Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 283 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 23 желтоқсанда № 9013 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 687 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.11.2015 № 687 бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағын және Республикасы Президентінің Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереженің 20-тармағының 7) тармақшасын орындау тұрғысында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Агенттіктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары бекітілсін.
      2. Персоналды басқару қызметі Агенттіктің Заң департаментімен бірге заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны 10 күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жолдасын.
      3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Интернет-ресурсында міндетті жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің жауапты хатшысына және аумақтық органдардың басшыларына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                           Ә. Смайылов

Қазақстан Республикасы     
Статистика агенттігі төрағасының
2013 жылғы 29 қарашадағы   
№ 283 бұйрығымен       
бекітілген          

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің және оның
аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерінің
қызмет этикасының қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағына және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.
      2. Осы Қағида Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерінің өз қызметтік міндеттерін орындау, әріптестерімен және азаматтармен қарым-қатынас жасау барысындағы мінез-құлқының негізгі нормаларын анықтайды.
      3. Осы Қағиданың мақсаттары:
      1) Агенттіктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілері өздерінің кәсіби қызметін лайықты орындауы, сондай-ақ мемлекеттік қызметші беделін, азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға жәрдемдесу үшін олардың Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының негізгі стандарттарын сақтауы;
      2) Агенттікте және оның аумақтық органдарында қолайлы
моральдық-психологиялық климатты жасау және қолдау болып табылады.
      4. Агенттіктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік
қызметшілері:
      1) статистикалық қызметті жүзеге асыру кезінде жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауы;
      2) өз жұмысында адалдық және адамгершілік танытуы, кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде кішіпейіл болуы;
      3) Агенттіктің және оның аумақтық органдарының тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін қызметтік міндеттерін адал және жоғары кәсіби деңгейде орындауы;
      4) қызметтік субординацияны сақтауы;
      5) лауазымдық міндеттерін адал орындауға кедергі келтіретін, қандай да бір жеке, мүліктік (қаржылық) және өзге де мүдделердің әсерімен байланысты әрекеттерді болдырмауы;
      6) әріптестеріне көмектесуі және білімімен, тәжірибесімен бөлісуі;
      7) қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерге анық орындалмайтын тапсырмалар бермеуі және олардың қызметтік міндеттерінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуі;
      8) қарамағындағы қызметкерлеріне қатысты қызметтік жоғарлауына кедергі келтіруге, мансаптық жоғарылауы кезінде кәсіби, іскерлік, және жеке қасиеттерін әділ емес бағалау фактілеріне жол бермеуі, адамдық қадір-қасиеттерін кемсітуге, дөрекілік, жөнсіздік танытпауы тиіс;
      9) қарамағындағы мемлекеттік қызметшілердің өз функцияларын және міндеттерін орындау барысындағы бастамашылығын қолдауы және көтермелеуі;
      10) өз жұмыс уақытын тиімді пайдалануы және басқалардың жұмыс істеуіне кедергі келтірмеуі;
      11) тікелей басшыны хабардар ете отырып, жұмысты орындауға кедергі келтіретін немесе қиындық тудыратын себептер мен шарттарды жою бойынша шараларды қабылдауы;
      12) Агенттіктің және оның аумақтық органдарының лауазымы бойынша жоғары тұрған мемлекеттік қызметшісіне өзінің жүріс-тұрысымен этика мен іскерлік этикет нормалары мен қағидаларын жақсы меңгергенін көрсетуі тиіс.
      5. Агенттіктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілері өз әріптестеріне және басқа азаматтарға қатысты қызметтік мінез-құлқында:
      1) жынысына, жасына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, әлеуметтік, мүліктік немесе отбасылық жағдайына байланысты кемсітушілік сипаттағы пікір айтудан және іс-әрекеттерден;
      2) дөрекілік, менсінбейтін дауыспен, теріс түсінік, заңсыз және жазықсыз кінә арту;
      3) шиеленісті жағдай туғызатын қорқыту, кемсіту сөздерін айтудан бас тартуы тиіс.
      6. Агенттіктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілері азаматтармен қарым-қатынас кезінде сыпайы, кішіпейіл болуы керек және азаматтарда олардың мінез-құлық мәдениеті және кәсібилігі туралы жағымды пікір қалыптастыруға ықпал етуі тиіс.
      7. Агенттіктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілері Ар-намыс кодексімен белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қатысты мінез-құлықты сақтауы тиіс.
      8. Агенттікте және оның аумақтық органдарында мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа қабылдау кезінде кемсітушіліктің кез-келген түріне жол берілмейді. Кадрларды таңдау және жылжыту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады