"Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеуге арналған өтінім мен сауалнама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 335 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 412 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 20 желтоқсанда № 9008 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1293 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1293 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңының 4) тармақшасы 5-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеуге арналған өтінім мен сауалнама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 335 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7214 тіркелген, 2011 жылғы 18 қазандағы № 501-502 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрығына келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшасы қосымшаға сәйкес жаңа редакциясын жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитеті (Е.К. Хаиров) белгіленген заңнамалық тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;
      2) он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтүзбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары –
      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа технологиялар
      министрі                                           Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы           
Премьер-Министрінің орынбасары –    
Қазақстан Республикасының        
Индустрия және жаңа           
технологиялар министрінің        
2013 жылғы 12 желтоқсандағы         
№ 412 бұйрығына қосымша          

Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің орынбасары – 
Қазақстан Республикасының  
Индустрия және жаңа      
технологиялар министрінің   
2011 жылғы 21 қыркүйектегі  
№ 335 бұйрығына 2-қосымша   

Нысан

Арнайы экономикалық аймақ
қатысушысы ретінде тіркеуге арналған сауалнама

1. Жалпы мәлiметтер:

Заңды тұлғаның толық атауы


Құрылтайшылар туралы мәліметтер (атау, тегі, аты-жөні, әкесінің аты, қатысу бөлігі)


Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні


Бизнес теңестірілген нөмірі


2. Мекенжайы:

Өңір (ел, облыс, аудан)


Елді мекен


Көше


Үй №


Индекс


e-mail


Телефон


Факс


3. Банктiк деректемелерi:

Қызмет көрсетуші банк


Есеп шот №


Бірінші басшы (Тегі Аты Әкесінің аты)


Байланушы тұлға (Тегі Аты Әкесінің аты), телефоны


4. Арнайы экономикалық аймақтағы инвестициялық жоба туралы ақпарат:

Сала


Кіші сала


Өнім түрі


Қызмет түрi


Жылдық айналым, теңге


Тұрақты жұмыс орын саны, адам


Қосымша ақпарат


5. Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңының 9-бабының 2-тармақшасының талаптарына сәйкес өтініш беруші туралы ақпарат:

Жер қойнауын пайдаланушылар


«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, акцизделетін тауарларды өндіретін ұйымдар


арнайы салық режимдерін қолданатын ұйымдар


инвестициялық салықтық преференцияларды қолданған ұйымдар


ойын бизнесін ұйымдастырушылар


Бірінші басшының тегі, аты-жөні әкесінің аты: _______________________

                                        Қолы: _______________________

М.О.       

20__ жылғы «___»________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады