Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 № 224 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Темір жол магистральдық жүйесінде жасанды құрылыстарды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау» кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті (Е.Е. Хасенов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Жұмағалиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
міндетін атқарушы
_____________ Қ. Әбсаттаров
2013 жылғы 04 қараша
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 26 қарашадағы
№ 944 бұйрығымен бекітілген
«Темір жол магистральдық жүйесінде жасанды құрылыстарды
ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау» кәсіби стандарты
1. Жалпы бөлім
1. «Темір жол магистральдық жүйесінде жасанды құрылыстарды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Құрлық көлігі саласындағы қызметтер» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:
1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;
2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;
3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.
2. КС негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.
3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.
4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат;
4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар;
5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;
6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;
7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;
9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;
11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;
13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;
14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.
2. КС паспорты
5. КС паспорты келесіні анықтайды:
1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі - 03-2007 ҚР МЖ) «52.21 Құрлық көлігі саласындағы қызметтер».
2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:
поездар қозғалысын ұйымдастыру.
3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.
3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары
1-параграф «Жасанды құрылыстарды жөндеуші»
6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 2-4, СБШ бойынша – 2-4;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 7511 «Теміржол көлігі жол машиналары мен механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмысшылар кәсіптері»;
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: жасанды құрылыстарды жөндеуші;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - тіреудің бетін жөндеу және техникалық ұстау, сондай-ақ жасанды құрылыстың аралық құрылыстарының жекелеген элементтерін мен әртүрлі материалдардан жасалған жасанды ғимараттардың тораптарын ауыстыра отырып, төсеніш, аспа және басқа да қосымша және сақтандыру айла бұйымдары арқылы жөндеу;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жасанды құрылыстарды жөндеушінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген.
2-параграф «Көпір бригадасының бригадирі»
7. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4; СБШ бойынша – 4;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 7511 «Теміржол көлігі жол машиналары мен механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмысшылар кәсіптері»;
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: көпір бригадасының бригадирі;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жолдар және жасанды құрылыстардың ағымдық жөндеу жұмыстарын орындау үшін жағдай жасау;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Көпір бригадасының бригадирінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 2-кестесінде келтірілген.
3-параграф «Жол және жасанды құрылыстарды аралаушы»
8. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 3-4, СБШ бойынша – 3-4;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 7511 «Теміржол көлігі жол машиналары мен механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмысшылар кәсіптері»;
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: жол және жасанды құрылыстарды аралаушы;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - теміржол, жасанды құрылыс, көпірдің тіреу бөлігін, жол сигналдары, туннель белгілері және өртке қарсы құрал жабдықтарды бақылау және тексеру жұмыстарын жүргізу;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жол және жасанды құрылыстарды аралаушының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 3-кестесінде келтірілген.
4-параграф «Көпір шебері/көпір шебері көмекшісі»
9. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5. СБШ бойынша – 5;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 1226 «Көлік және байланыс ұйымдарындағы, материалды-техникалық жабдық және өтімдердегі мамандандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелер (қызмет орны) басшылары»;
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: көпір шебері/көпір шебері көмекшісі;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жасанды құрылыстарды жөндеу, ағымдық күтіп ұстау жұмыстарына технологиялық үдерісін құрастыру және жұмыс орындалуын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Көпір шеберінің/көпір шебері көмекшісінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 4-кестесінде келтірілген.
4. КС бірліктерінің тізімі
10. КС бірліктерінің тізімі осы КС 3-қосымшасының 1-4-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
11. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасының 1-7-кестелерінде ткелтірілген.
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
12. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.
13. Осы КС негізінде берілетін сертификаттың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізіміне сәйкес анықталады.
7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркелуі
14. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.
15. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.
«Темір жол магистральдық жүйесінде жасанды
құрылыстарды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау»
кәсіби стандартына
1-қосымша
Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің
(кәсібінің) түрлері
№ р/с |
Қызмет түрінің атауы |
Еңбек нарығының үрдісі ескерілген кәсіп атауы |
ҚР МЖ 01-2005 сәйкес кәсіп атауы |
СБШ біліктілік деңгейлері |
БТБА бойынша разряды |
1 |
Тіреудің бетін жөндеу және техникалық ұстау, сондай-ақ жасанды құрылыстың аралық құрылыстарының жекелеген элементтерін мен әртүрлі материалдардан жасалған жасанды ғимараттардың тораптарын ауыстыра отырып, төсеніш, аспа және басқа да қосымша және сақтандыру айла бұйымдары арқылы жөндеу |
Жасанды құрылыстарды жөндеуші |
Жасанды құрылыстарды жөндеуші |
2-4 |
2-8 |
2 |
Жолдар және жасанды құрылыстардың ағымдық жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру |
Көпір бригадасының бригадирі |
Жолдар мен жасанды құрылыстарға ағымдық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының (босатылған) бригадирі |
3-4 |
- |
3 |
Темір жол, жасанды құрылыс, көпірдің тіреу бөлігін, жол сигналдары, туннель белгілері және өртке қарсы құрал жабдықтарды бақылау және тексеру |
Жол және жасанды құрылыстарды аралаушы |
Жол және жасанды құрылыстарды аралаушы |
3-4 |
4-5 |
4 |
Жасанды құрылыстарды жөндеу, ағымдық күтіп ұстау жұмыстарына технологиялық үдерісін құрастыру және жұмыс орындалуын ұйымдастыру |
Көпір шебері/көпір шебері көмекшісі |
Көпір шебері |
5 |
- |
Ескертпе. БТБА – Қазақстан Республикасы жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, 52-шығарылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013жылғы 3 қыркүйектегі № 426-ө-м бұйрығымен бекітілген.
«Темір жол магистральдық жүйесінде жасанды
құрылыстарды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау»
кәсіби стандартына
2-қосымша
1-кесте
1. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жасанды құрылыстарды
жөндеушінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне
қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) |
Теміржол, жасанды құрылыс |
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
|
Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша |
|
СБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білімі мен оқу деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
2 |
Негізгі орта білімнен төмен емес, жалпы орта білімнің бар болуы кезіндегі практикалық тәжірибе және/немесе кәсіптік дайындық (ұйым базасындағы қысқа мерзімді курстар, кәсіпорындағы білім не оқу) |
Жұмыс өтіліне талап қойылмайды |
3 |
Негізгі орта білім не тәжірибесіз жалпы орта білім базасындағы жалпы орта білім не техникалық және кәсіптік орта білімнің бар болуы кезіндегі практикалық тәжірибе және/немесе кәсіптік дайындық (бір жылға дейінгі кәсіптік дайындық бағдарламалары бойынша курстар немесе кәсіпорындағы оқулар) |
2 деңгейде |
4 |
Қосымша кәсіптік дайындықты техникалық және кәсіптік білім |
Жұмыс өтіліне талап қойылмайды |
2-кесте
2. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Көпір бригадасының
бригадирінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне
қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) |
Теміржол, жасанды құрылыс |
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
Мүмкін зиянды жағдайлар – қозғалыстағы жылжымалы құрам, көлік құралдары, механизмдер, жер бетіне қатысты жұмыс орнының жоғарыда орналасуы |
|
Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша |
|
СБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білімі мен оқу деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
4 |
Қосымша кәсіптік дайындықты техникалық және кәсіптік білім |
3 жылдан кем емес |
3-кесте
3. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жол және жасанды
құрылыстарды аралаушының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс
тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) |
Теміржол, жасанды құрылыс |
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
Мүмкін зиянды жағдайлар – шудың жоғары деңгейі, қозғалыстағы жылжымалы құрам, көлік құралдары, механизмдер, жер бетіне қатысты жұмыс орнының жоғарыда орналасуы |
|
Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша |
|
СБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білімі мен оқу деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
3 |
Негізгі орта білім не тәжірибесіз жалпы орта білім базасындағы жалпы орта білім не техникалық және кәсіптік орта білімнің бар болуы кезіндегі практикалық тәжірибе және/немесе кәсіптік дайындық (бір жылға дейінгі кәсіптік дайындық бағдарламалары бойынша курстар немесе кәсіпорындағы оқулар) |
Жұмыс өтіліне талап қойылмайды |
4 |
Қосымша кәсіптік дайындықты техникалық және кәсіптік білім |
3 деңгейде 2 жыл |
4-кесте
4. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Көпір шеберінің/көпір
шебері көмекшісінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс
тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) |
Теміржол, жасанды құрылыс |
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
|
Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша |
|
СБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білімі мен оқу деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
5 |
Қосымша кәсіптік дайындықты техникалық және кәсіптік білім |
3 жылдан кем емес |
Жоғары кәсіптік білім |
Жұмыс өтіліне талап қойылмайды |
«Темір жол магистральдық жүйесінде жасанды
құрылыстарды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау»
кәсіби стандартына
3-қосымша
КС бірліктерінің тізімі
1-кесте
1. «Жасанды құрылыстарды жөндеушінің»
еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы |
1 Ф |
Жасанды құрылысты жөндеу және техникалық күтім жасау |
2 Ф |
Слесарлық, тойтарма, ұсталық және бетон жұмыстарын орындау |
3 Ф |
Жасанды құрылысты механизациялық құралдар көмегімен жөндеу және техникалық күтімді |
2-кесте
2. «Көпір бригадасының бригадирінің»
еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы |
1 Ф |
Жолдар және жасанды құрылыстардың ағымдық жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру |
2 Ф |
Жолдың жоғарғы құрылысында, жер бетінде, жасанды құрылыста пайда болған ақауларды анықтау және өндірістік жұмыстарды ескерту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру |
3 Ф |
Жол жұмыстары өндірісінде поездар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету |
3-кесте
3. «Жол және жасанды құрылыстарды аралаушының»
еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы |
1 Ф |
Жоғарғы жол құрылысының жағдайын бақылау және тексеру |
2 Ф |
Жер төсемін жағдайын бақылау және тексеру |
3 Ф |
Жасанды құрылыс жағдайын бақылау және тексеру |
4-кесте
4. «Көпір шеберінің/көпір шебері көмекшісінің»
еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы |
1 Ф |
Жасанды құрылыс күтімі бойынша көпір аумағында жұмыстарды басқару |
2 Ф |
Технологиялық процесстерді құрастыру |
3 Ф |
Нұсқаулық өткізу, бригадаларды құру |
Ескертпе: Ф – Функция.
«Темір жол магистральдық жүйесінде жасанды
құрылыстарды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау»
кәсіби стандартына
4-қосымша
КС бірліктерінің сипаттамасы
1-кесте
СБШ 2-деңгейіндегі «Жасанды құрылыстарды жөндеушінің» еңбек
қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлік және дағдылар |
Білім |
1 Ф |
Металлды, ағаш, тас, бетон және темірбетонды көпірлер, жол өтпесі, виадук, акведук, эстакада, науа және тіреме беті, өтпелі құрылыс элементтері және туннель |
Метал қырғыш, сыпырғыш, үшкір күрек, зембіл, арба, балға, балта, тырма, үшкір лом, үшкір балға шот, ағаш таптау, метал қышлақ, мазут құтысы, шашақ, бұлғауыш, бояғыш агрегат, қашау, сым қышлақ, әндеме |
1-1 М Жасанды құрылыстарды шаң-тозаңнан, қоқымнан, таттан, қар мен мұздан тазалау. Жасанды құрылыстың бетін сырлау үшін дайындау. Ағаш материалдарды қолмен өңдеу. Шарнирлер мен катоктарды майлау. Бетін жоспарлау және тазалау. Шағын көпірлер мен құбырлардың тесіктерін жабу және ашу. Туннельдегі тұзды ағындар мен шорды алып тастау |
Нұсқаулық негізінде жасанды құрылыстың құрылымын бөлігін жөндеу бойынша берілген қиын емес тәжірибелік тапсырмаларды орындауға жұмыс тәсілін таңдау. Қол инструменттерімен тәжірибелік жұмыс дағдысы |
Жасанды құрылыс құрылымының бөліктері мен элементтерін белшелеулерімен атаулары; қол инструменттерінің құрылғылары; металды, бетонды, темірбетонды, ағаш және тас беттерін тазалау әдістері, беттерді сырлауға дайындау; ағаш материалдарын қолмен өңдеу әдісі; жүктердің орнын ауыстыру және жинақтау туралы базалық білім |
1-2 М Жасанды құрылыстарды элементтерінде тойтарма үшін саңылаулар бұрғылау. Жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер мен өткелдердің асфальтбетон қабатындағы жарықтарды тазалау және бітеу. Ағаш материалдарын механикаландырылған құралдармен өңдеу. Тақтай төсемені төсеу және ауыстыру. Төсеніштер мен шпал торларды бөлшектеу. Ағаш баспалдақтарды жөндеу. Жылжымалы тірек бөліктерінің қаптамасын жөндеу және ауыстыру. Көпір бөренелерін жөндеу. Жылжуға қарсы құрылғыларды, контрбұрыштар мен контррельстерді бөлшектеу. Шағын көпірлер мен құбырлардың саңылауларын жабуға арналған ағаш қалқандарды жасау және жөндеу |
Нұсқаулық негізінде жасанды құрылыстың бүлінуін анықтау және ескерту жұмысына әдіс таңдау |
Жасанды құрылыстың түрі мен типі, күтіп ұстау және жөндеу бойынша негізгі жағдай; бүлінген жерді ескерту және жөндеу әдісі; салқын және ыстық шегелеу; бұранда шегенің өлшемі, шек және отырғызылуы; болаттың сортын және маркасн; қалқанды шегелеп дайындау әдісі; ағаш материалдарын өңдеуге қабылдау туралы базалық білім |
|||
2 Ф |
Металлды, ағаш, тас, бетон және темірбетонды көпірлер, жол өтпесі, виадук, акведук, эстакада, науа және тіреме беті, өтпелі құрылыс элементтері және туннель |
Метал қырғыш, сыпырғыш, үшкір күрек, зембіл, арба, балға, балта, тырма, үшкір лом, үшкір балға шот, ағаш таптау, метал қышлақ, мазут құтысы, шашақ, бұлғауыш, бояғыш агрегат, қашау, сым қышлақ, әндеме |
2-1 М Жылжымалы көріктерді толтыру. Тойтармаларды қыздыру. Арматуралық болатты жазу, тегістеу және кесу. Топырақты қол құралмен қопсыту, тығыздау, тігінен және көлденеңнен ауыстыру, оны зембілмен және арбамен шығару. Бүлінген асфальт беттерді сындыру. Туннельдегі тоңды ою. Туннель қабырғасындағы алынып жатқан торкрет немесе бетон қабатын жұлып алу. Батпақты жерлерді және судың туннельдің қаптамасына түсуі ықтимал жерлерден тыс кептіру |
Нұсқаулық негізінде слесарлық және жөндеу инструменттерімен жұмысты орындау әдісін таңдау |
Слесарлық, тойтарма, ұсталық және бетон жұмыстарын қабылдау; арматуралық болатты тарқату, дұрыстау және кесу әдістері; жұмысты қол инструменті және құралы көмегімен орындау әдісі; бетонды қоспаны тығыздау және қабылдауға жіберу; жүктердің орнын ауыстыру және жинақтау; жасанды құрылысты жөндеуде және қайта құруда техникалық қауіпсіздік және өндірістік тазалық сақтау туралы базалық білімі |
2-2 М Жапсырмалар жасау. Арматуралық өзектерді суық күйінде қию. Жасанды құрылыстардың бетін тегістеу және бояу. Жасанды құрылыстар тіреуінің құрылысын бөлшектеу. Шұңқырларды, саңылаулар мен сөгілген жерлерді кірпішпен және бетон қоспамен бітеу. Бетон және темір бетон құрылыстарды керту және бөлшектеу. Бетті сылау және сылақты жөндеу. Цемент сылағының құрылысы. Ряж пен мұз ойғыштарды тақтаймен қаптау. Дренаж пен кесінділердің бастарының рисберлерінің құрылысы |
Слесарлық, тойтарма, ұсталық және бетон жұмыстарын орындау үшін нұсқама негізінде жұмыс әдісін таңдайды. Пневматикалық балғамен, тойтарғыш тұтқасы және басқа механикаландырылған инструменттерін пайдалану дағдысы |
Арматуралық білікті ию және түзетуге қабылдау әдісі; ерітіндіні дайындау және мөлшерлеу әдісі; қалау және саңылауларға тесу, тас және кесек тасты бұзу әдісі; толтырғыш және бетонды қоспаның, негізі цементтердің маркалары; асбест бетонды қоспалар, қарамай, майшыт, оқшау толтырғыштардың түрлері; антисептирлеуші және оттан қорғаушы құрамдарына жүгіну және олармен жұмысқа қабылдау ережесі; пневматикалық балға, тойтарғыш тұтқасы және басқа механикаландырылған инструменттер құрылымы; қоспа жылытатын және сорғышқа бару туралы базалық білім |
2-кесте
2. СБШ 3-деңгейіндегі «Жасанды құрылыстарды жөндеушінің» еңбек
қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлік және дағдылар |
Білім |
2 Ф |
Металлды, ағаш, тас, бетон және темірбетонды көпірлер, жол өтпесі, виадук, акведук, эстакада, науа және тіреме беті, өтпелі құрылыс элементтері және туннель |
Метал қырғыш, сыпырғыш, үшкір күрек, зембіл, арба, балға, балта, тырма, үшкір лом, үшкір балға шот, ағаш таптау, метал қылшақ, мазут құтысы, шашақ, бұлғауыш, бояғыш агрегат, қашау, сым қышлақ, әндеме |
2.3 М Жасанды құрылыстардың элементтерін жасау және олардың тораптарын құрастыру. Өткел құрылыстар мен тіреулердің жақтау қоршауларының құрылысы және оларды жөндеу. Жекелеген өзектерден, анкерлік болттардан, жапсырма бөлшектерден жасалған арматураны орнату. Арматуралық торлар мен тегіс каркастарды құрастыру және монтаждау. Құрастырмалы темір бетон құрылыстарды шұбарлау және жіктерін бітеу. Бұрын салынған құрылыстың жіктерін ашу. Жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер мен өткелдердің темір бетон және металл баспалдақтарын жөндеу. Бекіністердің, тартпалар мен қоршаулардың темір бетон бөлшектерін жасау. Асфальт бетон қаптамаларды кескіндеу және өңдеу. Реттеу және қорғау құрылыстарын жөндеу. Қорама қалыпты, ағашты, төсемелер мен шпал торларды орнату. Кюветтің астындағы және кюветтің сыртындағы құрамалы темір бетон бақылау құдықтарының және су ағар кәрізінің құрылысы, жөндеу және бөлшектеу. Су бұрғыш темір бетон лотоктарының құрылысы, оларды жөндеу және бөлшектеу |
Жұмысты орындау әдісін өз бетінше анықтау. Металды көпірдің бөлігінің жарығын анықтау. Инструменттермен практикалық жұмыс жасау дағдысы |
Жасанды құрылыс және жоғарғы жол құрылысы бақылау әдісі және норманың мазмұны; жасанды құрылыстың өтпелі құрылысын жөндеу және бүлінген бөліктерін ауыстыру; бөліктерді жинау және дайындау әдістері; ағаш дуал және арматуралық торды жинау әдісі; қарамай, майшыт, асфальтті қоспа және тоқушы материалдарды берілген сапасы, талаптары; жабуды жөндеу және құру; ҚР еңбек заңдары бойынша еңбекті ұйымдастыру білімі; ішкі еңбек тәртібі; еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік туралы білімі |
3 Ф |
Металлды, ағаш, тас, бетон және темірбетонды көпірлер, жол өтпесі, виадук, акведук, эстакада, науа және тіреме беті, өтпелі құрылыс элементтері және туннель |
Метал қырғыш, сыпырғыш, үшкір күрек, зембіл, арба, балға, балта, тырма, үшкір лом, үшкір балға шот, ағаш таптау, метал қылшақ, мазут құтысы, шашақ, бұлғауыш, бояғыш агрегат, қашау, сым қышлақ, әндеме |
3.1 М Аспа бесіктерді ілу және алу. Төсеме тақталар мен шпал торларды құрастыру. Жасанды құрылыстың металл құрылыстарының элементтеріндегі саңылауларды төсеме тақта, аспа бесікті және басқа да қосымша айла бұйымдарды пайдалан отырып бұрғылау. Металл өткел құрылыстардың элементтерін және жақтауларды төсеме тақта, аспа бесікті және басқа да қосымша айла бұйымдарды пайдалан отырып сырлау. Электр орындау құралдарын пайдалана отырып, контррельстерді, контрбұрыштарды, қорғау бұрыштары мен қорғау бөренелерін демонтаждау. Көпір бөренелерін бір рет ауыстыру |
Көпір асты, аспа бесік және басқа көмекші және сақтандыру құралдарымен жұмысты орындау әдісін ез бетінше анықтау |
3-кесте
СБШ 4-деңгейіндегі «Жасанды құрылыстарды жөндеушінің» еңбек
қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлік және дағдылар |
Білім |
3 Ф |
Металлды, ағаш, тас, бетон және темірбетонды көпірлер, жол өтпесі, виадук, акведук, эстакада, науа және тіреме беті, өтпелі құрылыс элементтері және туннель |
Метал қырғыш, сыпырғыш, үшкір күрек, зембіл, арба, балға, балта, тырма, үшкір лом, үшкір балға шот, ағаш таптау, метал қышлақ, мазут құтысы, шашақ, бұлғауыш, бояғыш агрегат, қашау, сым қышлақ, әндеме |
3-2 М Өткел құрылыстардың элементтерін болтпен бекіту. Контрбұрыштар (контррельстер) мен қорғаныш бұрыштарды орнату және бекіту. Тегістеу мен домалатын кіргізу аспаптарын монтаждау, демонтаждау, техникалық ұстау және жөндеу. Ажыратпалы өткел құрылыстардың механикалық және электр механизмдері мен рельстік жік-кілтін жөндеу және техникалық қызмет көрсету. Балластсыз көпір жаймасын, ағаш бөренедегі және металл көлденеңдегі жайманы жөндеу және ұстау. Арматуралық торды салу. Төсеме қатарды монолиттеу. Жасанды құрылыстардағы жол белағашын оптикалық аспапты пайдалана отырып визалау және ауытқушылықтарды жою. Темір бетон жейделер мен белдіктердің құрылысы. Темір бетон және бетон өткел құрылыстардың гидрооқшаулауышын түсіру пакеттерін пайдалана отырып, тексеру және жөндеу. Жасанды құрылыстар мен құбырлардың тіреулерінің төсеме тақталарын инъектілеу. Бетон бүрку (торкреттеу). Тас көпірлердің бұрғыштары мен ағындарының құрылысы және оларды жөндеу. Тас нобай мен ұсақ тастан жасалған берік призмалардың құрылысы. Төсеме тақталарды, басқа да қосымша немесе сақтандыру айла бұйымдарын пайдалана отырып, туннель қабырғаларын өңдеу жіктерін жөндеу және қайта өңдеу |
Оптикалық приборлармен практикалық жұмыс жасау дағдысы. Аркалы, бөренелі, ажыратылатын және асылмалы көпірлердің элементтерін және өтпе құрылысын бөліктерін ауыстыру арқылы жөндеуді білу |
Өткел құрылыстары элементтерінің жанасу тәсілдері; беріктігі жоғары болттардың қолданылуымен металл құрылыстарды монтаждау; құлыптардың рельс жіктері құрылымдарының құрылысы; оларды жөндеу бойынша өндірістің технологиясы; көтеру жабдықтарын және қосымша құрылғылар мен айла бұйымдарды орнатудың әдіс-тәсілдері; құрылымның қорама қалыбын құрастыру және қаптамасына бетон қоспасын құю; арка, бөрене көпірлердің, құбырлардың, лотоктар мен бастарының, күмбездің үстіңгі құрылысын табиғи тастан қалау, көпір тіреулерінің сыртқы шақырымдық қатарын жонылған тастан салу тәсілдері; көпір жаймасын толық ауыстыру; оптикалық аспаптарды пайдалана отырып, визалау тәсілдері; балластсыз көпір жаймасын құру және ұстау туралы білім |
3-3 М Аралық құрылыстар мен рельс жолдарының планы мен профилін құралдармен түсіру. Жасанды құрылыстардың ауқымын өлшеу және бақылау. Металл көпірдің элементтерін ауыстыру кезінде түсіру және шаблондарды жасау. Жекелеген элементтер мен аралық құрылыстарды тар жерде жасау және ауыстыру. Өте берік болттар мен түйреуіштердің тартылуын бақылау. Аралық құрылыстар балкаларының белдеулеріндегі өте берік түйреуіштерге арналған плиталар мен саңылауларды орналастыруды белгілеу. Плиталарды биіктігі бойынша реттеу. Балкалардың профилін жаю. Көпір бөренелерін дайындау және ауыстыру кезінде болттарға арналған шұңқырлар мен саңылаулардың орнын белгілеу үшін шаблондар жасау. Көпір бөренелерінің жобалық эпюраларын аралық құрылыстарға ауыстыру. Көпірдегі рельс жолдарын көтерудің шекті жебесін және көпір бөренелерінің жұмыс биіктігін есептеу. Табиғи жонылған тастан мұз жарғышты тас көпірлердің аркалары мен жіктерінде тастарды, табан тірек тастарды таңдай отырып қалау. Көпір тіреуіштерінің подфермалық тастарын салу және өсіру. Уақытша пакет аралық құрылыстар мен тіреулерді құрастыру және орнату. Су ағыны режимін гидрологиялық өлшеу және бақылау. Бақылау осін, уақытша шағын көпірлер мен құбырлар элементтері белағашын бөлу. Шағын металл аралық құрылыстарды темір бетонға ауыстыру. Туннель жіктері қаптамасының жекелеген тастарын ауыстыру. Туннель қабырғасын тас және бетон қаптамасын төсеме тақта немесе басқа да қосымша немесе қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, темір бетонмен күшейту. Туннельдегі ұзын және қиғаш жарықтарын жою |
Құрылыстарды оське көтеру, жылжыту және орнату арқылы тірек бөлігімен практикалық жұмыс жасау дағдысы. Қол астындағы жұмысшыларға берілген жасанды құрылыс жөндеу нәтижесін бағалау, тапсырманы бағалау |
Аралық құрылыстарды құрастыру, жылжыту және орнату тәсілдері; аспалы алаңдарда, төсеме тақталарда және аспалы бесіктерде ұсталық жұмыстар мен тойтару жұмыстарын орындау тәсілдері; өңделетін материалдарды қыздыру және салқындату режимі; айналдырғыштарды орнату, айналдыру және арка, балка жасанды құрылыстары мен құбырлардың жіктерін жөндеу тәсілдері; геодезиялық құралдармен жұмыс жүргізу; жолдар мен жасанды құрылыстардың жобасы мен профилін жасау; су өткізетін жасанды құрылыстар жұмысының гидрогеологиялық режимдерінің ерекшеліктері туралы білім |
|||
3-4 М Ерітіндіні туннельдің қаптамасына және қаптамасының сыртына соңғы рет айдау. Туннель күмбезіндегі анкерлердің (бурка) дайын саңылауына орнату және бітеу. Туннель күмбезінің бетон (темір бетон) қаптамасының бұзылған жерлерін сындыру. Туннль қабырғаларындағы стандарт емес және күрделі күмбездерін пневмо- және электр құралдарын пайдалана отырып бедерлеу. Байланыс сымынан судың тамуын бұру. Туннельдегі тік жарықтарды тоқтату |
Пневмо- немесе электрқұралдармен және көмекші және сақтандыру құралдарымен практикалық жұмыс жасау дағдысы. Қол астындағы жұмысшыларға берілген жасанды құрылыс жөндеу нәтижесін бағалау, тапсырманы бағалау |
Жұмыстарды төсеме тақталардан немесе басқа қорғаныш және сақтандыру айлабұйымдарынан пневмо- және электр құралдарын пайдалана отырып орындау тәсілдері мен әдістері; стандарт емес және күрделі жіктерді бедерлеу кезінде жұмыс өндірісі технологиясы туралы білім |
|||
3-5 М Тоннель күмбезді деформациясын тарату. Тонелль қаптамасының жылжуын аспаппен өлшеу. Тоннель күмбезі төсемін ауыстыру. Тонелль күмбезінің тас және бетонды қаптамасын күшейту. Тоннель өлшемдерін жылжымалы төсемелердегі бақылау өлшем рамалары арқылы тексеру. Тоннель күмбезіндегі жарықтарды жою. Кабель желіге жақын жердегі тоннель күмбезіндегі және бойындағы стандартты емес және күрделі жіктерді қосымша немесе сақтандыру жабдықтарын пайдалана отырып соғу |
Қол астындағы жұмысшыларға берілген жасанды құрылыс жөндеу нәтижесін бағалау, тапсырманы бағалау. Көлік құралдарымен практикалық жұмыс жасау дағдысы |
Тоннель күмбезін күшейту және ауыстыру жұмыстарын қабылдау және жүзеге асыру әдістері; Тоннель өлшемдерін тексеру мен технологиясы; Кабель желіге жақын жердегі жұмыстар туралы білім |
4-кесте
4. СБШ 4-деңгейіндегі «Көпір бригадасының бригадирінің» еңбек
қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлік және дағдылар |
Білім |
1 Ф |
Темір жол және жасанды құрылыс |
Жолды және теміржолды бақылау графигі |
1-1 М Поездардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын ететін, жарамды жағдайында жолдың және құрылыстың күтімін ұйымдастыру |
Жасанды құрылыстың элементтерімен практикалық жұмыс жасау дағдысы. Қол астындағы жұмысшыларға берілген жасанды құрылыс жөндеу нәтижесін бағалау, тапсырманы анықтау. Жұмысшылардың кәсіби мамандығын көтеру мотивациясы |
Темір жол және жасанды құрылыс құрылғылары, ағымдық күту және жөндеу бойынша өндірістік жұмыс технологиясы бойынша жұмыс әдісі, принципі және ынтасы туралы білім. Еңбекке мотивациясы және ынталандыруы туралы білім |
1-2 М Берілген мерзімде жолды және жасанды құрылысты бақылауды ұйымдастыру |
Құрал жабдықтар және приборлармен практикалық жұмыс жасау дағдысы. Қол астындағы жұмысшыларға берілген жасанды құрылыс жөндеу нәтижесін бағалау, тапсырманы анықтау. Жұмысшылардың кәсіби мамандығын көтеру мотивациясы |
Өндірісті жол және жасанды құрылысты күтіп ұстау және жөндеуде құрал жабдық және приборлар көмегімен өлшеу бойынша жұмыс әдісі, принципі және ынтасы туралы білім. Еңбекке мотивациясы және ынталандыруы туралы білім |
|||
2 Ф |
Жоғарғы жол құрылысы, жер беті және жасанды құрылыс |
Жол және жасанды құрылыстың ағымдық күту бойынша жұмыстарды өткізудің кестелері |
2-1 М Жолдың жоғарғы құрылысында, жер бетінде, жасанды құрылыста пайда болған ақауларды анықтау және өндірістік жұмыстарды ескерту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру |
Жасанды құрылыстың элементтерінің ақауларын анықтай білу. Қол астындағы жұмысшыларға берілген ақауларды анықтау нәтижесін бағалау, тапсырманы анықтау. Жұмысшылардың кәсіби мамандығын көтеру мотивациясы |
Өндірісті жол және жасанды құрылысты күтіп ұстау және жөндеуде құрал жабдық және приборлар көмегімен өлшеу бойынша жұмыс әдісі, принципі және ынтасы туралы білім |
2-2 М Қыс жағдайында жолды қардан және құмнан тазалау, иілімде, жолды дайындауда және жасанды құрылыста көктемгі және нөсер суларда рұқсат етуге күтім, жолдың бүлінуі және жасанды құрылыста күтпеген апаттарды жою бойынша өндірістік жұмыстарды ұйымдастыру |
Қыс және көктемгі жағдайда жұмысты ұйымдастыруды білу. Қол астындағы жұмысшыларға берілген қыс және көктемгі жағдайда жол және жасанды құрылысты күту нәтижесін бағалау, тапсырманы анықтау. Жұмысшылардың кәсіби мамандығын көтеру мотивациясы |
Қыс және көктемгі жағдайға жолды дайындау бойынша өндірістік жұмыстардың тиімді және принципті әдісі туралы білім |
|||
3 Ф |
Құрал сайман, инвентарь, тетік, дабыл жабдығы және материалдар |
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техника ережесі нұсқаулығы. Тіркеу және есеп беру құжаты |
3-1 М Жасанды құрылыс жөндеушісі, аралаушы, өткел кезекшісі және басқа жұмысшыларға қауіпсіздік техникасы мен өндірістік тазалықты сақтау бойынша нұсқаулық өткізу және бригада жұмысшыларын жұмыс орнында жұмыстарды орындауды тиімді қабылдау ережесін өткізу |
Қол астындағы жұмысшыларына еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік ережелері және поездар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талап қоя білу. Қол астындағы жұмысшылар бригадасына берілген жұмыстар нәтижесін бағалау, тапсырманы анықтау. Жұмысшылардың кәсіби мамандығын көтеру мотивациясы |
Поездар қозғалысын қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жасанды құрылысты ағымдық күту және жол жұмыстарын жүргізу әдісі принципі және ыңғайы туралы білім. Темір жолы және жасанды құрылысты күту және жөндеуде өндірістік тазалықты сақтау және техникалық қауіпсіздік туралы білім |
3-2 М Бастапқы тіркеу және есеп беру құжатын жүргізу. Қоймада құралдар, инвентарь, тетік, дабыл жабдығы және материалдардың жарамды жағдайда күтуді қамтамасыз ету |
Құрал жабдықтарды беруде қатаң түрде есеп техникалық құжаттар толтырумен практикалық жұмыс жасау дағдысы. Қол астындағы жұмысшылар берілген құрал жабдықтарды күтіп ұстау нәтижесін бағалау, тапсырманы анықтау |
Есеп беру құжатын толтыру әдісі, принципі және ыңғайы туралы білім |
5-кесте
5. СБШ 3-деңгейіндегі «Жол және жасанды құрылыстарды
аралаушының» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлік және дағдылар |
Білім |
1 Ф |
Темір жол |
Өлшегіш прибор, құрал жабдық және тетік |
1-1 М Қызмет көрсетілетін темір жол аумағында желіде жүк қауырттығы 12-ден 25 млн тонн-км брутто, ұзаққа созылған құлама немесе ұзақтылығы 50 % кем емес аз радиусты қисық жайылған ұзындық немесе жайылған ұзындық жолы 10 км артық, 3-ші класс темір жолына қызмет көрсету және тексеру бойынша жұмыстарды орындау |
3 классты темір жолы, желіде 12-ден 25 дейін млн. тонн-км брутто жүк қауырттығында жолға қызмет көрсету және бақылау әдісін өз бетінше анықтау. Жолда рельстің түйіскен жерін ақаулығын анықтау және оларды жою әдісіне дағдылану |
Жолдың жоғарғы құрылымы, рельстің түйіскен жері және оның салпыншақтарының приборлармен бөлшектерін жоғарғы қуатты анықтау атауы, құрылғылары туралы білім. Тағайындалған темір жол аралаушылары бақылау үшін еңбекті қорғау бойынша типтік нұсқаулық туралы білім. 3 классты темір жолына қызмет көрсету және бақылауды өз бетінше жоспарлау, ұйымдастыру және орындау туралы білім |
2 Ф |
Жер төсемі және ісінген жер |
Өлшегіш прибор, құрал жабдық және тетік |
2-1 М Күшейтілген бақылауды талап ететін жер төсемі және ісінген орындарда қызмет көрсетілетін аумақтың жалпы ұзындығынан 20 % кем емес жерге қызмет көрсету және бақылау бойынша жұмыстарды орындау |
Поездардың үзіліссіз және қауіпсіз қозғалысына қауіп төніп тұрған жерді қоршауды орындау әдісін өз бетінше анықтау |
Жер төсемі күтімі бойынша міндетті өз бетінше жоспарлау, ұйымдастыру, орындау. Құлау және шөгіндіні ескерту әдісі; қызмет көрсетілетін объектілердің аралау реті туралы білім |
3 Ф |
Жасанды құрылыс, көпір, туннель |
Өлшегіш прибор, құрал жабдық және тетік |
3.1 М Қызмет көрсетілетін темір жол аумағында электрлендірілген желіде жүк қауырттығы 12-ден млн 25 дейін млн тонн-км брутто немесе көпір, туннель және басқа жасанды құрылыстар сол аумақта күшейтілген бақылауды талап ететін әр 50м жол бойы жасанды құрылысы қызмет көрсету және бақылау бойынша жұмыстарды жүргізу |
Жасанды құрылыстың негізгі ақауларын өз бетінше анықтау және оларды жою әдістері. Инструменттер және құралдар, жол және өлшегіш приборларды практикалық қолдану дағдысы |
Көпір, туннель және басқа жасанды құрылыстарды приборлармен жоғарғы қуатты бөлшектерін анықтау атауы, құрылғылары туралы білім. Инструменттер және құралдар, жол және өлшегіш приборларын қолдану және белгіленуі туралы білім. Ұзындығы 50 м жол бойы көпір, туннель және басқа жасанды құрылыстарды өз бетінше жоспарлау, ұйымдастыру және орындау туралы білім |
6-кесте
6. СБШ 4-деңгейіндегі «Жол және жасанды құрылыстарды
аралаушының» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлік және дағдылар |
Білім |
1 Ф |
Темір жол |
Өлшегіш прибор, құрал жабдық және тетік |
1-2 М Қызмет көрсетілетін темір жол аумағында электрлендірілген желіде жүк қауырттығы 25 млн жоғары тонн-км брутто, бунақсыз рельс немесе темірбетонды шпал ұзындығы 25 % кем емес жол, 1 және 2-ші класс темір жолына қызмет көрсету және тексеру бойынша жұмыстарды орындау |
Қол астындағы жұмысшыларына желіде жүк қауырттығы 25 млн жоғары тонн-км брутто, 1 және 2 классты темір жолына қызмет көрсету және бақылау етуге талап қоя білу. Жұмысшылардың кәсіби мамандығын көтеру мотивациясы |
Жолдың жоғарғы құрылымы, рельстің түйіскен жері және оның салпыншақтарының приборлармен бөлшектерін жоғарғы қуатты анықтау атауы, құрылғылары туралы білім. Рельстерді және бекітпелерді қарау, поездар қозғалысы үшін жер сілкінісі, жауындар және тау көшкіндерінде бөгеттерді табудағы әрекеті, өндірістік жұмыс кезінде бөгетті орнату және шешіп алу тәртібі; тіреу түйіндері, нормалды, температуралы және оқшауланған тоғысқан жерлерді шашу жинау әдістері; түйіскен рельстен қуаттылықты шешу және беру туралы білім |
3 Ф |
Жасанды құрылыс, көпір, туннель |
Өлшегіш прибор, құрал жабдық және тетік |
3-2 М Желіде жүк қауырттығы 25 млн жоғары тонн-км брутто немесе қызмет көрсетілетін аумақта ұзындығы 25 % кем емес жайылған ұзындық және жұмысқа жарамды контррельс жол аумағына қызмет көрсету және бақылау бойынша жұмыстарды жүргізу |
Қол астындағы жұмысшыларына желіде қызмет көрсетілетін аумақта ұзындығы 25 % кем емес жайылған ұзындық және жұмысқа жарамды контррельс жол аумағына қызмет көрсету және бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге талап қоя білу |
Көпір, туннель және басқа жасанды құрылыстарды приборлармен жоғарғы қуатты бөлшектерін анықтау атауы, құрылғылары туралы білім |
7 кесте
7. СБШ 5-деңгейіндегі «Көпір шеберінің/көпір шебері
көмекшісінің» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлік және дағдылар |
Білім |
1 Ф |
Жасанды құрылыс |
Техникалы щартты нұсқаулық |
1-1 М Көпір аумағында ережеге, нұсқаулыққа және техникалық шарттарға сәйкес жұмысты басқару |
Қол астындағы жұмысшылардың алған тапсырмаларын нақтылау, міндеттер қою, көпір аумағындағы жұмыстарының нәтижесін бағалау. Өткізілген жұмыста техникалық шарттардың ережесін жеткіліксіз білімін анықтау |
Көпір аумағында жұмыстардың әдісі, принципі және ыңғайы туралы білім. Темір жолды техникалық пайдалануын, поездар қоғалысы бойынша және маневрлық жұмыстардың нұсқаулығын, өндірістің жол жұмысында поездар қозалысын қамтамасыз ету бойынша дабылдық нұсқаулық туралы білім. Электрлендірілген желіде темір жол көлігі жұмысшылары үшін қауіпсіздік ережесі туралы білім |
Жасанды құрылыс |
Өртке қарсы құралдар, кеме жүретін және навигациялық дабылдар, жарықтандыру, көпір брустары |
1-2 М Өртке қарсы құралдармен, кеме жүретін және навигациялық дабылдар, сақталынған объектті жарықпен, көпір брустарының қажетті қорымен қамтамасыз ету |
Қол астындағы жұмысшыларының. өртке қарсы құралдармен, кеме жүретін және навигациялық дабылдар, сақталынған объектті жарықпен қамтамасыз ету нәтижесін бағалау, алған тапсырмаларын нақтылау, міндеттер қою |
Өртке қарсы құралдармен, кеме жүретін және навигациялық дабылдар, сақталынған объектті жарықпен қамтамасыз ету жұмыстардың әдісі, принципі және ыңғайы туралы білім. Еңбекті ұйымдастыру және бассқару, экономика негізі; ішкі еңбек тәртібі; заңдағы негізгі еңбек тәртібі туралы білім |
|
2 Ф |
Ағымдағы жол күтімі |
Технологиялық процесс |
2-1 М Жасанды құрылысты ағымдық күтуде орындалатын жұмыстарға технологиялық процесстер құрастыру |
Қол астындағы жұмысшыларының. жасанды құрылыстың ағымдық күтуі нәтижесін бағалау, алған тапсырмаларын нақтылау, міндеттер қою. Техникалық процесстердің жеткіліксіз білуін анықтау |
Жасанды құрылыстың ағымдық күтуі жұмыстарының әдісі, принципі және ыңғайы туралы білім. Жасанды құрылысты паудалану және жөндеу бойынша жұмыстың технологиялық процессі туралы білім. Жылжымалы құрамның габариті және құрылыстың жақындауы және оларды өлшеуінің әдісі; аумақтың жабдықтарының және оның техникалық пайдаланының ережесі; өндірістік жоспарлаудың әдісі туралы білім |
Жасанды құрылыс |
Технологиялық процесс |
2-2 М Жасанды құрылысты жөндеуде орындалатын жұмыстарға технологиялық процесстер құрастыру |
Техникалық процесстердің жеткіліксіз білуін анықтау. Қол астындағы жұмысшыларының. жасанды құрылысты жөндеу нәтижесін бағалау, алған тапсырмаларын нақтылау, міндеттер қою |
Жасанды құрылыстың жөндеуі жұмыстарының әдісі, принципі және ыңғайы туралы білім. Жасанды құрылысты пайдалану және жөндеу бойынша жұмыстың технологиялық процессі туралы білім. Жылжымалы құрамның габариті және құрылыстың жақындауы және оларды өлшеуінің әдісі; аумақтың жабдықтарының және оның техникалық пайдаланының ережесі; өндірістік жоспарлаудың әдісі туралы білім |
|
3 Ф |
Жасанды құрылыс |
Жоспар, кесте, жабдықтар, материалдар, шикізаттар, құрал-саймандар |
3-1 М Бекітілген өндірістік кесте және жоспарға сәйкес бригадаға және жеке жұмысшыларға өндірістік тапсырмалар белгілеу, құрал-саймандарды, материалдарды, шикізаттарды, жабдықтарды пайдалануда көрсеткіштерді жоспарлау. |
Қол астындағы жұмысшыларының. бригада жұмысын нәтижесін бағалау, алған тапсырмаларын нақтылау, міндеттер қою |
Өндірістік міндеттерді орындау жұмыстарының әдісі, принципі және ыңғайы туралы білім.Еңбекті ұйымдастыру және басқару, экономика негізі; ішкі еңбек тәртібі; заңдағы негізгі еңбек тәртібі туралы білім |
Жасанды құрылыс |
Жұмыс уақытын есепке алатын алғашқы құжат |
3-2 М Жұмыс уақытын есепке алатын алғашқы құжатты өз уақытында толтыру және дұрыстығын қамтамасыз ету, орнатылған аумақ бойынша өндірістік әрекеттердің нәтижесін талдау |
Қол астындағы жұмысшыларының. өндірістік әрекеттердің нәтижесін бағалау, алған тапсырмаларын нақтылау, міндеттер қою |
Еңбекті ұйымдастыру және басқару; теміржол көлігі жұмысшыларының жұмыс уақыты және демалу уақыты жағдайы; ішкі еңбек тәртібі ережесі; еңбек заңының негізі; туралы білім; еңбекті мотивация және ынталандыру әдісі туралы білім |
|
Жасанды құрылыс |
Техника қауіпсіздік, еңбек қорғау ережесі |
3-3 М Жұмысшылардың еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік ережесі, өндірістік және еңбек тәртібі, ішкі еңбек тәртібі ережелерін орындалуын басқару. жұмысшылар мен бригадирлердің біліктілігін және профессионалдық шеберлігін арттыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру |
Қол астындағы жұмысшылардың еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелерін ұстану нәтижесін бағалау, алған тапсырмаларын нақтылау, міндеттер қою. Өткізілген жұмыста нұсқаулық және техникалық шарттардың ережесін жеткіліксіз білімін анықтау |
Еңбекті, еңбекті қорғау нормасы және ережесі, техникалық қауіпсіздік, өндірістік тазалық сақтау және өрт қауіпсіздігі ережесі, мотивация және ынталандыру әдісі туралы білім |
Ескертпе: М – Мақсат.
«Темір жол магистральдық жүйесінде жасанды
құрылыстарды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау»
кәсіби стандартына
5-қосымша
Келісу парағы
Ұйым атауы |
Келісу күні |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
Осы КС _______________________________ тіркелді.
Кәсіби стандарттардың реестріне № ______________________ тіркелді.
Хат (хаттама) № ___________ Күні _________________