД, ҚАЖД, ІІМ білім беру ұйымдары бастықтары – ІІД, КІІД, ҚАЖД, ІІМ білім беру ұйымдары аппараттарының қызметкерлеріне және бағынысты ішкі істер органдары мен бөліністерінің басшы құрамына;
      5) Қалалық, аудандық, желілік ІІО-ның, Астана, Алматы, Жезқазған қалалары және облыстардың «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» (Астана қаласы), «Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі», «Солтүстік», «Оңтүстік» әскери және арнайы жабдықтау базасы» мемлекеттік мекемелерінің, Кинологиялық орталықтың, ІІД оқу орталықтары бастықтары, түзеу мекемелерінің, тергеу изоляторларының, түрмелер мен қоныс колонияларының бастықтары, «Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасағы командирі, ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді және Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полктері командирлері, оларға теңестірілген саптық бөліністердің командирлері – бөліністердің жеке құрамына «I сыныпты маман-тәлімгер» сыныптық біліктілігінен басқасын береді.
      «I сыныпты маман-тәлімгер» сыныптық біліктілігін жоғары тұрған орган береді.

3. Сыныптық біліктілікті беру, растау үшін сынақтар өткізу

      16. Қызметкердің сыныптық біліктілігі кәсіби даярлығының деңгейінен және өзінің мамандығын игеруден шыға отырып беріледі.
      17. Қызметкерлердің кәсіби даярлықтарының деңгейі және мамандықтарын игеру, сондай-ақ сынақтардың түрлері «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 10 қбпү бұйрығына сәйкес айқындалады.
      18. Сыныптық біліктілікті беру, растау үшін сынақтар оқу жылының аяқталуына қарай қызметкерлердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлықтарының қорытындысын шығару кезінде даярлық түрлері бойынша сынақтар қабылдай отырып жүргізіледі.
      19. Тікелей басшы комиссия төрағасына сыныптық біліктілікті беру, растау үшін сынақтарға ұсынылатын қызметкерлердің тізімін сынақтарды өткізу басталғанға дейін 15 жұмыс күнінен кешіктірмей осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес ұсынады.
      20. Сыныптық біліктілікті беру, растау үшін сынақтарға ұсынылатын қызметкерлердің тізімін қалыптастыру кезінде кәсіби білім деңгейі, ішкі істер органдарындағы қызмет өтілі және мамандығы бойынша жұмыс өтілі (тәжірибесі), кәсіби білімі мен дағдылары ескеріледі.
      21. Сыныптық біліктілікті беру үшін сынақтарға қатысу ерікті болып табылады.
      22. Сыныптық біліктілікті беруге, растауға ұсынылған, бірақ уақытша еңбекке жарамсыздығына, демалысқа, іссапарға байланысты сынақтарға қатыспаған қызметкерлер тиісті мән-жайлар аяқталғаннан кейін бір ай ішінде жеке тәртіппен сынақтардан өту құқығын сақтайды.
      23. Нұсқаулықтың 22-тармағында көрсетілген қызметкерлерге сыныптық біліктіліктер уақытша еңбекке жарамсыздығы, демалыста, іссапарда болған барлық кезеңде олардың бар сыныптық біліктілігін растағанға немесе жоғары тұрған сыныптық біліктілікті беру үшін сынақтардан өткенге дейін сақталады.
      24. Сыныптық біліктілікті беру, растау үшін қызметкерлердің сынақ нәтижелері осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес сынақтардың нәтижелері туралы актіде көрсетіледі.
      25. Сынақтардың нәтижелері туралы актінің негізінде Нұсқаулықтың 15-тармағында көрсетілген басшылар қызметкерлерге сыныптық біліктілік беру (растау, төмендету, айыру) туралы бұйрық шығарады. Бұйрықтардың көшірмелері лауазымдық еңбекақыға тиісті үстемеақы төлемді есептеу не болмаса өзгерту және тоқтату үшін қаржы бөліністеріне жолданады.
      Бұйрыққа қол қойылған күн, егер онда өзге айтылмаса, қызметкерге сыныптық біліктілікті беру (растау, төмендету, айыру) күні болып есептеледі.

4. Сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету және айыру

      26. Сыныптық біліктілікті беру, растау кезінде қызметкерлерге қойылатын талаптарға және жыл қорытындысы бойынша құқықтық және қызметтік, атыс, дене шынықтыру даярлықтары және жауынгерлік күрес тәсілдері бойынша сынақтардың нәтижелеріне сәйкес сыныптық біліктілік беру үшін мынадай шекті нәтижелер:
      1) «II сыныпты маман» – құқықтық және қызметтік даярлық бойынша 70% кем емес оң жауап, атыс даярлығы 80% кем емес оң жауап және практикалық атыс бойынша «өте жақсы» деген баға, дене шынықтыру даярлығы және жауынгерлік күрес тәсілдері бойынша «жақсы» деген бағадан төмен емес;
      2) «I сыныпты маман» – құқықтық және қызметтік даярлық бойынша 75% кем емес оң жауап, атыс даярлығы бойынша 80% кем емес оң жауап және практикалық атыс бойынша «өте жақсы» деген баға, дене шынықтыру даярлығы және жауынгерлік күрес тәсілдері бойынша «жақсы» деген бағадан төмен емес;
      3) «I сыныпты маман-тәлімгер» – құқықтық, қызметтік және атыс даярлықтары бойынша 80% кем емес оң жауап, сондай-ақ практикалық атыстан «өте жақсы» деген баға, дене шынықтыру даярлығы және жауынгерлік күрес тәсілдері бойынша «жақсы» деген бағадан төмен емес көрсету қажет.
      27. Сыныптық біліктілік берілген қызметкерлерге белгіленген үлгідегі куәлік және төсбелгі беріледі. Куәлік қызмет уақытында бір рет, төсбелгі – кезекті сыныптық біліктілік берілген кезде беріледі.
      28. Бұйрықты жариялау және сыныпты маманның төсбелгісін беру салтанатты түрде саптың алдында немесе жиналыста өткізіледі.
      29. «I сыныпты маман-тәлімгер» сыныптық біліктілігін растауды біліктілік комиссиясы сыныптық біліктілікті беру тәртібіне ұқсас 5 жылда бір рет жүргізеді.
      «II сыныпты маман», «I сыныпты маман» сыныптық біліктіліктерін растау осы Нұсқаулықтың 567-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жүргізілмейді.
      30. Қызметкерлерге сыныптық біліктілік мынадай:
      1) оқу қорытындысын шығару (қызметкерлердің дене күшін, арнайы құралдар мен атыс қаруын қолданумен байланысты жағдайлардағы іс-әрекетке кәсіби жарамдылығын тексеру) кезінде кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы түрлерінің бірінен «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған немесе шекті нәтижелерден өтпеген;
      2) оқу қорытындысын шығару кезінде сынақтар тапсыруға дәлелсіз себептермен келмеген;
      3) тәртіптік жаза салу тәртібінде лауазымы төмендеген немесе аттестаттау қорытындылары бойынша анықталған қызметтік сәйкес келмеген жағдайларда төмендетіледі.
      Атқарып отырған лауазымнан босату туралы бұйрықта сыныптық біліктілікті төмендету туралы жазылуы тиіс.
      Бұл ретте сыныптық біліктілік тек бір сатыға төмендетіледі, ал айыру «II сыныпты маман» сыныптық біліктілігі бар қызметкерлерге қатысты жүргізіледі.
      31. Сыныптық біліктілігінен айырылған немесе сыныптық біліктілігі төмендетілген қызметкерлер оқу жылының қорытындысы бойынша бұрынғы сыныптық біліктілігін қалпына келтіру үшін сынақтарға жіберіледі.
      32. Сыныптық біліктілік беру, растау, төмендету, айыру туралы материалдар белгіленген мерзімдерге сәйкес номенклатуралық істе сақталады және мынадай құжаттарды:
      сыныптық біліктілікті беру, растау үшін сынақтарға ұсынылатын қызметкерлердің тізімін;
      сынақтардың нәтижелері туралы актіні;
      кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын қорытынды тексеру нәтижелері бойынша бағалау парағының көшірмесін;
      сыныптық біліктілікті беру (растау, төмендету, айыру) туралы бұйрықтың көшірмесін;
      сыныптық біліктіліктері бар ІІО қызметкерлерінің саны туралы жылдық есепті қамтиды.

5. Сыныптық мамандарды есепке алу

      33. Сыныптық біліктілігі бар қызметкерлерді есепке алуды ІІО-ның кадр аппараттары жүзеге асырады.
      Сыныптық біліктілік беру, растау, төмендету, айыру қызметкерлердің жеке істерінің 1-ші бөлігінде (қызметтік тізім бөлімі) бұйрықтың күні мен нөмірі көрсете отырып енгізіледі.
      34. Сыныптық біліктілігі бар қызметкерлер туралы мәліметтер осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес ІІМ Кадр жұмысы департаментіне жыл қорытындысы бойынша есеп беру кезеңінің 25 желтоқсанына ұсынылады.

Қазақстан Республикасы ішкі істер
органдарының қызметкерлеріне  
сыныптық біліктілік айқындау  
жөніндегі нұсқаулыққа     
1-қосымша            

20_____ жылы
сыныптық біліктілік беру, растау үшін сынақтарға
ұсынылатын қызметкерлердің
тізімі

№ р/с

Арнаулы атағы, Т.А.Ә.

Атқаратын лауазымы

Білімі

Жұмыс өтілі

Бар сыныптық біліктілігі, берілгені туралы бұйрықтың күні, нөмірі, кім берді

Сыныптық біліктілікті беруге (растауға) ұсынылады

ІІО бойынша

Мамандығы бойынша



1

2

3

4

5

6

7

8









Бөлініс
басшысы (бастығы) __________________________________________________
                          (лауазымы, атағы, қолы, Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасы ішкі істер
органдарының қызметкерлеріне  
сыныптық біліктілік айқындау  
жөніндегі нұсқаулыққа     
2-қосымша           

Сынақ нәтижелері туралы
акті

      Комиссия құрамында: комиссия төрағасы (Т.А.Ә., лауазымы, арнайы атағы), төрағаның орынбасары (Т.А.Ә., лауазымы, арнайы атағы) және комиссия мүшелері (Т.А.Ә., лауазымы, арнайы атағы) 20___жылғы ______________-_____________ аралығында өткізілген сынақтар нәтижелерінің негізінде анықтайды:


р/с

Арнайы атағы,
Т.А.Ә.

Атқаратын лауазымы

Жұмыс өтілі

Бар сыныптық біліктілігі, берілгені туралы бұйрықтың күні, нөмірі, кім берді

Сынақтардан өту нәтижелері (тиісті сыныптық біліктіліктер үшін бағалар өлшемшарттары бойынша)

Комиссия қорытындысы

ІІО бойынша

Мамандығы бойынша

Құқықтық даярлық

Қызметтік даярлық

Атыс даярлығы

Дене шынықтыру даярлығы

Жауынгерлік күрес тәсілдері

теория

практика

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13







өтті/өтпеді

өтті/өтпеді

өтті/өтпеді

баға

баға

баға


Комиссия төрағасы _________________________________________________
Төрағаның орынбасары ______________________________________________
Комиссия мүшелері:_________________________________________________
Комиссия хатшысы _________________________________________________

20___жылғы «____»__________

Қазақстан Республикасы ішкі істер
органдарының қызметкерлеріне 
сыныптық біліктілік айқындау 
жөніндегі нұсқаулыққа    
3-қосымша          

20____жылғы сыныптық біліктілігі бар
ІІО қызметкерлерінің саны туралы
жылдық есеп

№ р/с

Ішкі істер органдары

Барлық сыныптық мамандар

Оның ішінде

Сыныптық біліктілігі төмендетілген қызметкерлердің жалпы саны

Сыныптық біліктілігінен айырылған қызметкерлердің жалпы саны

Бөлініс қызметкерлерінің нақты санынан пайыз

2 сынып

1 сынып

1 сыныпты-тәлімгер

Барлығы

Оның ішінде оқу жылының қорытындысы бойынша

Барлығы

Оның ішінде оқу жылының қорытындысы бойынша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

ІІД, ҚАЖД аппараты










2

қала ІІБ










3

АІІб, Мекемелер,
МКҚБ










4

ішкі істер бөлімдері










Жиыны










Бөлініс
басшысы (бастығы) __________________________________________________
                          (лауазымы, атағы, қолы, Т.А.Ә.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады